Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол



Pdf көрінісі
бет48/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   157
Байланысты:
1114 караша

Сабақ бойынша рефлексия 
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін
пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп 
санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. 
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? 
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? 
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? 
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? 
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
 
Жалпы бағалау 
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 
2: 
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: 
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың 
жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару 
қажет?
 
46


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Шығанақ ауылы,
"Сәкен Сейфуллин орта мектебі"
Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Жансая Сериковна
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес
жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық
құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде
өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету
үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы
келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды
тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша
білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
Қашықтықтан оқыту-қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан 24/7
режимінде білім алу мүмкіндігі.
Қашықтықтан оқыту фомасы- оқытудың электронды технологиясын қолданып, жұмыстан қол үзбей,
қолайлы уақытта кез келген жерде, жеке режимде білім алуды қамтамасыз етеді.
Барлық білім алушылардың виртуалды «жеке кабинеті» болады, онда таңдаған пәнді өз бетінше игеруге
арналған оқу-әдістемелік, ұйымдастыру материалдары мен тапсырмалар салынады.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктерін зерттеу (қашықтағы сабақтарды ұйымдастыру, жоспарлау).
Оқушыларды қашықтан оқытуға ынталандыру мен қатыстырудың ерекшеліктерін зерттеу (оқушылардың
өзіндік жұмысын қалай ұйымдастыруға болады немесе үй тапсырмасын қалай тексеруге болады және тағы да
басқалар). АКТ құралдары мен қызметтерін зерттеу. Қашықтан оқыту форматындағы ата-аналармен жұмыстың
ерекшеліктері. Ерекшеліктері модулінің өзі бірнеше өзекті тақырыптармен, ұстаздар қауымына қажет
ақпараттармен қамтамасыз етілген екен. Алғашқыда синхронды оқытудың асинхронды оқытудан
айырмашылықтары, қашықтан оқыту барысында мұғалімнің қызметі мен қашықтан оқыту барысында
оқушының іс-әрекеті сияқты мәселелерге қарастырылды.
Сонымен қатар, қашықтан оқытуда қалай «оқу үдерісін жоспарлауға болады?» деген сұраққа жауап ала
аласыз. Бұнда берілген кеңестер: барлық жұмысты бірден жүзеге асыруға тырыспаңыз. Қашықтан оқыту
кезеңінде қандай мақсаттарыңызға қол жеткізуге болатынын мұқият ойластырыңыз; қашықтан оқытудың ең
қарапайым бір-екі құралын таңдап алып, солармен жұмыс істеуді бастаңыз. Бірден көптеген құралдарды
қолдануға тырыспаңыз; қашықтан оқыту кезеңінде Сіздің оқу сценарийлеріңіз неғұрлым қарапайым, түсінікті
және шынайы болса, оларды ойдағыдай жүзеге асыру және қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі соғұрлым
көбірек болады; оқытудың жаңа форматына Сіз ғана емес, оқушылар мен олардың ата-аналары да жаңадан
бейімделуде екенін, олар да Сіз сияқты мазасызданатынын есіңізде ұстаңыз; оқушыларыңыздың ерекшеліктерін
ескеріңіз және онлайн сабақты жоспарлау барысында сабақ мақсаттары мен тапсырмаларды әзірлеп, бір немесе
бірнеше саралау тәсілін таңдаңыз.
Бағалауды ұйымдастыруда оқушыларға ізгілікті қарым-қатынас және қолдау көрсетіп, түсінікті және
дәйекті ережелер мен рәсімдерді қалыптастыратын; оқу үдерісіне қызықты әдіс-тәсілдерді қолдануды; оқуда
және тапсырмаларды орындауда цифрлық немесе цифрлық емес құралдарды таңдау және пайдалануды; барлық
оқушылардың табысқа жетуіне жағдай жасалатын, оқушыларда өз пікірін айтуға және тапсырмаларды таңдауға
мүмкіндігі болатын саралап оқытуға бағдарлануды басты назарда ұстау қажеттілігі атап көрсетілді. Қашықтан
жұмыс істеу барысында өзара жағымды және оңтайлы қарым-қатынас аса маңызды. «Уақытында тапсырмадың!
Не деген масқара?!» деудің орнына тағы да бір мүмкіндік беру жолдарын қарастырған абзал. Басты назарды
ынталандыру, қолдау, эмоцияларды білдіру, адами қарым-қатынасты сақтау мүмкіндіктеріне аудару керек.
Оқуға қатыстыру модулінде тақырып аясында “Оқушыларды оқу үдерісіне қалай ынталандыруға/тартуға
болады?” деген мәселе қарастырылды. Бұл сұрақты шешуде оқушыларды оқыту үдерісіне ынталандыру
факторларын, әдіс-тәсілдерін анықтау аса маңызды. Шәкірттерді оқуға қызықтыру, ынталандыру жайлы
ойлаған кезде, біз олардың ішкі ынтасын арттыру жолдарын түсінуге тырысамыз. Оқуға қатыстыру дегеніміз
оларды қызықтыру, жаңа бір нәрсе жасап көруге, таңдауға, қателесуге, қайтадан бастауға, табысқа жетуге
ұмтылуға мүмкіндік беру. Осылайша, білімгерді оқуға белсенді қатыстырудың тәсілдерін қашықтан және
дәстүрлі оқытуда кеңінен қолданып, балалардың дербес оқушыға айналуына көмектесеміз. «Онлайн сабақты
жүргізу: сыртқы келбет және онлайн этикет» тақырыбы «сабақты трансляциялауға дейін және оны жүргізу
барысында қандай мәселелерді назарда ұстау керек?» деген сұрақ аясында толық мәлімет берді.
47


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Қашықтан оқытуды ұйымдастырудағы ең негізгісі әрине, АКТ құралдары: қазақстандық платформалар.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша гидті және Telegram мессенджеріндегі
ICT robot чат-ботын қолданып, оқу мақсатына сәйкес келетін цифрлық құралдарды таңдау арқылы қашықтан
оқыту мен оқудың, сондай-ақ дәстүрлі сыныптағы сабағыңыздың тиімділігін арттыра аласыз. Осы
телекоммуникациялық және ақпараттық құралдар негізінде әр түрлі педагогикалық қызмет түрлерін қолдануға
болады. Мысалы, қашықтан іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар мен семинарлар, қол жетімді емес
нысандарға виртуалды бару, виртуалды экскурсиялар, мектеп оқушыларының, сондай-ақ мұғалімдердің бір-
бірімен компьютерлік хат алмасуы, электронды бюллетеньдер шығару және тағы басқалар. Бұл қаражат жеке-
жеке де, кешенде де жұмыс істей алады. Мысалы, оқушыларға білім беру мәселесі қойылған дәріс материалы
ұсынылады. Әр оқушы оны шешеді және нәтижелерін барлық курстастарына жібереді.
Қорыта айтқанда ашық онлайн-курсы отандық ұстаздар үшін оқытудың тиімділігін қарастыруымен тиімді
әрі пайдалы болды. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеп, онлайн-сабақтардың оқу үдерісін
жоспарлауды, оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыруды үйрендік. Қашықтан оқыту қазіргі заман талабы
болса, оны ұйымдастыруда педогог-ұстаздардың біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі жоғары
деңгейде дамыған болуы өте маңызды!
* * * * * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет