43
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы
№5 ЖББМ КММ
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Несіпбаев Айнияз Жақсылықұлы
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға
қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі
уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы
бүкіл өркениетті әлем үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан
– 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік маңызы бар мәселелермен тең
дәрежеде екендігі баса көрсетілген. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты
өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін
қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең
ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет.
Мектеп
оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың
денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру дегеніміз:
І. Жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз
ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
ІІ. Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету
мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары. Білім –
қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда
бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің
өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты
өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса,
оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін
біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар.
Мұнда негізінен
оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін
дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты.
Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт
түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар
өмірін алуға болады. Сол себептен мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы
ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім
мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді
жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен
жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды
орындаудан
бастайды, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі
деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр
оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.
Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалануға да болады. Осы
технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады (мысалы,
дене шынықтыру сабағын ойын түрінде ұйымдастыру), сол арқылы,
оқушылардың бейімділігін
арттыруға болады. Күтілетін нәтиже – дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы. Себебі
дене тәрбиесімен айналысатын адам өзін әрқашан сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге көзқарасы
44
ерекше.Спорт қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге
өз тұғырнамасы болуы қажет. Олар мыналар:
– Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
– Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
– Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу;
Ойын
элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды
орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау
жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ
барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен
чемпион!», «Санамақ» сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп
өткізуге машықтандыру.
Сонымен, дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны
орасаң болары хақ. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге
сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың
ұлттық ойындары мен
қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату, аударыспақ сынды
ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу
нәтижесінде оқушылардың
белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін
артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде
оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.
Қорыта айтқанда, алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамыту керек. Сол арқылы
ұжымдық зерттеуге қол жеткізіп, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артады. Жаңа идеяларды
еңгізу барысындағы орындалатын міндеттер:
1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.
Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру.
6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан
қалыптастыруға мән беру керек.
Нәтижесінде әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады, оқушының
бойындағы жетістіктері көрінеді, оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады, жан-жақты дамуға
қол жеткізеді.