Сабақтың барысы: ІІІ. Үйымдастыру кезені: Сәлеметсіз бе, балалар!



Дата25.08.2017
өлшемі123,98 Kb.
#26781
түріСабақ
Қостанай ауданы.

№2 Затобол орта мектебі



Группа 2


2016ж


Сыныбы: 7 «А»

І. Сабақтың тақырыбы:  Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:  Абайдың қарасөздерімен,тақпақтарымен,өлеңдерімен таныстыру.

2. Дамытушылық: Балалардың түсініктерін,ой-өрістерін дамытып, келесі сыныптарда Абайдың күрделі шығармаларын түсінүге дайыңдау.

3. Тәрбиелік: Ақынның шығармалары арқылы әдемілікке, әдептілікке, табиғатты сүйіп, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Абайдың портреті ,презентация,,кітапша.

Сабақтың барысы:

ІІІ. Үйымдастыру кезені:


  • Сәлеметсіз бе, балалар!

  • Отырыңдар. Дайыңдықтарымызды тексеріп өтейік /кітап, дәптер, қалам, күңделік/

ІY. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе:

  • Қазіргі өткізетін сабағымыз - әдебиет пен ана тілі панорамалық сабақ.

  • Оны өткізетін мен - Злиха Жарашқызы.

  • Бүгінгі тақырыбымыз - «Абай Құнанбаев-қазақ халқының ұлы ақыны".

Мақсатымыз Абайдың қарасөздерімен,тақпақтарымен,өлеңдерімен танысу және «жаманнан - жирен, жақсыдан үйрен» дегеңдей әдептілікке, әдемілікке, табиғатты сүйіп қорғауға үйрену.

Сабақта мына кітапша бізге көмекші болады. Міне, бірінші бетін оқып танысайық.



2. Өмірбаяны /биография/

- Абай Құнанбаев -1845 жылы 10 тамызда Семей облысы, Абай ауданы, Жидебай ауылыңда дүниеге келген.Кішкентайынан әжесі Зеренің тәрбиесінде болған.Абай бала кезінде аңыз-ертегілерді көп естіп, білімге сусап өскен. Әжесі Зере кішкентай Абайдың өлеңге деген құштарлығын білгесін, атақты ақыңдарды шақырып, өлең-дастаңдарын таң атқанша, тыңдаған. Әжесі Зере ақыңдарды қонақ қылған. Абай 4 жыл мұсылманша оқьrды.Өз бетімен орысша оқып, үйренеді. Абай өлеңдерді 12 жастан бастап жазады. Араб, парсы, түркі тектес тілдердегі кітаптарды көп оқыған.Абай Құнанбаев жастарды мәдениетті болуға, өнер-білімге шақырды. 15 жасынан ел, жер дауына араласқан. Әкесі Құнанбай өте қатаң адам болған.Жас Абай өзінің білімге, өмірге деген құштарлығын ояту үшін, өлеңдер жаза бастаған. Абай ұлы орыс жазушылары Крылов,Лермонтов, Пушкиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Балаларға женіл,тілге оңай етіп, мысалдар аударған. Абай атамыздың шығармалары барлық халықтың тілдерге аударылған. Жалғыз қазақ халқы емес, шет ел, басқа халықтар Абай атамызды жақсы біледі. /Өмірбаянымен таныстыру арасыңда дәптерге негізгі мәліметтерді жазғызу /



  • Біз де бүгін оның кейбір шығармаларымен танысамыз.Келесі қарастыратын кітапшаның белгімен танысайық.

3. Қарасөздері:

-Балалар,қалай ойлайсыңдар, тәртіпті, сүйікті, ақылды бала болу үшін не істеу керек? / оқу, тәртіпті болу, үлкеңдерді тыңдау, құрметтеу, кішкентайларды сыйлау/

-Өте жақсы ! Бүгін біз осы туралы Абайдың жазған қарасөздерімен танысамыз. Ақын атамыздың 45 қарасөзі бар. Олар тақырыптық, мазмұңдық ерекшеліктеріне қарағаңда ел билеу жайыңда,оқу,өнер-білім,тәрбие,еңбек шаруашылық,адамгершілік, қоғам құрылысы, мораль, дүние өмір туралы болып топтастырылады.

-Егерде,көріп жүрсеңдер,теледидардан Абайдың сөздері қысқаша фильм түрінде көрсетіледі.Өте терең, мазмұңдық жағынан өте нақты қойылған.

-Ал,қазіргі танысатынымыз қарасөзінің үзіндісі.

а/ кітаппен жұмыс.

-Кітаптарымызды ашамыз. / оқып шығамыз/

б/ сөздік жұмыс: білім,ғылым - дегеңді қалай түсінеміз?

хайуан -жануар

дұшпан - қастың ойлайтын адам

талапсыздық - ізденбеу. талпынбау.

«талабы жоқ жас, қанаты жоқ құс- дегеңдей, әр адамның өмірде не үшін,кім үшін өмір сүрет, деген мағынада.

залымдылық - жамаңдық ойлайтың адам.

хайуан хибасына - жануарлар қатарына, есебіне деген мағынада.

в/ талдау.


  • Қаңдай үш нәрсе туралы айтылған?

  • Неліктен ең біріншісі надаңдық ?

  • Ал екіншісі – еріншектік, адам еріншек болса, не болады?

  • Үшіншісі залымдылық дейді, - неліктен?

  • Сонымен Абай атамыз қаңдай болыңдар дейді бізге?

г/ дауыстап оқу.

- Еңді, Дарина, бізге дауыстап, мәнерлеп, асықпай оқып бере ғой!

д/ кітаппен жұмыс.

-Біздің көмекшімізге назар аударайық

-Бұл бетте не жазылып тұр?

«Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».



  • Бұл да ақын атамыздың жазған сөзі.

  • Қалай оны түсінесіндер?

  • Неліктен адамгершілік ақылға, ғылымға байланысты?

  • Жақсы ата, жақсы ана деп кімді айтады?

  • Ата деп біз өзімізден үлкен адамдарды атаймыз, олардың бізге берген тәрбие,ақыл туралы айтылады.

  • Жақсы құрбыларға, жолдастарға не байланысты?

  • Сеңдер араласып жүрген қатарларын, жолдас шораларына,әрине,байланысты,өйткені бұл сеңдердің өсіп келе жатқан орталарын,ол біздің тәрбиемізге өте әсер етеді.

  • Бірақ бәрінен де,тек жақсылықты үйреніп жүруіміз керек.

  • Осы атамыздың бізге жазған сөздер естерінде қалсын.

  • Еңді көмекші кітапты қарайық-та,оқыйық.

4.Тақпақтар:

- Абай атамыздың тақпақтарына тоқталсақ әр түрлі тақырыптарға жазылған.

а/ кіріспе:

1. өнер-білім, ғылым т/ры

2. жастық, махаббат.

3. жамаңдық, зұлымдық, жақсылық

4. еңбек,жалқаулық.

5. табиғат тақырыбы.

- Бұгін біз Абай атамыздың табиғат тақырыбына жазылған «Куз» -өленімен танысамыз.

-Бұл өлеңнің узіндісімен сендер төменгі сыныптарда танысып өткенсіндер,ал бугін біз оны теренірек талдаймыз.

бl кітаппен жұмыс:

«Күз» тақпағын өзі дауыстан,мәнерілеп оқып шығады.

в) сөздік жұмыс:

ақ шамшы - туйемен жүк тасушы

жабырқаңқы –көңілсіз

бала бүрсең – тоңғаң бала

күзеу - күзгі қоныс

оты жоқ - шөбі жоқ жайыламы

ыстан қорыққан -ыс- шақ - тозаң.

г) талдау:

- Өленде ақын қандай жыл мезгілі туралы жазған?

- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады ?

- Ал өлеңде қалай жазылған? /кітапқа қарап//тауып оқу /

- Ауа райы туралы.

- Ал күзде адам қандай тіршілік етеді?

- Өлеңде ақын сол кездей кедей ауылының тұрмысын көрсетіп отыр.

- Өте жақсы ! Міне «Күз» тақпағында осындай бейне көрсетілген

д)оқу


Балаларға оқытқызу.

-Кітапшамыздың келесі бетінде «өлендер» деп жазылған екен, сол өлендер туралы оқийық.



5. Өлендер:

- Бәріміз білеміз, Абай атамыздың көптеген тақпақтар әнге салынып айтылады.

Оның ішінде:

«Ата анаға көз құаныш»

« Алланың рахматын»

«Айналайын құдай -ау»

«Көзімнің қарасы»

«Айттым сәлем, қалам қас»

а) ерекше тоқтау.

1. «Ата - анаға көз қуаныш».Абайдың шығармалары көбіне тәрбиелік мәселеде, міне бұл өлеңнің де негізгі тақырыбы - бала тәрбиесі, ата ­ананың өз ұрпағына суйіспеншілігі туралы:

«Ата-анаға көз қуаныш

Алдына алған еркесі.

Оқытасың молдаға оны

Үйретерсің әркені»



  • Қалай тусіндіндер бұл жолдарды?

  • Кім туралы айтылады?

  • Кімді ата-анасы молдаға оқытып әрнеге үйретеді?

  • Дұрыс. Бұл жолдарда ата-ананың балаға деген үміті, тілегі көрсетіледі.

2. «Алланың рахматын» және «Айналайын құдайау»- бұл өлендерді ақын

өз баласы Әбдірахманға жазған.

- Міне кітапқа қараймыз, суретте Абайұлы Әбдірахман көрсетілген.Ол ең сүйікті баласы болған. Оған арнап қаншама өлендер жазылған. «Алланың рахматын» - болашақтан үлкен уміт күткен ұлы Әбдірахман науқастанып жатқанда шығарған өлені.

-Ал,» Айналайын, құдай-ау»-1895 жылы жазылған.Сүйікті ұлы Әбдірахман қайтыс болған, оның әйелі Мағышқа ақын өзі шығарып берген.

3. Келесі өлең «Көзімнің қарасы» - махаббат мәселесі өте ерекше

қөрсетілген.

Қең маңдай,қолаң шаш

Я бір кез, я құлаш,

Ақ тамақ, қызыл жүз

Қарағым,бетінде аш!

Қара көз, имек қас,

Қараса жан тоймас.

Аузың бал қызыл гүл,

Ақ тісің кір шалмас.

- Кім туралы айтылған?

-Бұл жолдарда ақын сүйікті жаны туралы айтады,үлкен махаббатпен,

ықыласпен жазылған.

4. «Айттым сәлем қалам қас» - өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтық жырды қосын,бірін-бірі сүйген екі жастық сүйіспеншілігін жырлайды.

-Бұл тек қана кішкентай тізімі,өздерің көріп отырсыңдар өлендерде әр түрлі тақырыптар қарастырылады.

- Осы өлендердің ішінде халық арасында көп айтылып жүрген қайсысы? «Көзімнің қарасы» - өлеңі айтылады.



6. Мақал - мәтелдер.

- Абай атамыздың өлендері, сөздері халықтан халыққа, біздің ұрпаққа нақыл ­болып отыр. Күнделікті өмірде айтып жүрген мақал-мсәтелдер туралы айтайық.

1. Берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле.

2. «Жаман дос - көлеңке,басынды күн шалса,қашып құтыла алмайсың.

З. Жасанды кішіпейлділік - жақсы қасиет емес.

4. Жұмысы жоқтық,тамағы тоқтық,аздырар адам боласын.

Талдау:

1. - Бірінші мақалды қалай түсінесіндер?

- Жай жүрмей, өзің еңбек жасап, сол еңбегінің жемісін, қызығын көресің.

-Сендер еңбек еткенді, ата - аналарға көмектескенді жақсы көресіңдерме?

- Қандай көмек көрсетесіңдер?

- Өте жақсы! Еңбектен қашпау керек.

2. -Сендердің достарын бар.

-Жақсы дос және жаман дос деп ажырата аламыз.

- Екінші мақалды қалай түсінеміз?

- Жақсы болсаң, мұратыңа жетесің. Жақсы дос қиындықта

тастамайды, бұны нағыз дос деуге болады.

- Жаман дос қиін іс түскенде, сенен қашып кетеді.

-Арамызда осындай достар кездесе ме?

3. -Бұл мақалды қалай түсінуге болады?

Біреуге қайырым жасандар,оны көзге айта бермеңдер.Көмек көрсеткенде,шын ниеттерімен, көнілдерімен жасау керек. Жалған қамқорлық - нағыз қасиетке жатпайды. Бізге Абай атамыз осындай қасиеттен аулақ болыңдар - дейді.

-Сендер мұндай әрекет жасамаңдар.

-Арамызда мұндай оқушылар барма?

4. - Келесі мақалды қалай түсінеміз?

- Адам өмірбойы еңбек ету керек, тек сонда ғана адам қатарында есептеледі.

- Енбек етпеген адам - жалқау болады.

- Ал жалқаудың өмірі қандай?

- Сендер жалқаусыңдар ма ?

-Дұрыс,бізге Абай атамыз да жалқау болмандар,енбекті сүйіндер

дейді.


-Жұмысы жоқ адамның - тамағы да жоқ болады,сонда адамды жалқаулық аздырмай кайтеді.

7. - Келесі беттегі- мұражай жайында танысайық.

- Мұражай туралы бізде міне кішкене ғана суреттер бар.

Бастанқы кезінде мұражай Абайдың Семейдей әдеби-мемориалдық музейінің бөлмешесі ретінде ашылған, ал Ұлы ақынның 100- жылдың Мерейтойына орай бұл мұражай Абай туған ауылға-Жидебайға көшірілді. Сонымен Жидебай қыстауы мұражай - үйге айналдырады. 1970ж-Абайдың 125 жылдық мерейтойына байланысты-күрделі жөндеуден өтті.

- Міне, суреттерге қарайық бес бөлмесі көрсетілген, осы бөлмелердің ішінде жиналган мүлік -жиҺаздардың бәріде туыстары мен жолдастары тапсырған. -Мынау сөреде Абайдың араб,парсы,түркі,орыс тілдеріндегі оқып жүрген кітаптары.Бұл мұражайда ақынның үш ішекті домбырасы да, сағаты да, өзі ойнап жүрген дойбы мен тоғызқұмалақ та бар.

- Қазіргі кездерде Абайдың көптеген ескерткіштері бар.Алматы қаласындағы ескерткіш,көптегн театр,оқу орындары,көшелер,даңғыл,аудандар Абай атымен аталған. қостанайда да Абай даңғылы бар. Бұл да Абай атамызға көрсетілген үлкен құрмет.

Y. Қорытынды.

1. -Ал,балалар,бүгін біз Абайдың табиғат тақырыбына жазылған

«Күз» өленің өттік. Өздеріннің салып келген суреттерге назар аударайық.


  • Өте жақсы салып келдіндер.

  • Қай жыл мезгілі көрсетіліген?

  • Күзде қандай өзгерістер болады ?

  • Адам қандай тіршілік етеді?

  • Ал қазір қыс міне келді,ол туралы не айтала аламыз?

  • Жақсы. Рахмет.

2. -Енді, балалар, осы сабақ туралы,Абай атамыздың өмірі, шығармалары туралы кішкене ғана тест өткізейік.

Мен сұрақтарды оқып, оған 3 жауап оқимын, сендер тек бір жауапты таңдап жазасындар.


Тест.

1. 1845 ж туған ақын, жазушы, аудармашы?

а/ Абай б/ Жамбыл в/ Ыбырай

2. «Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық» - жазған кім?

а/ Абай Құнанбаев б/ Мағжан Жумабаев в/ Ыбырай Алтынсарин

3. Абайдың әжесінің аты:

а/ Ұлжан б/Мағыш в/Зере

4. Абай Құнанбаев қай жерде туған?

а/ Семей обл. б/ Торғай обл. в/ Костанай обл.

5. Қай баласына Абай өлендер шығарған:

а/ Ақылбай б/ Тұрағұл в/ Әбдірахман

6. Абайдың мұражайы қайда ашылған:

а/ Жидебай ауылда б/ Торғайда в/ Костанайда
YI. Үй тапсырма: Ақын Абай Құнанбаевтың өздеріне ұнайтың өленің жаттап келіндер.

Бағалау: - Бүгінгі сабаққа бәрінізге көп рахмет.Жауаптарын,суреттерін бағалап оқушыларға бәрінеде баға қойылады.



-Осымен сабақ аяқталды.

-Сау болындар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет