24
Бұл жоғарыда айтылған . 6-7 жасарлардың ерекшелігі бұл балалардың мектептегі оқуға дайын және жаңа
іс-әрекетке араласатындығын дәлелдейді.
. 6-7 жасар балаларды оқыту нысаны мен әдісінің психологиялық ерекшелігі бойынша олар мектепке
дейінгі және мектеп кезеңіндегі аралықты алады. Бұл кезеңде іс-әрекетпен танымның түрлері әдістер мен
тәсілдердің үйлесімділігін талап етеді, ол мектепке дейінгі жасқа тән. . 6-7 жасарларды оқытуда оқу мен
тәрбиенің бірлікте болуы – ең негізгі міндет болып табылады. Бұл жастағыларды оқытудың ерекшелігі –
олардың педагогикалық әсерге ықпалынан тұрады. Сондықтан оқу мен тәрбиенің бірлікте болуы – оқыту
әдістемесінің ең маңызды қағидасы болып табылады.
. 6-7 жастағыларды оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде
жүреді. Бұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым. Мінез құлқында еріктілік жеткіліксіз.
Сондықтанда мұғалімдер ойын әдістерін қолдану керек.
Оқытудың негізгі әдісі болып көрнекілік құралдардың модельдері саналады. Үлгілермен жұмыс
жасау балалардың оқу іс-әрекетінде кейбір дағдыларды жетік түсінуіне, қалыптасуына септігін тигізеді.
Сонымен қатар балалардың тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде үлгілерді қолдануы жұмыстың
нәтижелі орындалатынына мүмкіндік береді.
Жаңа заманның озық ойлы, терең мінезді, тәрбиелі жастарын қалыптастыру мектептегі
тәрбиешілердің басты міндеті. Мұғалім жеке тұлғамен тікелей байланысты жүзеге асыра отырып,
жұмысының негізі бағыттары мен жұмыс бөліктерін дұрыс та сапалы ұйымдастыра алуы қажет.
Ойындар, тесттер арқылы балалардың мектепке дайындығын, таным процестерінің даму деңгейін,
ақыл-ой қабілеттерінің жетілу барысын анықтауға болады.Балаларды оқытуда зерттеу тәсілін
қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге
деген қызығушылығы мен түсіндіріледі.
Оқушылардың
өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын
қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және
шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкінлік береді. Өзіндік
зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «Дайын
күйде» алмай өз бетінше ашады.
Сонымен қатар, балаларға білім беруде тұлғаға бағдарланған тәсілді іске асыруда тиімді
бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыт тұлғаны қалыптастыру мен оның қазіргі заманғы серпінді
қоғамға бейімделу мүмкіндіктерін арттыруды, баланы өнімді дамуды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: