Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы


-сұрақ. 87-90 жж. қоғамдық қатынастар жүйесін реформалау



бет174/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   194
2-сұрақ.
87-90 жж. қоғамдық қатынастар жүйесін реформалау.
1987-1988 жж. қайта құру саясатындағы маңызды кезең болды. 1987 ж. СОКП ОК қаңтар Пленумында саяси жүйені өзгерту мәселесі қарастырылды. М.С. Горбачев баяндамасында 80 ж. елде тоқырау механизмінің қалыптасқандығы туралы айтылып, оның себептері көрсетілді.
1. Социалистік мемлекеттің институттарының қызметіндегі елеулі кемшіліктер.
2. Саяси және теориялық көзқарастардың ескіруі.
3. Басқару механизмінің консервативтік сипаты.
Сондықтан тежеу механизмін жою үшін ең алдымен социалистік демократизмді тереңдету, халықтың өзін-өзі басқару принциптерін дамыту. Барлық саяси және қоғамдық ұйымдар жұмысын қайта құрып, азаматтық құқық пен еркіндікті қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Пленум «жариялық» саясатын ұсынды. Жариялық қоғамдағы саяси белсенділікті және революциялық қайта құру ұмтылыстарын күшейтті. Қоғамдық белсенділік артты, жаңа әлеуметтік көңіл-күй қалыптасты, көптеген қалаларда дискуссиялық клубтар ашылды, қоғамдық бірлестіктер топтары құрылды. 1987 ж. Ленинградта «Қайта құру» клубы құрылды. Оның мүшелері белгілі экономистер, социологтар, философтар болатын – И.Б. Чубаис, Е.Т. Гайдар, Г.Х. Попов, Н.Я. Петраков т.б. клуб отырыстарында Г.Х. Поповтың «Экономист көзқарасы», Н.Я. Петраковтың «Экономиканы басқару және демократизациялау» деген баяндамалар тыңдалды. Жариялық жағдайында балама баспасөз қалыптасып дамыды. 1987 ж. күзінде елде 100-ден астам бейресми газеттер мен журналдар шықты.
1987 ж. күзінде КСРО-дағы қоғамдық саяси ахуалдың дамуында елеулі өзгеріс болды. Қазан революциясының 70 жылдығына байланысты «Қазан және қайта құру: революция жалғасуда» деген М.С. Горбачев баяндамасында ленинизм идеаларының творчестволық сипатын атай келе, өмір сұраныстарына сай келмейтін догмалардан бас тарту туралы айтты. Сонымен қатар партия ішіндегі дискуссияларды дамытып жаңа шешімдердің озық жобаларын дайындау туралы айтты.
Горбачев баяндамасы қоғамды одан әрі жікке бөліп, әр алуан көзқарастардың қалыптасуына, кейін саяси топтардың құрылуына себеп болды. Әртүрлі саяси компаниялар жүзеге асты. 1988 ж. қаңтарда СОКП ОК жанында 30 ж. репрессияға ұшырағандарды ақтау комиссиясы құрылды.
Кейбір баспасөз беттерінде КСРО-дағы социалистік құрылысқа күмән келтіріле бастады. 1988 ж. басында қайта құру саясатының әртүрлі бағыттары анықталды.

  1. Радикалды бағыт. Оның лидері Б.Н. Ельцин.

  2. Консервативтік бағыт. 1988 ж. Н.А. Андреваның «Принциптерімнен бас тарта алмаймын» деген мақаласы жарияланды. Бұл мақалада қайта құру саясатын бүркемелеп, реформаторлар социализм мүдделерінен бас тартып жатқандығы туралы айтылды. Горбачев тобы бұл пікірлермен келіспейтіндігін жариялады. Б.Н. Ельцинді Москва қалалық партия комитетінің хатшылығынан босатты.

1988 ж. басты оқиғасы ХІХ партия конференциясы болды. Горбачев баяндамасында адам құқығы, құқықтық мемлекет, саяси билік қанаттары, парламентаризм туралы идеялар ашық айтылып, болашақта азаматтық қоғам құру міндеті қойылды.
1988 ж. күзінен бастап ХІХ партия конференция шешімдерін жүзеге асыру жұмысы басталды. А.А. Громыко зейнеткерлікке жіберілді, М.С. Горбачев КСРО ЖК Президиумын басқару міндетін алды. КСРО Конституциясына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, бұл болашақ саяси жүйені реформалауға заңнамалық негіз болды.
1988 ж. ІІ жартысында антикомунистік бағыттағы қозғалыстар күшейді. Демократиялық одақ әртүрлі саяси оқиғаларға байланысты митингілер ұйымдастырып жатты. Мысалы: 1968 ж. Чехословакияға совет әскерлерін енгізудің 20 жылдығына байланысты және «қызыл террордың» 70 жылдығына байланысты оқиғаларды атап өту тұтастай советтік социалистік жүйеге қарсы күреспен үндесіп жатты.
Тұңғыш рет КСРО-дағы қалыптасқан қоғамдық құрылысты күштеп жою әрекеті жасалынды. Прибалтика республикаларында бейресми қозғалыстар өте жоғары деңгейде жүрді 1988 ж. күзде Латвияда, Эстонияда, Литвада Халық майдандары құрылды. Негізгі жау КСРО болды.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет