Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы



бет128/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   194
2-сұрақ.
Декабристер қозғалысынан кейін 1825-1855 жж. орыс тағына Николай І отырды. Бұл кезеңді тарихта «самодержавиялық құрылыстың шырқау шегі» деп анықтайды. Батыс Европа елдерінде монархиялық абсолютизм дағдарысы ең соңғы кезеңге келіп, мемлекеттік құрылыс конституциялық формалар алып жатқан жағдайда, Россия самодержавиялық биліктің ең жоғарғы сатысына көтерілді. Көптеген тарихшылардың пікірінше Ресей абсолютизмі бірте-бірте дөрекі деспотизммен, жеке билікке ауысты. Самодержавиялық құрылыс ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасты, алайда оның сыйпатында патшаның жеке тұлғасы ерекше байқалып тұрды.
Патшалық құрған алғашқы айлардан бастап Николай І реформа мәселесін көтерді. Бұл реформалар самодержавиялық құрылыстың негізін өзгертпейтін нәтижелермен аяқталуға тиісті болды. Реформаны дайындау және оны жүзеге асыру бағытында В. Кочубей және М. Сперанский тұрды.
1826 жылы ерекше құпия комитет құрылды. Бұл комитет сословиелік және әкімшілік реформаның жобаларын даярлады. Жоба бойынша «мемлекет қажетіне сай бірқатар өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді жетілдіру» деген міндет қойылды.
Николай І тұсында патша концеляриясының ІІІ-Бөлім деген құрылды. Оны генерал-адъютант А. Бенкендорф басқарды. Бұл бөлім саяси қайраткерлер үстінен бақылауц жүргізді және баспасөз, мемлекеттік мекемелер, университеттер тұрмысын да бақылады.
Николай І тұсында орыс правосын кодификациялау ісі қолға алынды. Нәтижесінде «Ресей империясының толық заңдар Жинағы» шықты, яғни, Екатерина ІІ кезеңінде басталған қызмет аяқталды. 1828-1830 жж. 45 томдық жинақ шықты. Бұл жинаққа 1649-1825 жж. аралығында шыққан 31 мың заң актілері кірді, сонымен қатар 1825-1830 жж. аралығындағы 6 томдық заңдар жинағы шықты, бұл Николай І, Александр ІІ кезінде шыққан заңдар болатын. Александр ІІІ және Николай ІІ кезеңінде заңдар «Үшінші жинақ» деп аталды. Тұтастай «Ресей империясын толық заңдар жинағы» 132,5 заң актілерінен тұратын 133 томдық тарихи документ болып саналады.
Николай І кезеңіндегі негізгі идеялогиялық концепция «самодержавия, провеславия және халық» деген болды.
Бұл концепцияның авторы халық ағарту министрі граф С.С. Уваров болатын. С.С. Уваровты жақсы білген С.М. Соловьев оны «өте ақылды, айлакер холоп» деп атады. Халық ағарту ісінің министрі ретінде Уваров Ресей оқу ағарту ісін европалық мазмұнға көтеріп, шетелдік тәрбие принциптерін енгізуге ұмтылды.
Оқу ағарту саласында бірқатар шешімдер қабылданды. Мысалы: 1828 жылы «Уезд және приход училищелермен гимназияларының Уставы» қабылданды. Устав бойынша бастауыш және орта дәрежелі білім беру 3 категорияға бөлінді. 1) Төменгі сословие балалары үшін бір сыныптық училище де оқу, жазу және арифметика. 2) Көпес және мещан балалары үшін 3 жылдық училищеде геометрия, география, тарих пәндері; 3) Дворян және чиновник балалары үшін 7 жылдық гимназия да оларды университеттерге түсу үшін даярлады.
1835 жылы 26-шілде де (Ресей университеттерінің жалпы уставы деген қабылданды). Устав университеттің автономиялық праволарын бірқатар қысқартқанымен университетердің ректорын, оқытушылар тобын жұмысқа қабылдау университет кеңесінің қолында қалды. Университет жай ғылыми орталық емес, гимназия оқытушыларын, мемлекеттік қызмет чиновниктерін даярлайтын орталыққа айналды. Университеттерде философия, тарих ғылымдары, Петербург университеттерінде шығыс тілдері мен шығыс елдер тарихы оқылды, Қазан университетінде физика, математика пәндеріне ерекше мән берілді.
В.И. Ленин Пятидесятилетие падения креп. права (Полн. соб. соч. Т.20).

В.И. Ленин Крестьянская реф-а и пролетарско-крест. Рев-я. п. с.с. т. 20.


Феодоров В.А. Падение крепостного права в России. Док. и материалов


В 3 вып. М., 1966-1968.

Дружинин Н.М. Русская деревня на переломе.


1861-1880. М., 1978.

Зайончковский П.А. Отмена креп. право в России. 3-е изд. М., 1968.


Литвак Б.Г. Переворот 1861 года в России: почему не реализовалась реф-ая альтернатива. М. Изд. полит. литературы 1991 год.


Эйдельман И. «Рев-я сверху» в России. Наука и жизнь, 1988. №10-12;1989,№1-3


Заинчиевский Проведение в жизнь кр. реф. 1861 г.


Рев-ная ситуация в России в 1885-1861 гг. М. 1962.


Крест. движение в 1861 году после отмены крепосного право.


Ч. І-ІІ М.-Лен. 1949.

Ю. Б. Соловьев. Сам-е и дв-во в конце ХІХ века.


Захарова Л.Г. Самодержавие и отмена крепосного право в России. 1856-1861 г.


М. 1984 г.

Великие реформы в России 1856-1874 гг. Под. Редакции Л.Г. Захаровой.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет