«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оқушылардың сөздік қоры баю үшін оқытушы сабақ барысында кестелер, видеокассеталар,
түрлі суреттер, көрнекі құралдарды қолдануы керек. Енді ағылшын тілін сөздік қорын дамытатын
әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық.
Көрнекілік әдісі – ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілі болып саналады.
Себебі бұл әдіс барлық сабақ түрінде қолданылады. Көрнекілік әдісте әрине көрнекілік құралдар мен
схемалар қолданылады. Олар бірнеше түстен кем болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында
қызығушылығын және сөздік қорларын дамытуда ең тиімді жолы болып табылады.
Түсіндіру әдісі – оқытушы сабақ барысында, оқыту үрдісінің бастамасы ретінде іске
асырылатын әдіс. Бұл әдісте оқытушы жаңа сөзді, жаңа тақырыпты немесе сөйлемдерді түсіндіру
үшін қолданылады.
Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар
коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең
көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.
Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері бойынша тіл
үйрену іс-әрекеті болып табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі зор, себебі
ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.
Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты
– оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және тапсырмалармен
жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне
жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс
істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.
Ағылшын тілі сабақ барысында компьютер оқытушыға оқушының өз бетінше жұмысын
ұйымдастыруға жәрдем береді. Ол үшін ғалымдардың ұсынысы бойынша мынадай жаттығулар мен
әдістемелік тәсілдер қолдану дұрыс:
1. Сұрақ-жауап диалогы. 2. Таңдамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма.
3. Еркін құралған сөйлемдерді стильдік түзету.
4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар.
5. Сөздікті меңгеруден өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.
Компьютерлік бағдарламалар уақыт өте келе жетіліп, қарқынды даму үстінде. Сөйтіп біз
бүгінде әлемдік интернет жүйесі арқылы ақпарат алып қана қоймай, білім алудың жаңа түрі
аралықтан оқыту әдісі пайда болды. Бұл оқыту әдісінде мультимедиялық технологияның көмегімен
бейне, мәтін, графика арқылы оқу курсының материалдары жасалады.
Ағылшын тілін үйрету барысында ескертетін жайттар:
1. Ағылшын тілін оқытуды жүйелі түрде жүргізу.
2. Үйрету күнделікті өмірде жиі қолданылатын контекстерден басталады.
3. Тапсырманы оқушының қабілетіне қарай беру.
4. Оқу материалдарын шындыққа сай етіп алу.
5. Үйрену – қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымы арқылы жүзеге асады.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін
тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін
жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру
оқушының өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып
жүзеге асырылады. Білім – жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі
өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет.
Достарыңызбен бөлісу: