Елдің 1921-1927 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық дамуы. Жаңа экономикалық саясат және оның мәні. 1922-1924 ж. Ақша реформасы. Өндірістегі жеке кәсіпкерлік;
1920 ж. саяси күрес. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: барысы, әдістері, қорытындылары;
КСРО-ның Конституциясының қабылдануы. Әскери реформа;
КСРО-ның құрылуы; 30 ж. КСРО –ның әлеуметтік-экономикалық мәдени өзгерістер.
Совет қоғамының саяси жүйесі.
21-дәріс. 20-30 жж. Кеңес мемлекеті. 1-сұрақ. Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы Кеңес қоғамы. 20 ж. басында азамат соғысы аяқталғаннан кейін елде күрделі жағдай қалыптасты. 7 жылға созылған соғыс елдің ұлттық байлығын 50 % жойып жіберді. 1920 ж. өнеркәсіп өндірісі 7 есе, шойын қорыту 33 есе, болат балқыту 22 есе қысқарды. Транспорт қирап, ауыл шаруашылығында да өте қиын жағдай қалыптасты. 1921 ж. ауыл шаруашылығының өнімі 1913 ж. 60% ғана берді.
Экономикалық күйзеліс жұмыссыздықты туғызып, жұмысшы табы пауперизацияланды. Экономикалық қиындықтар елде саяси дағдарыс туғызды. Жұмысшылар мен шаруалар «Әскери комунизм» саясатына қатты наразылық білдірді. Қалалар мен деревняларда әртүрлі деңгейде қобалжулар мен көтерілістер болды. Мысалы: 1921 ж. Орта Поволжье, Дон, Кубань, Батыс Сібір аудандарында шаруа қозғалыстары басталды, әсіресе Тамбов, Воронеж губернияларында эсер А. Антонов бастаған ірі көтеріліс болды. РСФСР территориясында 150 мың адам қатынасқан шаруа көтерілісі болды. Көтеріліс ұрандары «Азық-түлік салғырты жойылсын!», «Сауда еркіндігі!», «Комунистерсіз Кеңес!» деген ұрандар көтерілді. Армия мен флотта да қозғалыс болды. 1921 ж. наурыз айында Балтық флотындағы ең ірі әскери - теңіз базасы Кронштад мотростары көтеріліс ұйымдастырды. Бұл саяси ұрандармен ұйымдастырылған көтеріліс болатын.
Міне, осы оқиғалар «әскери комунизм» саясатының салдарлары болды. Марксистік теориямен қаруланған большевиктер еңбек құрал –жабдықтарына меншіктің жойылуы товар – ақша қатынасын жояды деп есептеді. Бұл социализм туралы концепция тұжырымдары еді. Бірақ өмір бұл көзқарасты өзгертуді қажет етті.
Кеңес үкіметінің басшылары мемлекеттің экономикалық саясатының мазмұны мен сипатын өзгертпейінше туындаған мәселелерді шешуге болмайтындығын түсінді. 1921 ж. РКП (б) Х съезінде азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру туралы шешім қабылдады. Азық-түлік салығының мөлшері күні –бұрын белгіленді және маусым бойында өзгермейтін болды. Салық төлегеннен кейінгі артып қалған өнімін шаруа енді рынокқа шығарып сатуға мүмкіндік алды.
ЖЭС мәні тек осымен ғана шектелмейді. Жаңа экономикалық саясаттың нақты көрінісі қандай еді?
Ұсақ товарлы өндіріс жағдайында саудаға еркіндік беру елде, сөз жоқ, капитализмді жандандырды.
Өнеркәсіп саласында әртүрлі формадағы мемлекеттік капитализмге (консессиялар, аралас мемлекеттік кәсіпорындар) рұқсат берілді. Жеке капитал өндіріске енгізіле бастады. Бірқатар орта және ұсақ дәрежелі өнеркәсіп орындары бұрынғы қожаларына қайтарылды. Мемлекеттік өнеркәсіп орындарында шаруашылық есеп енгізілді.
Еңбек ақы төлеу жүйесі өзгертілді, оның мөлшері еңбек өнімділігімен анықталды. В.И. Ленин ЖЭС-ның мәнін «Өндіріс күштерді жете дамыту және жұмысшы, шаруа жағдайын көтеру» деп есептеді.
ЖЭС белгілі – бір деңгейде капиталистік қатынастарды туындатып, дамытты. Бұл тұтастпй Кеңес мемлекетіне қауып те төндірді. Алайда Кеңес мемлекетінің қолында шешуші тұтқалар – ірі өнеркәсіп, банк, транспорт, жер, сыртқы сауда болды. Еркін сауда, жер арендасы, жалдамалы жұмыс күші белгілі – бір дәрежеде ғана дамыды. 1923 ж. жазылған Лениннің соңғы мақалаларында, атап айтқанда «Кооперация туралы», «Біз Рапкренді қалайша қайта құрамыз», «Аз да болса жақсы болсын» деген мақалаларында ЖЭС –тың ұзақ мерзімді саясат екендігі туралы айтады. Социолизм туралы көзқарасқа түбегейлі өзгеріс енгізу туралы айтады.
20 ж. ЖЭС бірте-бірте экономикалық тұрмысқа енді. Экономика нарықтық негізде қайта құрыла бастады. Бұл бағыт заң жүзінде бекітілді. Мысалы: 1923 ж. ВЦИК және СНК (Халық комиссарлар Кеңесі) қабылдаған «Комерциялық есепке негізделген мемлекеттік өнеркәсіп орындары туралы» деген Декретте ел экономикасының нарықтық моделінің құқықтық негіздері анықталады. 20 ж. 80 жалпы одақтық, 92 республикалық, 300 жергілікті трестер құрылды. Трестер синдикаттарға бірікті. Синдикаттар өнеркәсіп өнімін сатумен және трестер қажетін қамтамасыз етумен және оларды қаржымен жабдықтаумен айналысты. 1928 жылы 23 синдикат құрылды. Олардың қолында өнеркәсіп товарларын сатудың 90% жинақталды.
Мемлеекттің финанс жүйесін реттеп, тұрақты валютаны қалыптастыру маңызды міндет болды. Ақша реформасы жүргізілді. Реформа буржуазиялық финанс ғылымының ережелеріне сай жүргізілді. 1924 жылы валюта червонц рынокқа шықты. Ол АҚШ-тың 6 долларына тең болатын.
ЖЭС жылдарында Россия капиталистік елдермен экономикалық байланыстар орнатып, әлемдік шаруашылыққа кіріге бастады. Шет елдермен бірнеше келісімдерге қол қойылды. Мысалы: Орыс – Герман акционерлік қоғамы құрылды. Орыс – Австрия акционерлік қоғамы құрылды. Сыртқы сауда комиссариятының кірісі 128 мың долларға тең еді. Сол сияқты Орыс – Американ акционерлік қоғамы да жұмыс жасады.
20 ж. КСРО, Европа, Азия, Америка – 40- таған елдермен 40 мемлекетпен сауда келіссөздерін жасады. 112 келіссөздер жасалынып, 36 аралас акционерлік қоғамдар құрылды.
ЖЭС өте қысқа мерзім ішінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Елдің экономикалық жағдайы түзелді. 1922-27 ж. өнеркәсіп өнімі 30-40 %, ал ауыл шаруашылық өнімі 12% артты. 1925 ж. ірі өнеркәсіп 1913 ж. деңгейге жетті. Сол сияқты транспорт саласында да белгілі – бір ұтымды өзгерістер болды.
Әсіресе шаруа қожалықтары қалпына келіп дамыды. 1926-28 жж. астық өнімі 1913 ж. салыстырғанда 13 есе өсті. Мал басы 10 есе өсті. Сонымен ЖЭС –тың 5-6 жылында соғысқа дейінгі өндіріс көлемі қалпына келді. ЖЭС жылдарында экономиканың барлық уклаттары дамыды. Өнеркәсіптегі социоличтік сектордың үлесі әлде-қайда жоғары болса, ауыл шаруашылығында оның үлесі 1,5% болды. 20 ж. екінші жартысында елде бірқатар экономикалық күрделі жағдайлар туындады. Мысалы: 1926-27 жж. астық дайындау дағдарысы товар бағаларының өсуі т.с.с. Екінші жағынан Ленин қайтыс болғаннан кейінгі елдегі саяси биліктің бір адамның қолына шоғырлана бастауы жаңа экономикалық саясат мазмұнымен принципиальды түрде үйлеспеді.
20ж. аяғында ЖЭС-ның негізгі принциптері бұзылып, ел басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесіне қарай ойысты. ЖЭС-ның тоқырауының себептерін біз қоғамның саяси сферасынан іздейміз. Мемлекеттік директивалық экономика қалыптасты және қоғамның барлық жағына басқарушы партия бақылау орнатты. Ұйымдастырылған либералдық мазмұндағы реформа советтік саяси жүйені реформалаумен қатар жүрмеді. Саяси сферада әміршілдік әдіс үстемділігі орнығып, барлық мәселе күш тұрғысынан шешілді.
20 ж. аяғындағы саяси режим жағдайында тек қана директивалық экономика болуы қақ. 20 ж. большевиктердің экономикалық саясатының тарихи маңызы зор. Американ тарихшысы У.Дэвис айтқандай лениндік ЖЭС әлемдік экономиканың 3 элементін анықтап берді.
1. Экономиканы мемлекеттік саласынан реттеу.
2. Аралас экономика.
3. Жоспарлау.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін осы әдісті Германияда канцлр Эрхард қолданды. Бүгінгі таңдағы Қытай экономикасынан біз ЖЭС-тың принциптерін байқаймыз.