Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Аймағанбетова Сара Көмекбаевна



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата29.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#115984
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
457 журн Сбор

Аймағанбетова Сара Көмекбаевна

  

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы 



№ 2 «Жанар» бөбекжай-бақшасының  

әдіскері  

 

 

Балалардың сөздік қорын ойындар арқылы молайту 

 

Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен 



дамыту  ісінің  түпкі  негізін  қалайтын  орын.  Сондықтан  да,  балалардың  ой-өрісін  үздіксіз 

дамыту  үшін  сабақты  ойын  арқылы  өткізудің  маңызы  зор.  Білім  беруде  мақсатқа  жету 

үшін, баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, 

көздеген мақсатқа жетеміз.  

Ойын баланың кез-келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. 

Баланы  жас  кезінен  жақсы  мінез-құлыққа,  әсіресе  мейірімділікке,  инабаттылыққа,  жасы 

үлкенді  және  бірін-бірі  сыйлауға  үйрету  ата-аналар,  ұзтаздар  мен  тәрбиешінің  бірден  бір 

қасиетті міндеті.  

Қазақ  халқында  «Баланы    ойын  өсіреді»  деген  даналық  сөз  бар.  Ойын  балалар 

өмірінің  нәрі.  Ойын  баламен  мәңгілік  өмір  сүреді.  Ойынды  баланы  алданушы  құрал 

ретінде  ғана  қолданбай,  ойын  арқылы  баланың  дүниетанымын    қалыптастыруға,  қиялын 

шындауға  баланың  арман,  тілегін  білуге,    зейінін,  жадын  қалыптастыруға,  ойлау 

қабілетіннің дамуына әсер етуге болады. Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы 

балалар  қоғамдық  тәжірибені  меңгереді,  өзінің  психологиялық  ерекшеліктерін 

қалыптастырады.  Бала  ойынында  да  қоғамдық,  ұжымдық  сипат  болады.  Мәселен  кез-

келген  бала  ешуақытта  жалғыз  ойнамайды,  қатар  құбыларымен  бірлесіп  ойнайды,  сол 

арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.  



 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



22 

Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты 

дамуы  да  жоқ  және  болуы  да  мүмкін    емес»,  -  деп  айтқан  В.А.  Сухомлинский,  ойын  – 

дүниеге  қарай  ашылған  үлкен  сезімі  жасампаз  өмірімен  ұштасып,  өзін  қоршаған  дүние 

туралы  түсінік  алады.  Ойын  дегеніміз  –  ұшқын,  білімге  құмарлық  пен  еліктеудің  маздап 

жанар оты. Ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен 

қанат  бітіретін, ақыл- ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойын баланың күш 

қуатын  молайтып,  оны  шапшандыққа,  дәлдікке  ғана  тәрбиелеп  қана  қоймай,  оың  ақыл- 

ойының  толысуына,  есейіп  өсіуіне  де  пайдасын  тигізеді.  Бала  ойнап  жүріп  айналады, 

жүйкесі  тынығады,  көңілі  өсіп,  денесі  ширай  түседі.  Ойын  арқылы  тұрмыс-салт,  әдет-

ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайында таным түсінігі де қалыптасады.  

Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына 

қалдырған үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар. Ұлттық ойындағы ата-бабамыздан бізге 

жеткен,  өткеніміз    бен  бүгінгіні  байланыстыратын  баға  жетпес  байлығымыз,  асыл 

қазынамыз  деп  қараған  жөн.  Бала  ұлттық  ойын  үстінде  өмірде  көрген-білгеніне,  өзіне 

ұнаған  адамның  іс-әрекетіне  еліктей  отырып,  соны  бейнелей  ойнайды.  Халқымыз 

ойындарды балаларды тек алдандыру, көңілін көтеру ісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне 

сай  оларды  көзқарасының,  мінез-құлқының  қалыптасу  құралы  деп  те  ерекше  бағалаған. 

Ендеше адамдыққа баулу жұмысының ережесі  нақтылы мақсатты көздеуі шарт. Тәрбиеші 

балалардың  орынды  іс-әрекеттерін  мақұлдай  отырып,  азды-көпті  жіберген  кемшіліктерін 

өздері  түсініп,  түзеуге  бағыттай  білуі  тиіс.  Балалардың  рухани  дүниесін  байыта  отырып, 

жаңа, міндетті саналатындықтан, балабақша жұмысының мазмұнына күн тәртібінің барлық 

сәттері мінез-құлық ережелерін дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Тегінде көп нәрсе 

баланың  өмірін  дұрыс  ұйымдастырып,  жақсыға  қарай  баулып  шебер  басқара  білуге 

байланысты. Сондықтан педагог балаларды ойындарға өз қызығушылығымен, ынтасымен 

қатысуын  қамтамасыз  етуге  міндетті.  Сондай  жағдайда  ғана  ойын  өз  мақсатына  жетіп, 

тәрбиелік мәні арта түседі. Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады:  

А) ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді дамытады, сөздік қорды байытады, өмірді 

танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді

Ә)  ойын  –  ерік-жігерін  және  мінез  қасиеттерін  бекітеді,  адамгершілік  сапаны 

жетілдіреді; 

Б) ойын – ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі; 

В) ойын – эстетикалық тәрбие беру құралына айналады

Г) ойын – еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді; 

Д)  ойын  –  дене  күшінің  жетілуіне  көмектеседі.  Бала  ұлттық  ойын  үстінде  өмірде 

көрген-білгеніне,  өзіне  ұнаған  адамның  іс-әрекетіне  еліктей  отырып  соны  бейнелей 

ойнайды.  Демек  ойын  баланы  жан-жақты  жарасымды  тәрбиелеудің  психологиялық  және 

физиологиялық негіздері болып  табылады. Ойын  баланы жасытпай  оқытуға,  балалардың, 

бойында  сенімсіздік  комплекстерін  жоюға,  баланың  өзін-өзі  тануына,  жеке  тұлғалыққа, 

дарындылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеудің негізгі құралы. 

Дидактикалық ойынның маңызы. Дидактикалық ойындар балалардың білімін кеңейту 

және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл. 

«Ойын  ойнап,  ән  салмай  өсер  бала  болар  ма»  дегендей,  ойынның  қай  түріне  

болмасын  зер  салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  одан  мәнді  де  мағыналы  істер  туындап 

өрбитінін  байқаймыз.  Өйткені  алдымен  ненің  болсын  бастамасы,  жол  бастар  қайнар  көзі 

болатыны  белгілі,  демек  біз  ойынды  бар  өнердің  бастауы  деп  білеміз.  Ойын  үсінде  бала 

өзін  еркін  ұстайды,  ал  еркіндік  дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы.  Сондай  ақ  ойын 

баланың  болашақ  өміріне  есік  ашып,  оның  ізденімпаздық,  тапқырлық  қабілетін  оятады. 




 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



23 

Осы  тұрғыда  баланың  байқағыштық,  зерттеп  алыстыру,  сезім  қабілеттін  дамытуға, 

баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен 

қатар сөздік қорын молайтуғада дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады. 

Ойын  көп  жоспарлы,  күрделі  педагогикалық  процесс  болғандықтан  мектепке  дейінгі 

жастағы  балалардағы  оқытудағы  ойындық  әдіс  болып  табылады.  Оқыту  формасы 

балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып есептелінеді. 

Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады: ойын сабақтары 

және  дидактикалық  тапсырмалар  не  болмаса  автодидактикалық  ойындар.  Мен  өзі 

тәжірбиемді  ойындық  сабақтардың  көмегімен  балаларға  білім  беріп  қана  қоймай,  оларға 

қалай  ойнатуды  да  үйретемін.  Балалар    ойын  ойнағанды  ұнатады    және  өз  ынталарымен 

беріліп ойнайды. Тапсырмаларымды балалар өз беттерімен орындап және ұйымдастырып 

бір-біріне баға беруге үйренеді. 

Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін өткіземін: 

1.

 

Ойыншықпен ойналатын ойындар. 



2.

 

Үстел үстінде ойналатын ойндар. 



3.

 

Сөздік ойындар. 



Ойынның  мазмұны  бірнеше  элементтен  құралады.  Дидактикалық  тапсырмалар, 

мазмұны,  ережесі  және  ойынның  орындалуы,  мұнда  басты  элемент  –  дидактикалық 

тапсырмалар  болып  табылады,  ал  қалған  элементтер  осы  тапсырмаға  және  оның 

орындалуына  көмектеседі.  Тапсырмалар  әртүрлі  болады  (табиғат,  жануарлар  және 

өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге 

байланысты.  Ойынның    үлкен  басты  рөлі  ережелерге  сүйенеді,  ережелер  әр  баланың 

ойында не істеуі керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді 

және  балалардың  өзін-өзі  ұстауға,  өздерінің  мінез-құлықтарын    қадағалауға  үйренеді. 

Сонымен бірге, психологиялық  жағдайларын жақсартады. 

Дидактикалық  ойынды  қолдану  үшін  үлкен  педагогикалық  шеберлік  қажет  етеді. 

Ойынды  таңдап  алған  соң,  ойынның  көмегімен  қандай  тапсырманы  орындайтынын 

анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға 

ойын  түсінікті,  анық,  жас  ерекшеліктеріне  сай  болуы  тиіс.  Дидактикалық  ойында    білім 

беру мен оқыту бір-бірімен  тығыз байланыста жүреді. Қорыта айтқанда, ойын  – баланың 

жан  серігі.  Ойын  сырттай  қарағанда  ешқандай  қиындығы  жоқ,  оп-оңай  көрінуі  мүмкін. 

 Ал, іс жүзінде  бала  ойынға  қатысуы  үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын 

іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой 

дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



24 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет