Республикасы


Жер бетіндегі организмдердің таралуы



бет11/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125
Байланысты:
тқн

5. Жер бетіндегі организмдердің таралуы.


Планетамызда 2 млн. астам тірі организмдердің түрі тіршілік етеді.
Фауна мен флора жер бетінде біркелкі таралмаған. Климаттық жағдайларға байланысты арнайы өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады- тропикалық жауынды орман , таулы орман , тундра , тайга, сованна немесе шөлдала. Мұндай өсімдік қауымдастықтарында тек осындай жағдайларға бейімделген жануарлар түрі тіршілік етеді.
Биогеографиялық облыстар :

  1. Голарктикалық (Солт.Америка Гренландиясыз, Евразия Индиясыз, Исландия, Корея, Жапония, Солт. Африка)

  2. Палеотропикалық (Оңт.Африка, Мадагаскар, Индия және ИндоКитай)

  3. Австралиялық (Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Океания)

  4. Неотропикалық (Оңт. және Орт. Америка)

  5. Антарктикалық (Антарктика)

6. Ағзалардың негізгі тіршілік орталары


Тіршілік ортасы – кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруына қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Қазіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су, құрлық- әуе, топырақ және ағзалардың өзі. Әрбір тіршілік ортасының өзіне тән шектеуші факторлары және мекендеушілері болады.

Су тіршілік ортасы.


Гидросфера – планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су – жер шарының барлық көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, яғни 94 % мұхиттар мен теңздер құрайды. Қалған 6 % мәңгі мұздықтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1500000, өсімдіктердің 500000 астам түрлері тіршілік етеді. Мұхиттар мен теңіздер екі экологиялық облыстарға бөлінеді: су қалыңдығы-пелагиаль; судың түбі-бенталь.
Су тіршілік ортасы ретінде бірқатар арнайы қасиеттері бар: су тығыздығы, қысымның өзгеруі, оттектің құрамы, күн сәулесінің сіңіруі т.б.
Су ортасының барлық мекендеушілерін гидробионттар деп атайды.
Су факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топтарға бөледі. Судың қалың қабатындағы мекендеушілер - пелагостар деп, оны екі топқа бөледі – нектондар және планктондар.
Планктон дегеніміз судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ағзалар. Планктондардың өзі – зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы зор. Оларға: диатомды, көк- жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар , т.б. жатады. Ал, зоопланктондар бактериялар мен балдырлардан тереңіректе тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаянтәрізділер, қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрттәрізділер жатады.

Сурет 1. Зоопланктон
1 - Hydrometra, 2 - Notonecta, 3 - личинка Stratiomis, 4 - Gyrinus, 5 - Hydrophilidae, 6 - личинка Culex, 7 - личинка Dytiscus, 8 - Limnaea
Нектондар дегеніміз судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу
қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет