Петр І –нің сыртқы саясаты. Ресей империясының қалыптасуы. Петр І Россияны қуатты державаға, империяға айналдырды. Ең алдымен халықаралық аренаға шығу қажет болды, ол үшін Қара және Балтық теңіз жағалауларына шығу міндеттері тұрды.
1695-1696 жж. Ресейдің оңтүстік бағытында белсенді саясат жүргізіліп, түріктер қолындағы Азоп бекінісіне екі рет шабуыл жасап ала алмады. Бұл әскери теңіз флотын құру қажеттілігін дәлелдеді. 1696 ж. Азоп бекінісі алынды. Осы жеңіс болашақ жоспарлардың арнасын кеңейтті. Қуатты флот құрып, солтүстік Қара теңіз жағалаулары үшін Түркия мен шешуші күресті бастау жоспарланды. Алайда Осман империясын құлату үшін, Европалық мемелекеттер ішінен одақтас іздеу қажет болды.
1699 ж. Петр Швециямен соғысқа әзірленіп, Даниямен және Саксониямен Солтүстік одақ дегенді құрды. Бұл Солтүстік соғысқа алып келді. Солтүстік соғысты 2 кезеңге бөлуге болады.
1. 1700-1709 жж. Палтава шайқасына дейінгі кезең.
2. 1709-1721 жж. Нйштад келісіміне дейінгі кезең.
Алғашқы кезде соғыс қимылдары Ресей үшін өте қиын болды. Мысалы: 1700 ж. Карл ХІІ 60 мыңдық орыс армиясын талқандады. Әрине Петр бұдан үлкен қорытындылар шығарды. 1702-1703 жж. орыс армиясы бірқатар жетістіктерге ие болды, бұл барып Палтава шайқасына ұласты. 30 мыңдық Швед армиясы түгел талқандалды. 1721 ж. 30-августте Нйштад қалашығында келісім шартқа қол қойылды. Бұл келісім бойынша
1) Россия Рига қаласымен Лифляндияны, Ревель және Нарва қалаларымен Эстляндияны алып, Выборг қалашығы мен Кориляндыны алды. Сөйтіп, Россия Солтүстік соғыс нәтижесінде Балтық жағалауларына шықты. 1721 ж. Петрға салтанатты түрде Жалпыресейлік Император титулы берілді. Петрды «Ұлы», «Отан әкесі» деп атай бастады.
Әскери реформа Ескі типтегі әскери бөлімдер таратылып, олар Стрелец бөлімдері және дворяндардың әскери жасағы болатын.
Дворяндар тұрақты әскери бөлімдер де әскери қызмет атқарды. Дворяндар қатардағы әскери шеннен бастады.
Тұрақты әскери бөлімдер құрылды.
Бірыңғай әскери қызмет міндеткерлігі орнатылды.
1716 жылы әскери устав қабылданды.
Уставта армияны ұйымдастырудың және басқарудың жүйесі қорытындыланды.
Армия қажетін шешетін орталық мекемелер – коллегиялар құрылды: Әскери іс, Адмиралтикалық іс, Азық-түлік приказы, Сыртқы істер.
Реформа барысында Россияда 250 мыңдық жауынгері бар Европадағы ең мықты армия және 28 мыңдай моряктары бар 1000 ірі және ұсақ кораблі бар әскери флот құрылды.