Жетекшісі: Бегельдиева Толкынай Олжабаевна
Ж.Ақылбаев атындағы
мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Шет ауданы
2016
Мазмұны
І. Кіріспе ............................................................................. 1
ІІ. Негізгі бөлім. Қазақтың ұлттық киімдері ............................ 1-5
ІІІ. Қорытынды ......................................................................... 5
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ............................................ 6
Қазақтың ұлттық бағалы киімдері Ермек Ақерке Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның 2–сынып оқушысы, Қарағанды облысы, Шет ауданы
І.Кіріспе Қазақ халқының киім-кешегі – ұлттық тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақтардың ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады. Киімдердің материалдарынан, тысталуынан және тігілуінен халық тұрмысының жай-күйі, мәдениетінің қалыптасу процесі, ғасырлар бойғы жинаған еңбек тәжірибесі көрінеді.
Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері көп. Кең байтақ даламыздың табиғатына, ауа райына байланысты киім түрлерінде де өзгерістер бар. Бүгінгі киімдер әрбір адамның жеке талғамына орай тым жиі өзгертілетін болса, бұрынғы кезде олар ұлттық дәстүрге сай тігілетін еді.