4
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі –
айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне
қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша
көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа,
әсемдікке,
талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары мен
түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату,
оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және
бірлесіп шешу қажеттілігіне
тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен
серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:
Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі
мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен
таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат
жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.)
немесе
әдіске ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап
береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау
қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.
Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе ата-аналар топтарымен
жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі
топтың ата-аналарын шақырамыз.Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі,
проблемалық
мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.Кейбір жас ата-аналарға
семинар - практикумдардың маңызы зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға,
кітапты қалай оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы әңгімелеуге,
жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Топтық жиналыстарды талқылауға 2-3 мәселені ұсынады
бір сұрақты тәрбиеші дайындайды, басқа мәселелер бойынша ата-аналар немесе мамандардың біреуі
дайындайды. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?», «Теледидар
балаларды
тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?» өткізуге болады.
Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан
жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты,
әсекеге қабілетті , өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Осы жолда аянбай еңбек етуді өз
парызым деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: