Ренессанс және Жаңа дәуір философиясы



бет9/12
Дата07.02.2022
өлшемі24,95 Kb.
#90898
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тақырып№5 2

Джордж Беркли (1685-1753 жж.) - субъективті идеалист, епископ. Негізгі еңбегі «Адам білімінің бастауы туралы трактат» (1710). Оның пайымдауынша, адам тек өз «идеясын» (түйсік, сезіну) қабылдайды, заттың өмір сүруі - сезімде қабылдануында. Идеялар ақыл мен ерікке тәуелді. Осы солипсизмнен (тек бір танушы субъектінің өмір сүретінін мойындайтын философиялық ілім) құтылу үшін ол рухани субстанцияның көптігін, «шексіз рух - Құдайды» мойындайды. Кейін неоплатонизмді, идеялардың Құдай ақылында мәңгілік өмір сүретінін жақтады. Атеизмді қаралау үшін «материя» ұғымын сезімде берілмейді деп жоққа шығаруға тырысады. Локктің бірінші және екінші қасиеттері ілімін сынайды.
Жаңа Заман философиясында XVIII ғ. ерекше орын алған бағыт, ағартушылық кезең. Көрнекті өкілдері: Францияда - Вольтер, Руссо Ж., Гельвеций К., Ламетри Ж., Дидро Д., Гольбах П., Германияда - Лессинг, Гердер И., Англияда - Локк Д., Толланд Д., Юм Д. Ағартушылық кезеңдегі ойшылардың бәрін қайта өрлеу дәуіріндегі адамның шексіз мүмкіндігіне сену, өмірді ақылға сүйеніп өзерту, жаңа ғылым жетістігіне ұмтылу біріктіреді. Ағартушылар шіркеуді, дін ұстанымдарын сынап, абсолютизм мен метафизикаға қарсы шықты. Дін атаулының бәрі - надандықтың, жоққа нанудың және қаталдықтың ертедегі ескерткіші деді Гольбах. Олар қоғам өмірінің барлық жағын реформалаудың тиянақты концепциясын қарастырып, қоғамдық игілікке бағыттады. Олардың бар көңілі белсенді әрекеттенуші адамға, оның дүниені танып өзгертуіне, ақылға сүйеніп әлемнің қожасы болуына арналды.
Француз ағартушыларының өкілі Вольтер (1694-1778 жж.) жазушы, философ және публицист. Аса қатаң түрде шіркеуді сынады, оны үстем таптың мүддесін қорғаушы, ғылым мен білімнің жауы деп санады. Ол әрекетсіз оптимизмге күлді, еркін ойшылдыққа, өз бақыты үшін күресетін іскер адам болуға шақырды. Ол материяның мәңгілік және таралмайтындығы, тәуелсіз өмір сүретіні және мәңгі қоғалыста болатыны, табиғи және қоғамдық құбылыстардың себептілікке бағынатындығын мойындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет