Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата29.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#115984
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
457 журн Сбор

Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  

№42 ОМ педагог-психологы 

 

 



 

 

«Рухани  адамгершілік құндылықтар негізінде  



«Өзін-өзі  тану» пәнін негізгі  пәндермен кірігуі» 

 

Ұлттық  рух бойымыздан жоғалған 

                                                                   Қашан, қалай оралары белгісіз. 

                                                                   Күзде  талдай   жапырағы тоналған 

                                                                          Ұрпақ   жайын  ойланыңыз енді сіз...   

    


     Елбасы   өз  сөзінде:  «Еліміздің   ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  бола-

шақты  білімді  ұрпақ  айқындайды,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаз 

қолында»   деп   атап  көрсетті.      Қазіргі  таңдағы  мақсатымыз  жаңа  кезеңде 

жас  


ұрпақты 

тәрбиелеудегі 

актуалды 

мәселелерді 

тиімді 

шешілуін 

ұйымдастыру.Еліміздің  болашағы  -  ұрпақ  тәрбиесінде.  Бүгінгі   таңда  оқушыға 

әлемдік ғылым мен про-гресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани 

байлығы мен мәде-ниеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен  қатар әр 

адамның  кәсіби  біліктілігі  мен   білімділігін,  іскерлігін  арттыру  әділетті   қоғамның 

міндеті  болып табылады. 

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқында» еңбегіндегі «Мағжанның   жүрек 

тебірентерлік  мөп-мөлдір  лирикасы,  Мұхтардың  эпикалық  көркем  про-засы, 

Шоқанның  барша  әлемді  таңқалдырған  жаңалықтары,  ұлы  Абайдың  түп-сіз  терең 

философиялық  толғаулары  сияқты  осынша  мол  ұлттық  құндылықта-рымыз  әрбір 

адамның ішкі жан дүниесін рухани байытып, сана-сезімін шарық-тата көтеретініне 

күмән  келтіре  алмайсың»  деген  салиқалы  сөздер  біз  көтеріп  отырған  мәселені 

шешуде ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану керектігін көрсетеді.   

     А.Байтұрсынұлы  «Атадан балаға мирас болып екі ақ нәрсе қалады, бірінші – 

бай    тіл,  екінші  –  байтақ    жер»  –  деп  жазған.    Патриотизмнің  маңызды  өлшем-

дерінің тіл қазақ зиялылары,  әсіресе А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің отансүйгіш-тікке 

тәрбиелеудегі    роліне  мән  берген.  Оның  пікірінше,  тіл  адамның  ұлттық  ерекше 

белгісі, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынаста қолданылатын ұтымды қа-рудың бірі.  

      2500 жыл бұрын өмір сүрген Конфуции «әр нәрсені өз кезінде орындау өмі-

ріңді  рахатқа  кенелтіп,  барша  тіршілікке  тән  өрлеу  заңының  жетілуіне  әкеледі».   

В.Г.Белинский:  «Тәрбие    -    ұлы  іс,  тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешіледі»  десе, 

Д.И.Менделеев:    «Тәрбиесіз  білім  –есуастың    қолындағы  қылыштай»  де-ген 

болатын.  Тәрбиенің  маңыздылығы  сондай,  біздің  болашақ    ұрпағымыз  тәр-биеден 

ғана  рухани байлық алып, тәрбие арқылы  ғана  адам болып қалыпта-сады.   Біздің 

мақсатымыз-оқушыларымызды 

мүмкіндігінше 

жан-жақты 

тәр-биелеу.  

М.М.Пришвиннің  сөзін  келтірсек,  «Оқушы  –жастарымыз    дұрыс  тәр-биеге  наннан 




 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



18 

да артық  душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көр-сетсе, адамдар неге 

бірін- бірі тәрбиелемеске?  Жаңа білім парадгимасы бірінші орынға баланың білімін, 

білігі  мен  дағдысы  емес,  оның    тұлғасын,  білім  алу  арқылы  дамуын  қойып  отыр.  

Я.А.Коменский «Тәрбиені мойындамау – адам-дардың, жанұяның, мемлекеттік және 

бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.  

             Рухани-азаматтық  тәрбие  сәбидің  бойында  ең  алдымен,  анасына,  өз 

отбасы-на,  үйіне,    туған  жеріне  деген  жылы  сезімнен  бастау  алатын,  тұлға  өскен 

сайын біртіндеп  ұлт, халық, әлеумет, мемлекет  деңгейіне көтеріле беретін бүкіл ғұ-

мырына жалғасып жатады. Мектеп қабырғасынан бастап, рухани адамгершілігі мол 

азаматты тәрбиелеу жұмысы өз алдына бірқатар міндеттер қойылады: 

-

 



Мемлекеттік тілді оқыту; 

-

 



Ұлттық  мәдени мұраны игеру; 

-

 



Қазақстан Республикасы рәміздерін құрметтеу; 

-

 



Қазақ халқының тарихын терең меңгеру

-

 



Салт-дәстүрлерді қастерлеу, мәдени рәсімдерді орындай білу  

Осы міндеттер жалпы  адамзаттың және  ұлттық мәдениетті бойына сіңіре біл-

ген  рухы  биік,  жігерлі,  нағыз  отансүйгіш  білімгер  тәрбиелеудің  жаңа  жүйесін 

қалыптастыру мақсатына бағытталған.          

    Оқушы  бойына  рухани-азаматтық  сезімнің  қалыптасуы  отбасы  тәрбиесі  мен 

балабақшадан бастау алатыны айқын. Оқушы отбасында патриотизмге тәрбие-леу , 

ана  тілін  үйрету,  ұлттық  мінез-құлық  қалыптастыру,  ұлттық  салт  –  дәстүр-ді 

сақтауға баулу, шыққан ата тегін білуді таныту - ата - ана парызы. Халқына құрмет, 

тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай - ақ туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік 

сияқты  перзенттік  борыш  тұлға  бойына  сәби  шағында  дарыса,  бұл  қасиеттер  өсе 

келе,  әрі  қарай  дамып,  қалыптасуына  қолайлы  жағдай  туғы-зады.  Халық 

педагогикасының  негізгі  қағидалары   және  оның  ғылыми   педаго-гикамен 

байланысына  тоқтала  келе,   «Сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  толық  адам  тәрбиелеу 

қағидаларын төмендегі кесте түрінде жүйелейді: 

1.

 

Ақылды, арлы, намысшыл азамат  болуын қарастыру.  



2.

 

Еңбексүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу 



3.

 

Тән сұлулығын  қарастыру, әсемділікке  баулу. 



4.

 

Адамгершілік қасиеттерге  (ізгілікке, имандылыққа)  баулу 



5.

 

Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа,  бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу 



6.

 

«Жігітке  жетпіс  өнер  де  аз»,   «Өнер   -  өрге  сүйрелейді»  деп  қарап,  өнер  мен 



білімді насихаттау.  

7.

 



Табиғат пен қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.  

8.

 



Дене шынықтыруға тәрбиелеу.    

        Бүгінгі  таңдағы  Қазақстан  жайында  оқушылардың  рухани  азаматтық  сезі-

мін  қалыптастырудың,  адамгершілікке  негізделген  ұлтаралық  береке,  бірлікті, 

ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты оқу- 

тәрбие  үрдісінде  оқушыларды  отансүйгіштікке,  ерлікке,  адалдыққа,  елін,  жерін 



 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



19 

қорғауға,  шыншылдыққа  тәрбиелеу  қажет.  Қазіргі  жағдайда  рухани-аза-маттық 

тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштері: 

1)

 



Өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі; 

2)

 



Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы; 

3)

 



Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білу; 

4)

 



Халықтың өткен тарихын білудің қажеттілігі; 

5)

 



Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын сақтау,  мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу 

қажеттілігі  болып табылады.  

 Тәрбиенің жалпы негізі рухани-азаматтық  құндылықтары болуы керек. Рухани- 

адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас 

кезінде  бала  бойына  дариды.  Ал  мұғалімнің  басты  мақсаты  -  өзіндік  рухани-

азаматтық құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі 

рухани  қазынасын  жарыққа  шығару,  әрбір  баланы  жеке  тұлға  ре-тінде  жетілдіру 

үшін  оның  бойындағы  бар  құндылықтарды  дамыту.    Мектеп-тегі,  сабақтан  тыс 

уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды 

рухани-адамгершілікке,    азаматтық    жүйеге  тоғыстыру.  Мектеп  қабырғасында 

жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең 

әуелі  ұрпағымызды  бала  кезінен-ақ  ұлттық  тәлім-тәрбиеге,  рухани  адамгершілік 

әдетке,  азаматтық  мәдениетке  баулу  керек.  Сонда  жас  ұрпақ  елі  үшін  елең  қағар 

азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады.  

Қазір  қоғам  жан-жақты  үйлесімді  жетілген  жаңа  ұрпақты  –  жаңа  адамды 

тәрбиелеуді  талап  етеді.  Қоғам  талабы  –  заман  талабы.  Өйткені  «Әр  адам  -  өз 

заманының  баласы».  Сол  себепті  адамды  заман  билейді,  заманына  сай  заңы 

туындайды.  

    Оқушының  жасын,  жеке  ерекшелігін,  психикалық  процестерін  ескере  оты-

рып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек: 

  *еңбексүйгіштікке,  еңбекті  қажетсінуге  баулу,  күнделікті    өмірін  мәнді 

ұйымдастыру; 

  *тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы  еңбекке құлшынысын арттыру; 

  *өзіне-өзі қызмет ету  дағдыларына    үйрету; 

  *отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл  табысып, түсінісуін, 

бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын,  жасы  үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға 

үйрету; 

  *оқушыны  оқыған  шығармалардың  басты  кейіпкерлерінің  іс-әрекеттерінің 

жағымды  жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету; 

  *оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу; 

  *оқушының  сана-сезім,  ақыл-ой  қызметінің  дамуына,  қалыптасуына  ықпал 

жасай  отырып,   шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу; 

  *оқушылардың  сабақтар  бойынша  алған  білім,  білік  дағдыларын  одан  әрі  да-

мытып,  тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу

  *оқушыларды 

сөйлету  арқылы  кейіпкерлердің  іс-әрекетін  салыстыру, 

қорытындылау,бағалауға үйрету; 

  * оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру. 




 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



20 

Тұлғаны  рухани  –  адамгершілікке  тәрбиелеудің  маңызы  зор  екенін  осыдан 

көруге болады. 

    Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-санамызға  сәйкес,  жан-жақты  тазалық  жү-

йесіне  негізделген  дүниетанымда  тәрбие  көрген  ата-ана,  ұстаздың  ойы,  сөзі,  ісі 

берген  тәлім-тәрбиесі  мен  білімі  баланың  пәк  те  таза  жүрегіне  бұлақтың  мөлдір 

суындай сіңіп, өмірлік  тура жол, рухани азық болары түсінікті.  

   Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық тәрбие, ұлттық рухты 

сақтап  қалу  үлкен  міндет.  Олай  болса,  рухани  байлыққа  ең  алдымен,  тілімізді, 

дінімізді,  салт-дәстүрлерімізді  жатқызсақ,  тіл-  қазақ  болуымыз  үшін,  дін-  адам 

болуымыз үшін, салт-дәстүр ұлт болуымыз үшін қажет.   

       Рухани-  адамгершілік  тәрбиесі  өзіндік  сананы  дамытуға  жағдай  жасауды, 

жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі және саяси әрекетке 

қабілетті сезіну мүмкіндігін беретін  тұлғалық интегративтік қасиетін, оның қо-ғам 

өмірінің  нормалары  мен  дәстүрлерімен  келістірілетін  моральдік  қасиеттерін  және 

қалыптастыруды болжайды. 

 

 

 



әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенті  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет