Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



Pdf көрінісі
бет13/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар

1. Даярлық кәсіби кеңес 
беру балаларды саналы 
түрде мамандық таңдауға 
алып келуі керек, бұл 
жұмыс үйретудің барлық 
кезеңі бойы жүргізіледі. 
2. Қорытынды кәсіби кеңес 
берудің мақсаты -
балалардың 
психофизиологиялық 
ерекшеліктері мен 
икемділіктеріне,
қызығушылықтарына 
сәйкес мамандық 
таңдауына көмек көрсету. 
Бұл кеңесті 8-11 
сыныптарда мектеп 
мұғалімдерімен бірлесе 
қосымша білім беру 
педагогтері жүргізеді. 
3. Анықтаушы кәсіби кеңес 
беру ЖОО-да, 
колледждерде, 
кәсіпорындарда жиі жүзеге 
асырылады. 


14 
міндет - жас адамның кәсіби таңдауында бекемделуіне көмектесу. 
Қосымша білім беру педагогінің көмегімен жас адамдар оқу 
мекемесінде үйренуге дайындалуда өз қызметтерінің келешектегі 
жағдайларымен танысады немесе тікелей жұмысқа тұруға көмектеседі.
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби бағдарлау мідеттерін 
шешуде қолданатын нысандары мен әдістері
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби ағарту, оның ішінде кәсіби 
насихаттау және ізінен кәсіби үгіттеу бойынша жұмысын жоспарлау 
алдын ала кәсіби диагностикамен сәйкес келеді. Тек осындай тәсілдің 
негізінде балалармен мамандық таңдауға саналы қатынасты 
қалыптастыруға бағытталған тиісті жұмыс жүргізуге болады. Осыған 
байланысты, кәсіби ағарту - белсенді процесс, балалардың тікелей сол 
процесске қатысып ақпарат алуын талап ететін осындай жұмыс 
әдістеріне көбірек сүйену керек.
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби ағарту бойынша жұмысы 
жағымды нәтижелерге ие болуы үшін ол үлкен педагогикалық 
ептілікпен және әдіспен өткізілуі керек. Ел және қоғамға қажеттілігі бар 
кәсіптерге бағдарлай отырып, қосымша білім беру педагогі осы кәсіпке 
деген қызығушылығын жоғалтуға алып келетіндіктен, қысымнан алшақ 
болуы керек. Кәсіби ағарту бойынша жұмыста қосымша білім беру 
педагогінің басшылыққа алатын басты қағидаты - өмірмен байланыс. 
Осыған байланысты, қосымша білім беру педагогінің осы саладағы 
жұмысының негізгі бағыттарын атауға болады:
кәсіби ағартушылық балаларда ел, салалар, кәсіпорындар, 
кәсіптер туралы толық көпжоспарлы көзқарасты қалыптастыруды 
көздейді; 
кәсіби ағарту бойынша жұмыс жүргізу барысында жалпы білім 
беру және кәсіби оқыту орындарының бар екенін, қалыптасқан еңбек 
дәстүрлерін, осы экономикалық ауданның түрлі салаларын дамытудағы 
бағыттарын есепке алу қажет;
балаларды 
кәсіби 
ағарту 
нақты 
кәсіптерге 
шынайы 
қажеттіліктеріне негізделуі керек;
мамандық әлемімен таныстыруды жастардың ерекшеліктері мен 
икемділіктері, кәсіби қызығушылықтарымен және жас адамдардың осы 
ерекшеліктерінің даму серпінділігімен тығыз байланыстыру керек. 
Кәсіби ағарту бойынша жұмыстың мазмұны балалардың жасы, жынысы 
бойынша құрамын есепке алуы керек.
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби ағарту жұмысында сұхбат 
маңызды орынға ие. Оларды қандай да бір кәсіппен, ұқсас кәсіби 
топтармен, адам үшін оны дұрыс таңдау мәнділігі мәселелерімен 
танысуға арнауға болады. Сонымен бірге сұхбат тақырыбы 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне жауап беруі және балаларды 
қызықтыратын бір топ мәселелерді қамтуы керек.


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет