Key words:
word-formation base, word-formation nest, cognitive aspect, pragmatics,
semantic field.
Әлемдік лингвистикадағы адам факторына негізделген тілдің
когнитивтік,
функционалды-семантикалық,
коммуникативтік
және
прагматикалық
қырын терең және
жан-жақты талдауға, саралауға, зерделеуге бағытталған. Бүгінгі таңда тіл білімінде
зерттеулер екі бағытта жүргізіліп келеді: бірі – тілді кешенді (когнитология, мәдениеттану,
179
әлеуметтану, логика, философия, психология т.б.) сабақтастықта зерттеу; екіншісі – дәстүрлі
грамматиканың заңдылықтарына сүйене отырып, тілдің құрылымдық жүйесін терең және тіл
табиғатындағы ұлттық ерекшелікерін толық ашып көрсету мақсатындағы тілдік бірліктердің
тұлғасы мен мазмұндық табиғаты, оның арақатынасын ішкі заңдылықтары тұрғысынан
зерделеу, талдау.
Түркі тілдеріндегі етістікті когнитивтік, функционалды, коммуникативті-
прагматикалық аспектіден қарастыру бүгінгі күн талабынан туындайды. Тілдік бірліктердің
мағыналық семантикалық табиғатын зерттеу оның мағынасы мен функционалды-
прагматикалық қызметі, қолданыс заңдылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік береді және
тілдік бірліктердің негізгі қызметімен байланысты заңдылықтарды ашуға жол ашады.
Қоғамдық сұраныспен сәйкес міндеттердің бірі – тілдік таңбаның
семантикалық-мағыналық,
семантикалық өріс
жағына қатысты мәселелер. Түркітануда етістікке қатысты пікір айтқан
және арнайы зерттеу нысаны еткен еңбектерде етістік және күрделі етістіктің құрылымдық
және жасалу тәсіліне қатысты сөз болды. Етістікке қатысты арнайы зерттеулер мен
талдаулар жасаған түркологтар Н.К. Дмитриев, А.Н. Кононов, Н.П. Дыренкова, Н.А.
Баскаков, М.В. Насилов, Э.Р. Тенишев, А.А. Юлдашев, М. В. Зайнуллин, А.А. Коклянова,
А.Қалыбаева, Ы. Маманов, Н. Оралбаева, М. Оразов, Е.Қажыбек, Б. Қасым, А. Салқынбай, Қ.
Қасабекова т.б. ғалымдар зерттеулерінде және әр кезеңде шыққан түркі тілдеріндегі
грамматикаларда сөзжасамның тәсілдеріне қатысты ғылыми ойлар беріледі. Түркітануда
етістіктердің мағыналық жіктелуі жайлы бастапқы мағлұмат берген Н.К. Дмитриев башқорт
тіліндегі етістіктерді төрт мағыналық топқа бөледі:
қозғалу
,
іс-әрекет
,
сөйлеу
және
ойлау
етістіктері [Дмитриев, 1948, 177-179]. А.А. Юлдашев етістікке қатысты еңбегінде
етістіктердің сөзжасам тәсіліне көбірек тоқталған туынды етістік, күрделі етістік,
аналитикалық формаларға қатысты көмекші етістіктердің мағынасы мен қолданылу
ерекшеліктеріне талдау жасайды [Юлдашев, 212-236].
Н.А. Баскаков қарақалпақ тіліндегі
кел
және
түс
етістіктерінің қолданылу барысында
ерекшелік бар екенін көрсетеді.
Түс
етістігі жоғарыдан төменге қарай бағытты білдірсе,
кел
етістігі субъектіге қарай бағытты білдіреді дейді. Ал
кет
етістігі керісінше субъектіге
қарама-қарсы бағытты білдіретіндігін айтады. Етістіктерді жеті семантикалық топқа бөліп
қарастырады:
іс-әрекет, күй, қозғалу, ойлау және тіл, қабылдау, түйсіну, сезім және көңіл-
күй, дыбысқа
және образға
еліктеуіштер
деп бөледі [Баскаков, 313-330].
В.Ф. Вещилова түрік тіліндегі етістіктерді 4 лексика-семантикалық топқа жіктеген: 1)
қозғалыс бағытын білдіретін етістіктер; 2) қозғалыстың амал-әрекеттін білдіретін етістіктер;
3) өмірдегі процестерді білдіретін етістіктер:
тамақтану, сезу-түйсіну, көру, сөйлеу,
тыңдау, сезім, ойлау
т.б. 4) табиғатын құбылыстарын білдіретін етістіктер. Сонымен қатар
қозғалыс етістіктерін морфологиялық құрылымы жағынан төмендегідей топтарға бөлген:
түбір, туынды
(есім) және
күрделі
[Вещилова, 1962, 101-115].
Орыс тіл білімінде козғалыс етістіктерінің сөзжасамдық қабілеті туралы көп зерттелген.
Орыс тілі сөзжасамында қозғалыс етістіктері етістік жүйесінде және сөзжасамдық база
ретінде негізгі орынды алады. Мәселен, В.В. Лопатин, Е.А. Земская, И.С. Улуханов, З.Д.
Попова, А.Н. Тихонов етістіктердің сөзжасамдық парадигмасындағы мүмкіндігін анықтайды
және соған қарамастан қозғалыс етістіктеріне ғалымдар тарапынан қызығушылық бар дей
келе, бүгінгі күн әлі толық қамтылмаған тұстары мен зерттелмеген қырлары бар екенін
айтып: «До сих пор не предпринималась попытка выявить словообразовательный потенциал
глаголов движения в синхронном аспекте, не произведен целостый анализ прозводных от
глаголов неоднонаправленного движения» деп әлі де қозғалыс етістіктерінің синхрондық
тұрғыдан толық талдау жасалмағанын алға тартады [Попова, Стернин, 2007, 267]. Бұл
зерттеулерде суффикстік сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер мен олардың
180
тұлғалық құрамы жақсы көрсетілген. Осымен байланысты сөзжасамдық ұя туралы Н.
Оралбаева орыс тіл біліміндегі пікірлер мен ойларды тұжырымдай келе: «Сөзжасамдық ұя –
бір түп негіз сөзден сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған, жүйеге түскен, жиынтығы» деп
анықтама берген [Оралбаева, 1989, 51]. Бұл анықтамада сөзжасамдық ұяның бір түпнегізден
және одан жасалған туынды сөздерден құралатынын, ұядағы әр туынды сөздердің өзіндік
жүйеден тұратындығы, олар белгілі құрылымдық жүйені сақтап орналасатыны, туынды
сөздердің тілде
аталым
(номинация) қызметін атқаратыны тұжырымдалған. Әрине,
сөзжасамдық заңдылықтардың жалпы мәселесі болғанымен қозғалыс етістіктеріне де қатысы
бар.
Тілдік зерттеу – тілдің лексикалық қабаты, сөзжасамдық және грамматикалық
құрылысы мен заңдылықтары, морфемдік бөлшектері, грамматикалық категориялармен
байланысты сараланады және солардың негізгі мағыналары мен функционалды-
прагматикалық қызметіне қатысты болады. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты
заңдылықтармен ұштасады [Қасым, 2015]. Бұл орайда тілде кең қолданысқа ие қимыл, іс-
әрекеттердің қозғалысын көрсететін категорияны «
Достарыңызбен бөлісу: |