2-сұрақ. Ресей қоғамның әлеуметтік структурасы. Россияның экономикалық дамуының ерекшеліктері қоғамның әлеуметтік структурасынан бейнеленді. Феодалдық қоғамның сословьелері – помещиктер мен шаруалар сақталды, сонымен қатар жаңа таптар да қалыптасты.
1897 ж. халық санағының нәтижелері бойынша Россияның сословьелік жағдайы төмендегідей болды.
1. шаруалар-71,1%
2. Мищандар -10,7%
3. Казактар- 2,3%
4. Дворяндар -1,5%
5. Көпестер -0,5%
6. Дін иелері-0,8% т.б. паупер элементтер.
Ең жоғарғы сословье дворяндар сословьесі болды. Олардың өзі біртекті болған жоқ. 1. Ұсақ поместьие дворяндары (100 және 500 десятина)
Ірі поместьиелі дворяндар (500-5000 десятина жері бар).
ХІХ ғ. аяғында шенеуніктердің 75 %-і, армия мен флоттағы офицерлер құрамының 90 %-і дворяндардан құралды. Дегенмен де бұл сословьелік жүйе елдегі әлеуметтік өзгерістерді толық сипаттай алмады. Ең басты сословье помещиктер мен дворяндар арасында әлеуметтік жіктелу болды. Помещиктердің бірқатары күйзеліске ұшырады, бірқатары өздерінің қожалықтарын капиталистік даму жолына салды.
Ресей әлеуметтік структурасындағы ең басты тап шаруалар. 97 млн. ауылшаруашылық тұрғындарының 48%-кедейлер, 29% ауқатты шаруалар, 3% пролетарлық элементтер, патрактар. Ауылшаруашылығының капиталистік дамуына басты кедергі село қауымының сақталуы. Қауымдық дәстүрлердің сақталуы анти меншіктік менталитет қарпынды қожалардың, меншік иелерінің қалыптасуына кедергі жасады. ХХ ғ. басында шаруа жерлерінің 4/5 бөлігі қауым қарауында болды.
Шаруалардың үлес жерлері 15-десятинадай болды. Қожалықтың товалы сипаты төмен болды. Күйзеліске ұшыраған шаруалар жаппай қосалқы табыс көздерін іздеп, қалаларға кетті, сөйтіп,жартылай пролетарларға айналды.
Ресейдің әлеуметтік дамуындағы жаңа бір көрсеткіш өнеркәсіп пролетариаты мен буржуазияның қалыптасуы болды. 60-90 ж. пролетариат саны 706 мыңнан 1 млн. 432 мыңға дейін өсті. Пролетариат ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы тарихи оқиғаларда үлкен роль атқарды.
Өнеркәсіп буржуазиясы да олардың арасынан кейіннен атақты өнеркәсіп саласын ұйымдастырушылар шықты. Атақты Н.И. Путилов, Бахрушин, Рукавишников т.б.
Ресейдің қоғамдық тұрмысында интелегенцияның маңызы зор болды. Реформа дәуірінде білім, ғылым дамыды.
Ресей қоғамындағы әлеуметтік өзгерістердің бір көрінісі урбанизация болды. 1863-1897 жж. қала халқы 2,5 есе өсіп 16,7 млн-ға жетті. Москвада 1,04, Петербургта 1,3 млн. халық тұрды. Тұтастай алғанда Россияның халқының 18%-і қалаларда тұрды.