Решение λ=0,72 мкм ,72∙10 м E=hν=hc/λ E= = =27,6·10 20



бет4/41
Дата14.12.2021
өлшемі3,66 Mb.
#100661
түріРешение
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
7 сынып.есептоп

3-тапсырма. (4-5 минут)

Қоректік заттар

Қандай элементтерден құралған?

Адам ағзасында болу керек, %

Нәруыздар







Майлар







Көмірсулар







Дәрумендер, минералдар







  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.



Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 28

Сабақтың тақырыбы: §18. Адам оранизміндегі химиялық элементтер (таблицамен жұмыс) № 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

1. Мақсаты: 7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;

7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу.

2. Қысқаша тезисті конспект

BilimLand сайты “Тағам құрамындағы қоректік заттар” ролик көру арқылы

20-кестені талдау . (3 минут)



  1. Оқулық 7-сынып 104-105 беттер

  2. Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Шемішке, жер жаңғақ немесе Грек жаңғағының қабығын аршып, дәннін ақ қағазға мұқият орап стол үстіне қойыңыз. Сыртынын қасықпен қаттырақ басып

0,5-1 минуттай езіңіз. Қағазды абайлап ашып6 байқалған құбылысты дәптеріңізге жазып алыңыз. (5 минут)



2-тапсырма. BilimLand сайтынан алған, тәжірибеден көрген біліміңді пайдаланып, төмендегі кестені толтырыңыз: (3 минут)

Қоректік заттар

Анықтау әдісі

Не байқадыңыз?

Майлар










Йод ерітіндісі













Нәруыздар




Сары түсті қатты зат көрдім


3-тапсырма. Қандай тамақта күнделікті рационға қажетті қоректік заттар барын анықтап, дұрыс жауабыңызды «+» таңбасымен белгілеңіз. (2 минут)


Тамақтың түрлері

Су

Көмірсу

Ақуыз

Май

Дәрумендер

Минералдар

Сүт

Нан, жарма, ұн тағамдары






















Ет, балық, тауық, жұмыртқа






















Көкөністер мен жемістер






















Өсімдік және мал майы






















Ірімшік, қаймақ, айран, иогурт т.б
























  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.



Әзірлеген: Сулейменова А.Д.

167 ЖББМ химия пәні мұғалім



Алматы қаласы Білім басқармасының

ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр
Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 29

Сабақтың тақырыбы: §19. Тыныс алу үдерісі. №11 зертханалық тәжірибе «Тыныс алу үдерісін зерттеу» №7 БЖБ

  1. Мақсаты: 7.5.1.3 -адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;

        1. -тыныс алу үдерісін түсіндіру.

Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде). Тыныс алу дегеніміз – организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны организмнің түрлі қызметтерін іске асыруға жұмсайтын және денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығару процесі.

Тыныс алғанда ағза мен сыртқы орта арасында газ алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен қамтамасыз ету және оны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару кезінде қан айналым жүйесі ағзаның барлық мүшелеріне оттегін тасымалдайды.

Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс рет алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады. (3 минут)


  1. Оқулық 7-сынып 107-109 беттер, https://www.youtube.com/watch?v=YIhAyQo9fRM видеоүзінді (2-3 минут)

  2. Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тәжірибе. Қажетті құралдар: секундомер.

Ауыз-мұрындарыңды жауып, қанша уақыт шыдай алатындарыңызды бақылаңыздар. (Оқушылар ауыз, мұрнын жауып тұрады) (1 минут)


1-тапсырма. Тәжірибе барысында ағзаңызда алмасқан газдарды анықтап, кестені толтырыңыз:

Ағзаға енген газдар





Ағзадан өзгеріссіз шыққан газдар




Газалмасу процесінде түзілген газ




(2 минут)
2-тапсырма: Тыныс алу процесіне сәйкес жауаптарды анықтаңыз: (4-5 минут)

  1. Тыныс алу кезінде қоректік қаттар қарапайым заттарға ыдырап, су, көмірқышқыл газы түзіледі және энергия босап шығады ;

  2. Оттек организмнен еш өзгеріссіз қайта шығады;

  3. Тыныс алуғы ауыз қатыспайды;

  4. Тыныс алу кезінде су мен көмірқышқыл газы энергияны өзіне сіңіріп, қоректік заттар пайда болады;

  5. Тыныс алу барысында оттек реакцияға түседі және бұл процесс тотығу деп аталады;

  6. Тыныс алуға ауыз, мұрын қуыстарындағы барлық тыныс алу органдары қатысады;

  7. Тыныс алу процеcі кезінде энергия бөлінеді;

  8. Тыныс алу процесі кезінде энергия сіңіріледі;

2-тәжірибе. Қажетті құралдар: айна. Айнаны қолдарына алып оған дем алыңдар. Қандай өзгеріс байқалды? Айнаның беті не себепті буланды? Қорытындыны дәптерлеріңізге жазыңыздар. (2-3 минут)

  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет