Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
Студенттер Киев Русінің ауыл шаруашылығына, қолөнеріне, саудасына, қалаларына сипаттама беру керек. Мұнан кейін ІХ-Х ғасырлардағы саяси құрылысына тоқтала келіп, христиан дінін енгізілуіне, Ярослав Владимировичтің, Владимир Мономахтың ішкі және сыртқы саясатына қорытынды жасауы тиіс. Феодалдық бытыраңқылықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын, зардаптарын сипаттау керек. Феодалдық бытыраңқылықтың мәні мен ХІІ-ХІІІ ғғ. Бірінші жартысындағы орыс жерлеріне назар аудару керек. Русьтің халықаралық жағдайына көп мән беру арқылы қорытынды жасау қажет. Неміс және швед феодалдарының Руське агрессиясын сипаттау керек. Содан кейін Монғол-татар шапқыншылығының басталуына тоқтала кетіп, сол кездегі шайқастарға назар аударған жөн. Алтын Орда мемлекетінің құрылуына, қоғамдық-саяси құрылымына сипаттама беру арқылы, Монғол-татар езгісінің орнығуы және оның зардаптарына қорытынды жасауы қажет. Студенттер Орыс жерлерінің бірігуінің аяқталуы мен Орыс жерлерінің бірігуінің аяқталуына сипаттама беру арқылы, ХҮ-ХҮІ ғғ. Орыс мемлекетінің саяси құрылысына тоқталуы керек. Сондай – ақ ішкі саяси күресті сипаттап, шіркеу және мемлекет құрылысына баяндама жасауы қажет. Содан кейін ХҮІ ғасырдағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасауы керек. ХҮІІ ғ. соңы – ХҮІІІ ғ. басындағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттап, қайта құрулардың қажеттігі мен қайта құрулар, олардың негізгі бағыттарына тоқталуы керек. Ресейде абсолютизмнің орнығуына назар аудара, ХҮІІІ ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясат сипаттуы керек. Сонымен қоса қайта құрулардың тарихи маңызымен қорытынды жасағаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |