80
қалатыныңды, бүгінгі және ертеңгі күніңе нық болтыныңды айдан
анық екендігін білдіру де маңызды.
Көптеген теориялық материалдармен қатар, жұмыстың белсенді
және интерактивті түрлері де жүргізіледі. Мысалы, іскерлік және
рөлдік ойындар: «Мамандықты ата», «Мынау жаман мамандықтар»,
«Аналитикалық марафон» және тағы басқа.
Оқушыларды өздігінен әрекеттенуге үйреткен, өз идеяларын
енгізуге және қате көзқарастан бас тартқызатын «Көпжүзді «Мен»»,
«Өзін өзі бағалау» тренингтері, жобалар әдісі, миға шабуыл,
«мозаика», сауалнама, тестілеу әдіс–тәсілдері арқылы зерттеулер
жүргізілді.
Сабақ барысында барлық 11 сынып оқушыларында бастапқы
мамандық таңдаулары соңғы шешім болмады, яғни 99% өз ойларын
өзгертті. Біздің бірлесе істеген жұмысымыздың аз ғана тәжірибесі
көрсеткендей, «Оқушылардың кәсіби өзін өзі анықтауы» курсының
көмегімен біз әр оқушының мамандық таңдаудағы ішкі құзырлығын
ғана емес, сонымен қатар, түрлі мамандықтарға бай әлемді ашуға,
маманның біліктілігі мен біліміне талап қоюды қалыптастыруға,
жоғары сапаға кәсіби сипаттама беруге және медициналық қарсы
көрсеткіштеріне сипаттама беруге назар аударуға мүмкіндік берді. Бұл
бағдарлама болашақта балалардың мамандықты жеңіл–желпі таңдай
салудан қорғайды.
Ерте кәсіби бағыт беруде мамандық таңдау ғана емес,
балалардың қабілеттерін ашып, оны дамыту да өте маңызды. Бір
ағылшын ғалымы айтқандай: «Қанда да бір мамандықта жетістікке
жетудің бірінші қадамы – оған шын мәнінде қызығушылық таныту».
Ал балаларды қызықтыруға, болшақта кәсіби тұрғыда жетістікке
жеткізуге бағыттауға «Жастардың жетістігі» ББО-ның бағдарламасы
көмектесті деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: