Әзірлеген: Сулейменова А.Д.
№167 ЖББМ химия пәні мұғалім
Алматы қаласы Білім басқармасының
ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр
Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: 30
Сабақтың тақырыбы: §20. Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар.
Мақсаты: 7.4.2.1 -Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар
барын түсіну
Қысқаша тезисті конспект (3 минут)
Жер қыртысы – тау жынысынан тұратын жердің сыртқы қатты қабығы. Бүгінгі таңда шамамен жердің 15-20 км тереңдігі зерттелген. Жер қыртысында элементтер химиялық қосылыстар құрамында әртүрлі тереңдікте кездеседі. Пайдалы қазбалар, минералдар, тау жыныстары құрамында іс жүзінде Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің барлығына жуық элементтері кездеседі.
Тау жыныстары – жердің ішкі және сыртқы геологиялық процестері негізінде түзілген, жер қыртысын құрайтын заттар. Тау жыныстары орналасу тереңдігене, құрамы мен қасиеттеріне байланысты магмалық, шөгінді және метаморфоздық болып үшке бөлінеді. Әртүрлі тау жыныстарында әртүрлі минералдар кездеседі.
Минералдар – белгілі бір химиялық құрамы бар, кристалды құрылымы, химиялық, физикалық қасиеттер арқылы сипатталатын табиғи қатты заттар.
Гипс Ортоклаз Флюорти Апатит Алтын
Кварц Корунд Алмаз Топаз Күкірт
Оқулық-7 112-114 беттер, BilimLаnd сайты «Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар» видеоүзінді
Оқушыларға арналған тапсырмалар
Достарыңызбен бөлісу: |