Республикалық онлайн конференцияға арналған баяндаманың тақырыбы: «Көкшетау қаласының Жоғарғы техникалық мектебіндегі кәсіби қазақ тілін оқытудағы өзекті мәселері мен әдістемелік жетістіктері»



Дата08.09.2017
өлшемі31,72 Kb.
#30288
Республикалық онлайн конференцияға арналған баяндаманың тақырыбы:

« Көкшетау қаласының Жоғарғы техникалық мектебіндегі кәсіби қазақ тілін оқытудағы өзекті мәселері мен әдістемелік жетістіктері»

Құрметті ханымдар мен мырзалар, қадірлі көрермендер!

Мені аты-жөнім Қожабаева Халима Шәріпқызы, Көкшетау қаласының

Жоғарғы техникалық мектебінде 36 жылдан бері еңбектенудемін, жоғарғы санатты екі тіл ,неміс және қазақ тілі , маманымын.

Бүгінгі таңда әрбір оқытушы өз жұмысын қазіргі заман талабына сай жоспарлайды,сондықтан біздің мекемеміздің тіл мамандары да осы бағытта жұмыс атқаруда.

Демек,  «Кәсіби қазақ тілінің»  мақсаты мамандыққа қазақ тілін кәсіби деңгейде жетік меңгеру талаптарын негізге алады. Бұл пәнді аяқтаған тіл үйренуші:
- мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек;
- мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны  дәлелдеп, қорғай білуі;
- өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын, терминологияны үнемі дамытып отыруы;
- мемлекеттік тілде өз мамандығы аясында шешен сөйлеуге дағдылануы;
- кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі;
- проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде көркем жеткізе білуі керек және т.б.
    Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда оның қоғамның барлық саласында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен байланысты екендігі баршамызға дау туғызбаса керек. Осыдан бәсекеге қабілетті, мемлекетіміздің мақсаты мен мүддесіне қызмет ететін білікті маман даярлауда бұл пәннің өзекті екендігі айқындалады.
Жоғары техникалық мектеп бүгін Қазақстанда алдыңғы қатардағы , экспериментті жаңа жобамен, үш деңгейлі мамандар даярлайтын, дуалды оқыту бағдарламасы бойынша, практиға бағытталған жоспарлар бойынша жұмыс атқаратын үздік оу мекемесі болғандықтан, кәсіби қазақ тілі пәнінің де негізгі оқу материалы да сол практида өтетін оқу материалымен тығыз байланыста өтуі тиіс. Кәсіби терминдер де сол практида өтетін құрал, сайман , білдектерге, т.б. байланысты болуы қажет. Сабақта жаңа тақырып өткенде студент өзінің практикада алған біліміне, біліктілігіне сүйеніп, салыстыру арқылы қазақ тілінде берілген терминдердің орысша баламасын , мысалы, сұлбаға қарап, аударып береді. Мәселен, « Машинажасау технологиясы» мамандығында оқитын студенттер практика кезінде машинажасау білдектерді өтеді, сол білдектердің бөлшектерімен танысады, сол білдектерде жұмыс жасайды. Ал сол практика алған білімін біз кәсіби қазақ тілі сабағында қазақша пысықтаймыз, мысалы, тақтада қазақ тілінде берілген білдектің сұлбасы, әрбір білдектің бөлшегі нөмірленіп қазақша аталған.

Білдекті жақсы менгерген студент қиналмай-ақ оның бөлшектерін орысшаға аударып береді. Оны сабақтың мына фрагменті нде көре аласыз.

(Фрагмент фильма.)

Бұдан кейін жаңа терминдерді жаттаймыз, оған арналған мынадай құралдар, яғни дыбысталған анимациялық термин сөздігін, жасадық.

( слайды: машинажасау терминдері)

Меніңше, Қазақстандағы кәсіби қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың ең өзеті мәселесі – ол оқу құралдарының аз болуы, мамандық саны көп, ал бүгін кәсіби қазақ тілінен жазылып басылымнан шыққан оқу құралдары тек бірнеше мамандықтарды қамтиды. Бұл мәселені де біз шешудеміз, 2010 жылы бірінші оқу құралым басылымнан шықты, енді тағы бірнеше мамандықтар бойынша біздің оқытушыларымыз оқу құралдарын жазуда. Сонымен қатар біздің кітапханада әрбір студент ез келген пәннен Цифрлық Оқыту Ресурстарын пайдалана алды. Кәсіби қазақ тілінен барлық оқитын мамандықтар бойынша ЦОРлар бар, біреуін көрсетейік.

( МС- ЦОР показать )

Құрметті қауым, құлақ түріп , тыңдағандарыңызға, назарларыңызға рахмет. Өз баяндамамды мынадай сөздермен аяқтағым келеді:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

Учитель! Труд твой кропотливый,
С каким трудом еще сравнишь?
Ты словно сеятель над нивой,
Бесценный урожай растишь!
Ты будто первооткрыватель,
Ведешь по жизни молодежь,
Ты в тоннах знаний, как старатель,
Крупицу золота найдешь.

Қожабаева Халима Шәріпқызы
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет