3-сұрақ Саяси жүйені реформалау. 1989 ж. қайта құру тарихының шешуші кезеңі болды. Антигорбачовтік, антикоммунистік кең арналы оппозициялық қозғалыстың обьективтік алғышарттары қалыптасты. Экономиканың дамуындағы негативтік тенденциялар одан әрі күшейіп, тереңдеді. Әлеуметтік мәселелер шиеленісті. 1989-1990 жж. ереуілдік қозғалыстарда экономикалық талаптармен қатар саяси талаптар қойыла бастады. Закавказье, Орта Азияда әскери қақтығыстар бой көрсетіп, Прибалтика республикаларында сепаратизм күшейді. 1989 ж. КСРО халық депутаттарының І съезінің жұмысын маңызды саяси оқиға дейміз, себебі саяси системаны реформалаудың шешуші сатысы осы съезде анықталды.
А.Д. Сахаров КСРО Конституциясындағы 6- статьяны жою туралы және саяси билік туралы Декрет қабылдау жөнінде ұсыныс жасады.Сонымен қатар ұлтаралық қатынастар жөнінде мәселе талқыланады (Тбилиси оқиғалары).
Прибалтика республикаларының делегациясының ұсынысы бойынша 1939 ж. Молотов-Риббентроп пактысы кезіндегі құпия документті талдау жөнінде комиссия құру жөнінде шешім қабылданды.
Съезд барысында ұйымдасқан саяси оппозиция қалыптасты. 150 адамнан тұратын Аймақаралық депутаттар тобы құрылды. Жаз айларында оның саны 388 жетті. Оның 286 РСФСР өкілдері болатын. 29- шілдеде 1989 ж. Аймақаралық депутаттар тобының конференциясы ұйымдастырылды. Конференция жұмысы барысында тең праволы 5 төраға сайланды: Ю.Н. Афанасьев, Б.Н. Ельцин, В. Пальм, Г.Х. Попов, А.Д. Сахаров. Бағдарламалық тезистер жөнінде Б.Н. Ельцин сөз сөйлеп, мынандай принципиальды идеяларды ұсынды:
Жеке меншікті мойындау.
Саяси билікті децентрализациялау.
Республикалардың экономикалық және шаруашылық суверенитетін мойындау.
1989 ж. 2- тамызда СОКП құрамында Демократиялық платформа құрылды. Оның лидерлері В.Н. Лысенко, И.Б. Чубайс, В.Н. Шостаковский көппартиялық жүйені қалыптастырып, СОКП-ны радикалды түрде демократизациялау идеясын ұсынды (демплатформа). Демплатформа КСРО Конституциясының 6-статьясын жою туралы, партия ішінде фракциялық плюрализмді қалыптастыруды, Ресей компартиясын, СОКП парламенттік партияға айналдыру туралы ұсыныстар жасады.
1990 ж. наурызда халық депутаттарының ІІІ-съезінде КСРО президенті лауазымы енгізілді және Конституцияның 6-статьясы өзінің күшін жойды. М.С. Горбачев бұл өзгерістерге баға бере келе «Бұл төңкеріліс, саяси жүйені өзгертудің толық аяқталуы» деген болатын.
Саяси жүйені реформалаумен бір мезгілде Ресей суверинитетін қалыптастыру жөнінде қозғалыс басталды. Бұл одақтық деңгейдегі өте маңызды оқиға болатын.
Саяси жүйенің реформалаудың негізгі мақсаты азаматтық қоғам құру болып табылады. Азаматтық қоғамның басты принциптері саяси билік бұтақтары: заң шығарушы, атқарушы, сот органдарын құру болып табылады.