Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол



Pdf көрінісі
бет92/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   157
Байланысты:
1114 караша

Іс-шара атауы: «Ақыл ой» 
зияткерлік сайысы
Мақсаты: 
математика пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, осы пән арқылы өздерінің ой
өрістерін дамыту,логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа жетелеу, пәннің маңызын түсінуге
жетелеу.
Міндеттері:
-
балалардың білімдерін, ойларын кеңейту;
-
жеке тұлғалық шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
білімге деген, жауапкершіліктерін арттыру.
Құрал-жабдықтар: 
интерактивті тақта, слайдтар, микрафон
Дайындық жұмысы:
1.
Әдебиетпен, ақпаратпен жұмыс.
2.
Сценарий жазу.
3.
Қажетті жабдықтарды дайындау.
Жүргізуші:
Жұмашев Б. А.
Іс-шараның барысы:
«Балдәурен» гимні орындалады.
(
фанфар ойналады, жүргізуші шығады)
Жүргізуші:
 
Қайырлы кеш, қымбатты балдәурендіктер мен қадірлі қонақтар!
Жүргізуші: 
«
Ақыл ой» 
зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан 
Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен 
өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп 
Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Жүргізуші: 
Олай болса, 8 – 9 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған
«Ақыл ой»
атты зияткерлік 
сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың мақсаты: 
Математика және информатика пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру,
осы пәндер арқылы өздерінің ой өрістерін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа 
жетелеу, пәннің маңызын түсінуге жетелеу.
Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз.
1 топ: Дарындылар 2 топ: Философтар 3 топ: Лидерлер 4 топ: Қырандар
Сайысқа қатысушы топтармен таныс болсақ, сайыстың бөлімдерімен танысайық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет