2-сұрақ. 30 ж. КСРО әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер. 20 ж. басында Кеңес одағы индустрилизация процесінің алғашқы сатысында ғана тұрды. І бесжылдық кезеңінде елде өндірілген ұлттық табыстың 20-25 % өнеркәсіп саласы берді, ал, ауыл шаруашылығы 50% берді. Егер Батыс елдерімен салыстыратын болсақ, КСРО-да электр энергиясын өндіру АҚШ-пен салыстырғанда 20 есе, болат қорыту 13 есе, шойын қорыту 13 есе кем болды.
Әлеуметтік және мәдени саланы алатын болсақ, 1926 ж. халықтың 43 % сауатсыз болды.
Сонымен елдің объективті дамуы тек қана индустрилизация жолында жатты. Индустрилизация КСРО-да социолизм құрудың ең басты міндеті болды.
Индустрилизация стратегиясы «Халық шаруашылығын дамытудың І бесжылдық жоспарының директиваларында» анықталды. 1928-1933 жж. қамтыған І бесжылдық жоспарында экономиканы жеделдету идеясы басым көрініс тапты.
И.В. Сталин баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде социолистік құрылыс пен индустрилизациялық қайта құру стратегиясының жаңа варианты ұсынылды. 20 ж. аяғында индустрилизация процесінің жетекші саласы болып, ауыр өнеркәсіпті дамыту міндеті қойылды.
30 ж. шаруашылық саясатты өзгертіп, ЖЭС саясатын демонтаж жасаудың себеп салдарлары қандай еді? 1927-28 жж. елде астық дайындау дағдарысы болды. Шаруалар мемлекет белгілеген бағаға астықтарын мемлекетке өткізуден бас тартты, нәтижесінде қалаларды, армияны нанмен қамтамасыз ету проблемасы пайда болды. ВКП (б) ОК шешімі бойынша деревняда төтенше саясат жүргізілді, ауқатты шаруалардан астық күшпен тартып алына бастады, мыңдаған комунистер деревняға жіберіліп, партия ұйымдарының жұмысына көмектесті.
Экономикалық саясаттағы күрт өзгерістер ВКП (б) ОК Саяси бюро мүшелер арасында пікір таласын туғызды. Бухарин Н.И., Рыков, Томский дағдарыстың басты себебі экономиканы ұйымдастыру механизмінде және баға саясатында жатыр деді. Олар дағдарыстан шығудың басты жолы экономикалық әдіс деп білді, ал, Сталин оны «кулак стачкасы» деп бағалады.
Социолизм дағдыры және шаруалар мәселесі жөніндегі саяси күштердің түпкілікті көзқарастарының алшақтығы 1929 жылғы апрель Пленумында байқалды. Бухарин ЖЭС –тың тоқырауының басты себебі Сталиннің позициясына байланысты екендігін айтты. Индустрилизация процесі ауыл шаруашылығымен қосарлана дамығанда ғана нәтиже беретіндігі айтылды.
Партия ішіндегі күрес, әрине, Сталиннің пайдасына шешілді. Н.И. Бухарин, А.И. Рыков, М.П. Томский Саяси бюро құрамынан шығарылды. Бұлар социолистік құрылыстың ұтымды стратегиясын ұсынған Сталиннің саяси оппоненттері болатын.
1929 ж. күзде Сталиннің ининситивасымен «ұлы төңкеріліс» саясаты ұсынылды, яғни, І бесжылдық жоспарының барлық көрсеткіштері өзгертілді, бұл бүкіл экономикалық байланыстардың жүйесін қиратты.
1933-1937 жж. ІІ бесжылдық жоспар міндеттерін анықтауда да осындай волюнтаристік саясат қолданылды.
Коллективизация процесі тездетілді. 1929 ж. орта шаруалардың колхоздарға кіруі аяқталды деп, жаппай коллективизация саясаты қанат жайды. Колхозға кірмегендерді кулак деп жариялады. Мал - мүліктерін тәркіледі. 1929 жылы шаруа қожалықтарының 3 % кулак қожалықтары болатын. Кулактардың 20 % репрессияланды, бұл 10 млн-дай адам болатын. Жаппай коллективизация негізінде кулактарды тап ретінде жою саясаты 30 жж. Ресей деревнясын ең трагедияға толы кезеңі болды.
Міне, осы саяси бағыт елді басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесін қалыптастырды.
20-30 жж. аралығында елдің мәдени тұрмысында елеулі өзгерістер болды. 1927 ж. 119 мың мектеп, 1200 жоғары оқу орындары мен техникумдар қызмет жасады. 1930 ж. маусым-тамыз айларындағы КСРО Халық комиссарлар Советінің «жаппай міндетті бастауыш білім және сауатсыздықты жою» туралы қаулыда білім саласындағы саясат анықталды. 1930-1931 жж. 4 жылдық бастауыш білім енгізілді. Сол сияқты жоғарғы білім беру және орта дәрежелі білім беру жүйесі дамыды. 1940 ж. елде 4600 –дай жоғарғы оқу орындары қызмет жасады. КСРО оқушылар және студенттер саны жөнінен әлемде бірінші орынға шықты.
Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында жаңалықтар ашылды. 1928 ж. химик С.В. Лебедев этил спиртінен синтетикалық каучук алу әдісін ашты. Ядорлық физика ғылымында космостық сәулелерді анықтау әдісі ашылды. 1930 ж. К.Э. Циолковский космосты игерудің теориялық проблемаларын зерттеді.
1922 ж. В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясы ашылды. 1937 ж. елде 867 ғылыми – зерттеу институттары қызмет жасады.
Ғылым саласындағы репрессиялық саясаттың мазмұны, барысы көпшілікке мәлім. Мысалы: Н.И. Вавилов, С.П. Королев сияқты ғұлама ғалымдардың дағдыры осыған мысал.
Әсіресе, әдебиет және искусство саласында жағдай трагедиялық сипат алды. Шығармашылық әдістің бірден-бір әдісі «социолистік реализм» деген ұсынылды. Тоталитарлық мемлекеттің осы саясат шеңберіне симаған көптеген әдебиет, мәдениет қайраткерлері репрессияға ұшырады. (О. Мандельштан, Б. Пастернак, М. Булгаков).