13
Қосымша білім беру педагогінің балаларға кәсіби кеңес беру
кезеңдерінің әрқайсысы түрлі сипатқа ие.
Бірінші кезеңде мамандық
таңдауға дайындық тұлғаның
жағымды қасиеттері мен өзін-өзі бағалауын дамытусыз мүмкін емес.
Сонымен бірге, кәсіби кеңес беру ең алдымен дамыту сипатына ие.
Егер балада әлдеқашан оның икемділіктеріне жауап беретін
қызығушылықтар қалыптасқан болса, онда қосымша білім беру
педагогінің міндеті оны әрекетке бағыттау болып табылады.
Екінші кезеңде кәсіби бағдарлау ұсынымдамалық сипатқа ие және
мынадай негізгі міндеттерді шешеді:
таңдалған кәсіп талаптарына
денсаулықтың сәйкестігі, сол кәсіпті игеруге тұлғаның психологиялық
дайындығы, еңбектің мазмұны мен сипаты,
арнайы білім алу
мүмкіндігі, кәсіби дайындығы және жұмысқа орналасуы туралы
анықтамалық ақпарат. Осы міндеттерге сәйкес кәсіби кеңес берудің үш
кезеңі болады: психологиялық-педагогикалық, медициналық және
анықтамалық.
Психологиялық-педагогикалық кеңес жүргізу үшін
қосымша
білім беру педагогтері балалардың алдын-ала жеке тұлғалық кәсіби
диагностикалық мәліметтерін қолданады. Медициналық кәсіби кеңес
беруді адамға кәсіп талап ететін өзінің денсаулығы мен талаптары
жағдайынан шыға, жасөспірімге өз бетінен
дұрыс кәсіп таңдауына
мүмкіндік беру үшін алдын ала өткізеді. Бұл жұмыс дәрігердің және
басқа да медициналық қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асады.
Кәсіби кеңес берудің үшінші кезеңі баланың тікелей жұмысқа
немесе кәсіби оқу мекемесіне түсуімен байланысты. Оны тағы да
қалыптастырушы
деп атауға болады, өйткені бұл кезеңдегі негізгі
Достарыңызбен бөлісу: