Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Хамидуллина Жаңыл Тапаловна



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата29.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#115984
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
457 журн Сбор

Хамидуллина Жаңыл Тапаловна 

Батыс Қазақтан облысы 

Облыстық  көру қабілеті бұзылған балаларға 

арналған арнаулы мектеп-интернаты 

директорының түзету-әдістемелік 

ісі жөніндегі  орынбасары



 

Жумагелдина Нургул Елтаевна 

директорының  оқу ісі жөніндегі  орынбасары 



 

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қашықтан оқыту 

ерекшеліктері 

 

Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  принциптері:  бәрінің  сапалы 

білім  алуға  тең  құқылығы,  білім  беру  жүйесін  дамытудың  басымдығы  және  әр  тұлғаның 

зияткерлік дамуын,  психофизиологиялық және  жеке  ерекшеліктерін  ескере  келе, халыққа 

арналған білім берудің барлық деңгейлерінің қол жетімділігі болып табылады. 

Елдегі арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңдегі міндеттері - 

барлық  балаларды  сапалы  білім  беруге  қосу  процесі,  көпшілік  мектептерге  арнайы  және 

инклюзивті  білім  беруді  енгізу,  ерекше  оқу  қажеттілігі  бар  балалардың  жеке 

траекториясын дамытуға бағытталған білім беру моделін құру. 

Қазіргі  заманғы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  білім  берудің  мақсаты  мен 

міндеттері  –  білім  алудың  өмір  бойына  үздіксіздігі,  білім  сапасы  мен  қолжетімділігін, 

соның  ішінде  қашықтан  оқыту  арқылы  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету.  Ерекше  білім  беру 

қажеттіліктері  бар  балалар  үшін  білім  беру  қызметтерінің  кең  спектрін  қамтамасыз  ету 

үшін  тиімді  жағдай  жасау  тәжірибесін  белсенді  түрде  жүзеге  асыру,  олардың 

қанағаттануын  жақсартады.  Жаңа  ақпараттық  білім  беру  технологияларын  енгізу  және 

қашықтан білім беру арқылы білім беру бағдарламаларын және осы санаттағы балалардың 

білімге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді. 

Қашықтан  оқыту  –  елімізде  жалпы  білім  беру  және  арнайы  білім  жүйесінің 

құрылымдық  жүйесі  және  ұйымдастыру,  әдіс-тәсілдердің  елеулі  өзгерістерін  білдіретін 

ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды  арнайы оқыту формасы. Бұл өзгеріс барлық 

балалардың  психофизикалық  жағдайлары  мен  даму  деңгейіне  қарамастан  әлеуметтену, 

тәрбиелеу,  білім  беру  және  дамытудың  қашықтан  электронды  әдістерінің   бейімделген 

жүйесін жасақтауда. 

Бұл  берілген  білім  беру  формасы  оқушыларға  жергілікті  жерде  мектепке  оқуға 

мүмкіндік  береді,  бір  уақытта  қашықтағы  оқу-әдістемелік  ортасы  мен  ақпараттық   білім 

беру  ресурстарымен   өзара  әрекеттесуді  қамтамасыз  етеді.  Үйден  оқитын  баламен 

педагогтан  басқа  (тьютордан)  педагог-дефектолог,  түзетуші  педагог,  педагог-логопед, 

педагог-психолог  мамандар  қашықтан  жұмыс  жасайды.  Педагог-дефектолог  ақпараттық 

бейімделуді,  виртуалды-нақты  әлеуметтенуді,  түзете-дамыта  оқытуды,  психологиялық-

педагогикалық  сүйемелдеу  жұмыстары  оқыту  бағдарламасы  бойынша  білімнің 

олқылықтарын толықтыруға бағытталады. 

Әр  мұғалім  қызметін  әдістемелік  сүйемелдеу,  оқушыларды  психологиялық-

педагогикалық сүйемелдеу, денсаулығын  сақтау, түзете-дамыту жұмыстары, демалыс, бос 

уақыттарын ұйымдастыру қашықтан оқу процесінің мазмұндық жағын қамтамасыз ететін 

оқыту  ресурстық  орталықтары,  құрылымдары  жағдайында  ұйымдастырылады.  Сонымен 



 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



25 

қатар, ресурстық орталық оқу-әдістемелік процесті өтуіне жауапты, оны бақылауды жүзеге 

асырады, техникалық мәселені шешуді қадағалайды. 

Қашықтан оқытудың негізгі міндеттері: 

-  ерекше  білім  бер  қажеттілігі  бар  балалардың  білім  беру  бағдарламалары  негізінде 

жоғары сапалы білім беру

- қашықтан білім беру тұжырымдамасы мұғалімнің жетекшілігімен оқыту, сондай-ақ 

қосымша өз бетімен білім алу болып табылады. 

Қашықтан  оқыту  –  бұл  зерттелетін  материалды  оқушыға  жеткізу  үшін  ақпараттық 

технологиялардың жиынтығы, оқу үрдісінде оқушылар мен оқытушылардың интерактивті 

байланысы, сондай-ақ оқу процесінде зерттелетін материалды дамыту бойынша өз беттілік 

жұмысы бар оқушыларды қамтамасыз ету. 

Ерекше 

білім 


беру 

қажеттілігі 

бар 

балаларды 



қашықтан 

оқытуды 


ұйымдастырудың   бірнеше  әзірлік  кезеңдері  бар:  өңделім,  апробация  және  енгізуді 

қамтитын   әзірлік  сатысы,  негізгі  қашықтан  оқыту  жүйесін  тікелей  қолдану  кезеңі, 

бақылау-бағалау шараларын қамтитын қорытынды кезеңі. 

Қашықтан оқытуға тән ерекшеліктері: 

-   модулділік,  бұл  белгілі  білім  салалары  туралы  толық  түсінік  беретін  әр  бөлек 

курстар    (минимальды  уақыт  алатын  сыйымды  және  барынша  нақты  модуль  жасақтау, 

баланың бос уақытта өз бетімен жұмыстану үшін қызығушылық тудырады); 

-  оқушыларға  тұлғалық  бағытталған  оқыту  (сабақ  және  уақыт  шектеуі  жоқтығы,  әр 

оқушының  сақталған  әлеуетін  қолдана  отырып  кестеден  тыс  жұмыстану  мүмкіндігі,  бала 

өзінің  кемшіліктерінен  ұялған  жағдайда  немесе  отбасынан  тыс  қарым-қатынас  жасауға 

келіспеген жағдайда қашықтан оқыту); 

-  технологиялық, өз бетімен, бірақ білімді меңгеру деңгейі бақылатын үдерісте өзара 

әрекет етудің әртүрлі әдістері, формалары және құралдары

-  интерактивтілік,  ерекше білім беру қажеттілі бар балаларды оқытуға толық сәйкес 

келетін және жеткілікті құралдар болып табылады. 

Орынбор  мемлекеттік  университетінің  жалпы  және  кәсіптік  педагогика 

кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Л.А. Витвицкийдің айтуы 

бойынша, қашықтан оқытуды жүзеге асыру төрт құрамнан тұрады: 

- физикалық қашықтықта бөлінгеніне қарамастан мұғалім мен оқушының тиімді өзара 

іс-әрекеті; 

- педагогикалық техниканы қолданатын; 

- дайындалған әдістемелік материалдар тиімділігі және оларды жеткізу түрлері; 

- кері байланыс тиімділігі. 

Ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  балаларды  қашықтан  оқытуды  ұйымдастыру 

барысында төмендегіні ескеру қажет: 

-  баланың  ағымдағы  медициналық  және  психологиялық  жай-күйін  бақылау, 

ұсыныстар арқылы жеке бағдарламалар ұйымдастыру

-  қашықтан  оқытуды  жүзеге  асыру  үшін  барлық  компоненттер  болуы   (құралдар, 

дайындалған педагогтер); 

- осы оқыту формасына ата-аналардың келісімі. 

Әртүрлі  дидактикалық  мүмкіндіктермен  қашықтан  оқытудың  түрлі  модельдері  бар: 

интернеттен  сервистік  құралдарды  пайдалана  отырып,  негізінен  мәтіндік  файлдар, 

мультимедиялық  технология,  видеоконференция,  (электрондық  пошта,  іздеу  жүйесі, 

телеконференция, форумдар, блогтар). 




 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



26 

Сонымен,  арнайы  білім  беруде  жүзеге  асатын  ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар 

балаларды  қашықтан  оқыту  психологиялық-медициналық-педагогикалық  сүйемелдеу 

қызметтері, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің ақпараттық технологиялар қолдау 

мамандары,   жалпы  білім  беру  жүйесімен  өзара  біріккен  қызметте  бірнеше 

артықшылықтары: 

-  тиімділік  –   өнімділікке  және  басқа  да  ресурстық  мақсаттарға  және  уақыт 

шығындары бойынша қол жеткізген жетістіктерді  жақсарту байланыстарында көрінеді

- икемділік –  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психофизиологиялық 

және  жеке-типологиялық  ерекшеліктеріне,  өмір  сүру  жағдайына  сай  оқытудың  уақыты, 

орны және қарқынын таңдай отырып оқыту мүмкіндігі; 

-  модульділік  –   жеке  қажеттіліктерін,  сонымен  қатар  бірінші  және  екінші 

бұзылыстарына  сәйкес  мүмкіндіктерін  қанағаттандыратын  жек  оқу  жоспарымен  оқу,  жек 

түзету-дамыту маршрутын басшылыққа алу мүмкіндігі; 

- параллельділік –  бір уақытта базалық бағдарламалар мен даму бұзылыстарын түзете 

отырып оқыту мүмкіндігі; 

-  жаңашылдық  –   білім  беру  процесінде  ЕББҚ  бар  баланың  өз  беттілік  жұмысын 

бақылауды  жүзеге  асыратын  компьютерлік  жабдықтарға,  компьютерлік  желілерге, 

мультимедиалық  жүйелерге  негізделген  жаңа  ақпараттық  және  коммуникациялық 

технологияларды қолдану; 

- оқушының жаңа рөлі –  оқу процесін өзі ұйымдастыру және өзіндік бақылау болып 

табылады. 

Қазіргі заманғы техникалық құралдар оқу материалдарын өз қажеттіліктеріне сәйкес 

оқушылар түзете алатын мүмкіндік береді.  Мысалы, оқушының көру қабілетінде кемшілік 

болса  оқушы  материалдағы  шрифт  түрі  мен  көлемін  өзіне  ыңғайлы   етіп  үлкейтіп 

қарауына,  суретті  қойып  немесе  орнын  ауыстыруына,  түсін  өзгертуіне,  тақырып  жазарда 

өзіне  ыңғайлы  графикалық  символдарды  қолдануына  мүмкіндік  бар.  Осылайша,  ең 

қолайлы  сипаттамалары  зерттелетін  материалды   оқушы  өзі  таңдайды.  Тірек-қимыл 

аппараттары  қиындық  туындататын  оқушыларға  ыңғайлы  компьютер  құралдары 

қарастырылған, тышқан және клавиатура және т.б.  

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  қашықтан  оқыту  құралдарының  бірі 

бейнеконференция  арқылы  Skype  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  пайдалану  болып 

табылады.  Е.Г.  Самарцева  жасаған  балаларға  инклюзивті  білім  беру  педагогының  кәсіби 

даярлығы  құрылымына  келесі  түйінді,  мазмұнды  компоненттер  кіреді:  тұлғалық-мәндік 

(инклюзивті білім берудің идеологиясын қабылдауға педагогтың рефлекстелген ұстанымы, 

педагог  санасының,  ерік,  сезімдерінің  балаларға  инклюзивті  білім  беруге  уәждемелік, 

когнитивті  (балаларға  инклюзивті  білім  беруге  қажетті  кәсіби-педагогикалық  білімдер 

кешені)  және  технологиялық  (ЕББҚ  бар  оқушыларға  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге 

асырудың кәсіби-тәжірибелік іскерліктер кешені). 

Қашықтан  оқытуды  жүзеге  асыруда  педагогтар  командасына  және  ЕББҚ  бар 

балаларға  bilimlend  сайтындағы  инклюзивтік  курстың  материалдарын  қолдану  оның 

тиімділігін арттырары сөзсіз. 

 

 

 



 

 

 




 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



27 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет