Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы


Екатерина ІІ – дәуірі – «ағартушылық абсолютизм» кезеңі



бет119/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   194
Екатерина ІІ – дәуірі – «ағартушылық абсолютизм» кезеңі.

ХҮІІІ – ғасырдың екінші жартысы тарихи әдебиетте «ағартушылық абсолютизм дәуірі» деп аталады. Бұл кезеңде Европада Карл ІІІ Испанский, Фридрих ІІІ Прусский, Густав ІІІ Шведский, император Иосиф ІІ Австрийский және Россияда Екатерина ІІ сияқты мықты ел басшылары болды. Бұл тарихи тұлғалар белгілі бір дәрежеде Ағартушылық идеяларын өз саясаттарында қолданды.
Ағартушылық абсолютизмнің қалыптасуының ең бірінші шарты абсолюттік биліктің мүдделері дворян сословиесімен бюрократияның мүдделерімен тоғысуы.
Екінші басты шарты – монархиялық құрылыстың мықтылығы, яғни өзінің саяси күшінің мәнін сақтай отыра жаңа тарихи формаларды қабылдау.
Ағартушылық абсолютизм буржуазиялық қатынастар салыстырмалы алғанда жәй дамыған мемлекеттерде қалыптасты, яғни, дворяндардың саяси праволарымен экономикалық артықшылықтары әлі де сақталып қалуда. Экономикалық тұрғыдан алғанда – бұл мешеу дамыған елдердің капитализм орныға бастаған елдер қатарына қосылу әрекеті болып есептелінеді.
Бұл саясаттың негізгі бағыттары мыналар:

    1. Сословиелік айырмашылықтар әлсірейді.

    2. Буржуазиялық мазмұндағы даму тенденциялары күшейеді.

    3. Мемлекеттік басқару аппараты қайта құрылады.

    4. Шіркеу ықпалы әлсіреп, ол мемлекетке бағына бастайды.

    5. Ағартушылық және роццанализм идеялары тарап, осыған сай жаңа білім жүйелері де қалыптасады. Дін, ғылым, әдебиет, искуства мемлекет мақсатына қызмет жасау керек. Ағартушылық абсолютизм ресми түрде өз идеялогиясын, рухани мәдениетін қалыптастырып, дінді билікті күшейтудің саяси құралына айналдыруға ұмтылады. Дін иелері бюрократияның ерекше бір саласына айналады.

Классикалық типтегі ағартушылық абсолютизм Францияда, Пруссияда, Австро-Венгрияда және Баварияда қалыптасты.


Мысалы, Австро-Венгрия императрициясы Мария Тэреза басқару аппаратын жетілдіру мақсатында бірнеше реформалар жүргізді. Оның реформаторлық бағытын баласы Иосиф ІІ (1780-1790) одан әрі жалғастырды.
Абсолютизмнің екінші бір типі – мемлекеттік - саяси құрылыс Испания мен Партугалияда қалыптасты. Бұл елдерде ағартушылық саясаттың бағыттарын анықтауда либералдық көзқарастағы мемлекет қайраткерлері белсенділік танытты.
Дания, Швеция және Италияда ағартушылық абсолютизмнің біршама өзге түрі орнықты. Бұнда реформаны жүргізушілер жаңа дворяндар болатын.

Петр І-ден кейін Ресейдегі реформалау саясатын одан әрі жалғастырған Екатерина ІІ-ші болды. Екатерина ІІ – Ресейді (1762-1796 жж.) 34 жыл басқарған, тарихқа ұлы императрица деген атпен енген тұлға. Н.М. Карамзин Екатерина ІІ реформаларына былайша баға береді: «Петр дәуірінің ұлылығын жалғастырған жаңа Ресейді екінші рет түлеткен тұлға Екатерина ІІ».


Екатерина ІІ анасы жағынан Голштейн князь тұқымынан, әкесі жағынан солт. Германиядағы Ангальтцербст кедейленген князь тұқымынан шыққан. Сарайлық некелесу тәртібі және есебі бойынша Петр ІІІ-ге күйеуге шыққан. Өзінің жазбаларында «Болашақ күйеуімнен де, орыстығы маған қатты ұнап еді», -дейді. 4 мыңдай көйлегі бар Елизаветта басқарған сарайға 2-3 көйлекпен келгенін Екатерина ІІ ол сәтті салқын қандылықпен еске алады.
Екатерина ІІ Ресейдегі ағартушылық абсолютизм тарихын бастап берді. Бұл саясаттың хронологиялық шеңбері туралы тарихнамада әртүрлі пікірлер бар.
Біз И.А. Федосовтың көзқарасына тоқталып оны 1762 – 1815 жылдар дейміз.
Европалық дәрежеде білім алған Екатерина ІІ ағартушылар – Ш. Монтескье, Вольтер, Д. Дидро т.б. еңбектерін зерттей келе, Ресей қоғамын өзгерту қажеттігін түсінді. Патшалық құрған кезеңде Ресейдің «Жаңа адамдарын» қалыптастыра отырып, либералдық реформаларды жүргізуге, елдегі білім мен мәдениет саласын жетілдіруді мақсат тұтты.
Елдің экономикалық құрылымының күрделілігін, саяси тұрақсыздығын ескере келе жеке билікті бекіту қажеттілігін түсінді.
1649 жылғы Собор Уложениесі (жинағының) орнына Екатерина ІІ жаңа заңдар жинағын шығаруды қажет деп есептеп, арнаулы комиссия құрды. Комиссия жұмысына басшылық ретінде тарихта «Нұсқаулар» деген ат алған арнаулы құжат әзірленді. «Наказдар» 546 мақалаға бөлініп, 20 тараумен құрастырылған, соның 245 мақаласы Ш.Монтескье, 106-белгілі юрист Ч. Бекарии, неміс ғалымдары Бильфелд пен Юст еңбектері қағидаларынан алынған.
«Наказ» идеясының негізі – мемлекетті нығайту, самодержавиялық билікті нығайту. Монархтың шексіз билігін бекіте, кеңейте отырып, азаматтық құқық белгілерін орнықтыру.
1767 жылы шыққан «Наказ» бірнеше Европа тілдеріне аударылды.
Консервативтік Ресей дворяндарына заңмен реттелген қоғам қауіпті, сондықтан да елде заң ережелерінің енуі олардың ықпал, билігін әлсіретер еді. Комиссия жұмысы орыс қоғамындағы сословье аралық және қарама-қайшылықтардың бар екендігін айшықтап берді.
Ағартушылық абсолютизм саясатының құрамдас бөлігі – шіркеу иеліктерін секуляризациялау болды.
Дворян сословьесінің өз арасындағы алауыздықтар сақталып, қоғам тұрмысы күрделене берді. Сословьелердің әралуан өкілдері қатынасқанмен Ресей заңдарын реттеу ісі сәтсіз аяқталды. Сондықтан да 1768 ж. орыс-түрік соғысы басталуымен, Екатерина ІІ комиссия жұмысын тоқтатты.Дегенмен де 1785 жылы екі үкімет актісі шықты.

  1. Ақсүйек Ресей дворяндарының құқығы, еркіндігі және артықшылықтары.

  2. Ресей империясы қалалары туралы

Бұл екі заң орыс қоғамын сословьелік негізде бекітіп, үкімет пен ел арасындағы қарым-қатынастың юридикалық негізін салды.
Дворяндар туралы заң оларды Ресей империясының үстем сословьесіне айналдырды.

  1. Дворяндар міндетті қызметтен босатылды.

  2. Меншік құқығы, мұралық құқығы қорғалды.

  3. Дворян корпорациялары – дворян қоғамдары құрылды. Губерния дворяндарының жиналыстары көптеген жергілікті мәселелерді шешіп отырды.

Қалалар туралы Грамотада қалаларды басқару органдарының құрылымы анықталып, қала тұрғындары 3 гильдияға бөлінді.

  1. Көпестер гильдиясы

  2. Қолөнершілер гильдиясы

  3. Қара халық тобы.

Қала думасы құрылып, қала басшылыры сайланды.
Екатерина ІІ – кезеңінде Ресей империясының басқару аппаратын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болды. Солардың бірі – ХVІІІ ғ. 75-80 жж. жергілікті әкімшілік жүйесін реформалау болды.
1775 жылы «Жалпы Ресей империясы губернияларын басқару мекемелері» деп аталатын заң актісі шықты. Бұл заң бойынша губерния территорияларының көлемі қысқартылып, бұрынғы 23 губернияның орнына 50 губерния құрылды. Губерниялар уездерге бөлінді де, провинциялар деген жойылды. Әрбір губернияда 300-400 мыңдай халық тұрды. Губернияларды барлық әкімшілік билікті өз қолдарына жинақтаған наместник (генерал-губернатор) басқарды. Сонымен қатар арнаулы коллегиялық орган-Губерния Басқармасы құрылды. 1775 жылы ауруханалар, жетім-жесір үйлерін, мектептерді басқаратын приказ құрылды.
1775 ж. реформа барысында сот жүйесіне өзгерістер енгізілді. Губерниялардағы ең жоғарғы сот палатасы – қылмыстық, азаматтық сот, сословьялық сот, губерния магистраты, және жергілікті сот, деген сияқты жүйе қалыптасты.
Міне осы өзгерістер билік ауқымын күшейтіп, елді басқаруда белгілі бір жүйе қалыптасты.
Әкімшіліктің ағымдағы жұмысын Сенат басқарды. 1703 ж. реформа бойынша Сенат 6 департаменттен тұрып, әрқайсысы өзіне жүктелген салаларды басқарды.
Тұтас 34 жылды алғанда, абсолютизм бекіп, монарх билігі күшейе берді. Сонымен қатар коррупция, фаворитизм сиқты келеңсіз құбылыстар да етек алып, крепостниктік жүйе ең дөрекі форма деңгейіне көтерілді.
Н.М. Карамзин Екатерина ІІ дәуірінде екі «өркениет» тәртібі орнады: жоғарғылар «өркениеті» және төменгілер «өркениеті» деген анықтама береді.
Екатерина ІІ 1796 ж. 6-ноябрьде қайтыс болды. Қоғамның ішкі – сыртқы шешілмеген мәселелері сақталды, ол келесі ұрпақтың үлесіне тиді.
- 1725 ж. ашылған Ғылым Ак-да неміс тарихшылары Готлиб 3. Байер, Герард Фридрих Миллер, Август Людвиг Шлецер жұмыс жасады. Норман теориясының негізін салды. (Идея завоевания как основопологающего момента в возн-ии гос-д ва).
Мих В. Ломоносов (1711-1765). Русь мем-нің қалыптасу тарихымен айналысты. (Ломоносов М.В. П.Собр. Сич. М.Л., 1950-1956. Т6, 8).
1776 ж. «Ресейдің ежелгі тарихы» «Краткий Росс. летописец» еңбектерінде орыс халқының Рюриктерге дейін-ақ көне тарихы бар екендігін дәлелдейді. Славян және скандинав халықтарының этникалық айырмашылықтары туралы айта келе, әлемдік тарихтағы славян халықтарының орнын анықтайды. Ломоносов пікірінше: халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде славян және чуд тайпаларының араласуы барысында жаңа этникалық топ-орыс халқы қалыптасты. Сөйтіп Рюриктер славян тайпаларынан шыққандар деген тезисті ұсынады.
Келесі орыс тарихшысы-белгілі аристократ М.М. Щербатов (1733-1790). 7-томдық «Ресей тарихын»жазды. Тарих – 1610 жылға дейін әкелінді.
Щербатов – мемлекеттің қуаты мен тұрақтылығы – адамзат ақыл-ойы, ағартушылықпен анықталады. Сондықтан тарих төрінде, бастауында – жеке тұлға тұрады, яғни патша. Патшаның ақыл-ойы, парасаты мемлекеттің тағдырына елеулі әсерін тигізеді. Тарихи тұлғаға идеялар, ой ықпал жасады. (ағартушылық тезис-мнения правят миром).
Щербатов самодержавия, және дворяндар тарихын, олардың өз-ара қатынасын зерттейді. Дворян сословиесі ықпалымен шектелген патша билігі – монархия –мемлекеттің ең жетілген саяси формасы. Сонымен қатар креп. Право мәселесіне де осы монархиялық идея тұрғысынан қарайды.
Крепост. Праваны жою Россияны бүлік жолына салады. «Бостандық» деген тәтті сөз, бірақ ол тек дворян сословьесімен қатар айтылатын сөз. Қандай болмасын бүлік, революциялар – қасырет. Оған мысал Ағ. бур. револ-сы.
Жалпы ағартушылық ағым ХVІІІ ғ. 60 ж. қалыптасты. Сөз жоқ Батысев идеялар ықпалы болды. ХVІІІ ғ. ағартушылық идеяның қалыптасуының 2 кезеңі бар.
1) 60-70 жж. «Просвещенный монарх» қолымен заңдарды, тәртіпті, өзгертуге болады.
2) 80-90 жж. Радищев шығармашылығымен байланысы крепост. Құрылыс пен самодержавияны халық революциясы арқылы жоюға болады.
Н.И. Новиков. (1744-1818). Сатир. Журналдар «Трутень», «Живописец», «Кошелек» - деспотизм мен тираниялық тәртіп сыналады.
Нидерлания революциясы тарихын, зерттей келе, халықтың қозғалысты – буржуазия басқару керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет