Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол



Pdf көрінісі
бет128/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол

1.
Суретпен жұмыс.
Суретке қарап «менің достарым» тақырыбында әңгіме құрастыру тапсырылады.
2.
Мәтінмен жұмыс.
«Қарлығаш және дәуіт» ертегісін оқып беріп, ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап алу.

Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шы-
дамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген 
қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.
Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.
- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.
Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.
- Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып.
- Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:
- Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.
Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді.
Қарлығашқа дәуіт кездеседі.
- Досым, неге жылайсың? – деп сұрайды ол қарлығаштан.
- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.
- Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады.
Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан 
сылқ етіп жерге құлап түседі. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.
Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.
-
Балалар, қарлығаш неге ренжіді?
-
Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға болмайды?
-
Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?
3.
Дәйексөз.
«Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын» дейтін мақалды жазып, түсіндіру.
4.
Дәптермен жұмыс.
Мақалды дәптерлеріне жазғызу.
5.
Сергіту сәті .
Ойлану жұмысының алдында балалардың денесі сергітіледі. Оқушылар мына өлең жолдарын және қимыл-
қозғалысты екі рет қайталайды.
Санайық жаңаша (Орындарынан тұрады.)
Бір, екі, үш… (Екі қолын алға, жоғары, екі жанына созады.)
Желбіре жалауша! (Қолдарын жоғары көтеріп, әрі-бері бұлғайды.)
Достықта біздің күш! (Қолдарын ішке қарай бүгеді.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет