Республикалық ғылыми әдістемелік журнал Республиканский научно методический журнал



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата25.02.2023
өлшемі3,64 Mb.
#170146
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Электронка-2
сурат, Бақылау жұмысы, 12семинар қазақ әдеби тілінің тарихы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


37 
 
 
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ – 
КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ» 
 
 
 
 
Түркістан облысы Сауран ауданы 
Тұран жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
Гулметова Махсудахон Маматсапаевна 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты 
міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық 
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. Сол себепті білім беру саласында 
қызмет ететін барлық ұстаздар бүгінгі таңда АКТ технологиясына бет бұрып, оны оқу үдерісінде белсене 
пайдалану үстінде.
Техниканың дамуы ілгері басқан бұл заманда оқушылардың өздері күнделікті өмірде смартфон, 
теледидар, планшет, ғаламторға қосылған компьютер сынды көптеген заманауи «гаджеттерді» емін˗еркін 
пайдаланып үйренген. Сол себепті мұғалімдерге оқу үдерісі кезінде балаларға жай ғана ауызша түсіндіру, 
оқулықтағы ережелер мен жаттығуларды орындау, тақтада жұмыс жасату сияқты бұрынғыдай дәстүрлі 
жолдармен олардың назарын шоғыр ландырып оқыту қиынға соқты. Міне, осы кезде 
ақпараттық˗коммуникативті технологиялар (АКТ) педагогтар үшін үлкен қолғабыс болады. 
Оқыту үдерісінде өзімізге үйреншікті компьютер, презентация, интербелсенді тақтадан басқа 
электронды оқулықтар, үлестірмелі карточкалар, тақырыптар бойынша сараланған суреттер топтамасы, 
аудиожазбалар, «сөйлейтін кітаптар» және тағы басқалардың барлығы да оқушыларға тақырыпты 
түсіндіруде АКТ ретінде көмекші құрал қызметін атқарады. 
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық
болуы керек» деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай қазақ тілі мен әдебиеті
сабағында ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне 
жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көрсетеді.
Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге 
қолайлы; 
Сабақ барысында әртүрлі платформаларды пайдаланып сабақты қызықты өткізіп, оқушының
ынтасын арттыруға болады. Мен өз тәжірибемде «
Wordwall
», «Каһооt» ойындарын, «Padlet» тақтасын, 
«
Google Forms
» 
платформаларын қолданып өткіземін. «Plickers», «Tarsia» әдістерін қолданып 
ақпараттық технологияны кеңінен қолданамын. Барлық оқушы ынтамен тапсырманы орындайды, әрі
уақыт үнемделеді. Тапсырмалардың орындалысын тез бақылауға болады. «Білімленд», «Онлайн 
мектеп» ресурстарын кеңінен пайдаланамын. Себебі бұл платформада оқу мақсаттарына сай
түсіндірулер, тапсырмалар дәл, нақты берілген. Оқушыларға қолжетімді.
Wordwall сервисімен жұмыс жасау да тиімді, әрі оқушы үшін қызықты. Бұл сервис арқылы түрлі
шаблондағы ойындарды сабақты қорытындылау кезінде қолдануға болады. Сабақтарымда «Қызықты
викторина», «Лабиринт», «Кездейсоқ дөңгелек», «Сәйкестендір». «Шындық немесе жалған», «Сыңарын 
тап» тағы басқа ойындарды оқушыларға жүргізіп отырамын. Оқушылар бұл ойындар арқылы берілген 
тапсырмаларды сабақтан кейін де үйлерінде қайталап орындай алады. Оқушы тапсырманы орныдау
барысында қате кеткен тұстарын түзетіп, сабақта өтілген материалдарды есте сақтай алады, сабаққа
деген құлшынысы артады. Мысалы : 5-сыныпта қазақ тілінен «Қиял мен шындық бірлігі», 6-сыныпта
«Су-тіршілік көзі» тақырыптарын өткен кезде «лабиринт», 7-сыныпта әдебиеттен «Батыр Баян» 
поэмасы тақырыбында «Кездейсок дөңгелек немес Барабан» ойынын ұйымдастырдым.
«Каhoot!» ойынын да тақырыпты қорытындылау немесе бөлімді қорытындылау кезінде қолдануға
болады. 5-сыныпта «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі бойынша өткіздім. Бұл ойындарды оқушы ұялы
телефондары арқылы орындайды . Әрбір оқушының тапсырманы орындау деңгейі экранда оқушыларға 


38 
таныс болады. Бұндай ойындар оқушының пәнге қызығушылығын арттырады, шапшаң орындауға 
тырысады, кейбір қателескен тұстарын ссылка арқылы қайтадан орындап көруге болады, қайталап
орындау арқылы есте сақталып қалады.
Wordwall сервисімен жұмыс жасау да тиімді, әрі оқушы үшін қызықты. Бұл сервис арқылы
түрлі шаблондағы ойындарды сабақты қорытындылау кезінде қолдануға болады. Сабақтарымда
«Қызықты викторина», «Лабири нт», «Кездейсоқ дөңгелек», «Сәйкестендір». «Шындық немесе
жалған», «Сыңарын тап» тағы басқа ойындарды оқушыларға жүргізіп отырамын. Оқушылар бұл
ойындар арқылы берілген тапсырмаларды сабақтан кейін де үйлерінде қайталап орындай алады.
Оқушы тапсырманы орныдау барысында қате кеткен тұстарын түзетіп, сабақта өтілген
материалдарды есте сақтай алады, сабаққа деген құлшынысы артады. Мысалы : 5-сыныпта қазақ 
тілінен «Қиял мен шындық бірлігі», 6-сыныпта «Су-тіршілік көзі» тақырыптарын өткен кезде
«лабиринт», 7-сыныпта әдебиеттен «Батыр Баян» поэмасы тақырыбында «Кездейсок дөңгелек немес 
Барабан» ойынын ұйымдастырдым.
«Каhoot!» ойынын да тақырыпты қорытындылау немесе бөлімді қорытындылау кезінде
қолдануға болады. 5-сыныпта «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі бойынша өткіздім. Бұл ойындарды оқушы
ұялы телефондары арқылы орындайды . Әрбір оқушының тапсырманы орындау деңгейі экранда 
оқушыларға таныс болады. Бұндай ойындар оқушының пәнге қызығушылығын арттырады, шапшаң 
орындауға тырысады, кейбір қателескен тұстарын ссылка арқылы қайтадан орындап көруге болады,
қайталап орындау арқылы есте сақталып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет