----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) ----- Оқушылардың топтық жұмыс кезіндегі белсенділігі, баяндамашы ретінде өз жұмыстарын қорғауы,
қойылған сұрақтарға тосылмай жауап беруі, менің өткізген үш тізбектелген сабақ барысында көрініс
тапты. Оқушылар қалай оқу керектігін үйренді. Алдағы уақытта өз бетімен білім алу, өз ойларын
айқын, еркін жеткізу керектігін түсінді. Өздері оқу дағдысын қалыптастыру жауапкершілігін өз
мойындарына алу керектігін, өз бетінше іздену керектігін түсінді. Іс- тәжірибені қолдану барысында
сабақта диалогтік оқу мен жаңа әдіс – тәсілдердің маңызды рөл атқаратынын байқадым. Егнрде барлық
сабақтарда мүмкіндігінше бағдарламаның 7 модулін кіріктіріп өтсе, оқушылардың өмір сүру
қағидалары мен салт – дәстүрдің насихатталуы, оқушылардың өз бетінше білім алуы, ізденуі, сөз
қорының молайуы, сабаққа деген ынтасының артатыны айдан анық байқалды. Қорытындылай келе
Александр диалог түрінде білім беру оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін мүмкіндік береді
деп санайды.(МАН 29 бет). Мерсер өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын тар
олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. (МАН 38 бет). Осы жайлар шын
мәнінде өз іс-тәжірибемде байқалды.
Выготский когнитивті даму оқушылардың жақын арада даму аймағында жұмыс істесе,
жақсаратындығын айтты. Бұл Жада баланың өзі орындай алмайтын тапсырманы біреудің көмегімен
орындауға мүмкіндік береді. Бұл өзімнің іс-тәжірибемде анық байқалды. Бұрын белсенділік
танытпайтын білсе де білмейтіндей кейіп танытатын, тыныш отыра беретін оқұшының қызықты әдіс-
тәсілддерді кеңінен қолдану барысында оның пәнге деген қызығушылығы артып, белсенді болак
бастап, диалогтік оқыту кезінде рөлдік ойындарға белсенділік танытып, рөлдерді сомдады.
«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, мұғалімнің міндеті- оқушы бойында жасырынып жатқан
талантты, мүмкіндікті ашу. Кез-келген бала оқу әрекетінде өмір бойы жинақтаған тәжірибесін
меңгеріп, шығармашылық іс әрекеттерін дамытып, өз идеяларын жүзеге асыруға әрекет ету керек.
Білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді
шебер меңгерген педагог-психолог педагогикалық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Кембридж бағдарламасының ең бір ерекшелігі білімді оқушыларды « жақсы», «жаман», «нашар» деп
бөлмей оқушылардың оқып үйренуіне, сапалы білім алуына, өздерін ортада тең сезінулеріне жағдай жасау.
Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен ізденетін, шығармашыл
жан-жақты дамыған жеке тұлға болып өсуіне ерекше мән беруіміз керек. Осыдан жан –жақты
дамыған көзі ашық көкірегі ояу, білімді, ұлтымыздың дінін, ата заңын, салт дәстүрін ұстанатын, елі,
жерім деп аянбай жан-тәнімен тер төгетін патриот азамат, азаматшаны өзін-өзі басқаратын тұлғаны
тәрбиелеп, оқыту үшін оқытудың жаңа тиімді әдіс-тәсілдері қажет. Мен өз сабақтарымда сапар
Ақмарал апайдан мүмкіндігінше үйренген оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін 7 модульді кіргізуге әрекет
жасадым. Соның нәтижесінде көптеген оң өзгерістерді байқадым. Оқушылардың сөз қорының
молайғандығын, көшбасшылыққа деген ұмтылыстарының артқандығын, топта бірлесуді, ортақ пікір
шығаруды, достарына көмек көрсетуді, білгендерін білмегенднрмен бөлісуді, пікірлесуді, бір-бірінің
айтқан ойларын жинақтап салалауды, ақпараттық коммуникативтік технологиялармен жұмыс жасауды,
рөлдік ойындарды қымтырылмай қысылмай сомдауды, өз ойларын ортаға салып, өз пікірлерін айтуды
уйренді. Барлық оқушылардың белсенділіктері артып, үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа , білім
алуға деген құштарлығы артып, алдыңғы қатарлы оқушылар қатарына қосылды. Әр сабақты осылай 7
модульдің тиімді тұстарын өз тәжірибемізде кеңінен кіріктіріп, дәріс берсек оқушылардың сындарлы
білім алуға деген құштарлығы арта түсері хақ. Оқыту мен оқудағы жаңа тиімді әдіс-тәсілдер
мұғалімге күнделікті тың ойлар әкеледі.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өз ұрпағының білімді, тәрбиелі, өнегелі өнерлі, еңбексүйгіш,
абзал патриот азамат болып, өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылық
пен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Оқушыға тек
дайын дүниені бергеннен гөрі, түрлі бағыттаушы сұрақтармен, қилы жағдаяттар, әдіс-тәсілдер арқылы
бағыт-бағдар беріп, талаптандырып іздендірсе, сенім артса, олардыңда нәтижелі білім алып, жұмыс
жасауға, маңызды білім алуға деген ынта жігері артады.
Мұғалім міндеті дұрыс бағыт-бағдар беріп, тәжірибелі ұйымдастыра білу. Сонда ғана оқушы өз
бетімен ізденуге, еңбектенуге талпынып, көп нәрсені үйренеді. Алдағы уақытта өзіме міндеттермен
мақсаттар жүктеп, тәлім алушы курсынан алған білімімді шыңдап, өз тәжірибемде кеңінен
қолданамын деген сенімдемін.
5
----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----