дәріс: Қан кету. Қан кетуді тоқтату жолдары. Күйік. Күйік кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек.
Жоспар:
Қан кету, түрлері
Қан тоқтату тәсілдері 3.Күйік,оның түрлері
Күйік кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек
Химиялық күйік (қышқылмен, сілтімен күю) кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
Қан кету – қан тамырларының зақымдалып, сыртқа немес ішке қанның ағуы.
Қан кетудің себептеріне байланысты 4 түрі болады:
Артериялық – түсі алқызыл, атқылап ағады. Жүректен шығатын қан.
Веноздық – түсі қоңырқай, тамшылап ағады. Қоректік заттарға бай, оттегі аз.
Капилярлық – артериолдардың зақымдануы. Мысалы: мұрыннан қан ағу. Инсульт – миға қанның кетуі.
Паренхимотоздық – бауыр, бүйрек, көк бауырдың зақымдану. Поренхима латын тілінен аударғанда – қапшық.
Қан тоқтату тәсілдері.
Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды қоректендіреді;
Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын зақымдалған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады таңғышпен қатты таңып тастау.
Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш жігерді қажет етеді және саусақ тез талады, сондықтан мүмкін болатын болса бұрау немесе ширатпаны жылдам қою дұрыс болады. Қан тоқтататын ширатпа жалпақ иілмелі резина кесіндісі, оның бір шетінде ілгек екінші шетінде ілмегі бар жүзікше бекітілген.
Келесі қан тоқтату әдісі – аяқ-қолды қатты бүгіп таңып тастау, бұл әдіс көктамырдан да аққан қанды тоқтатады.
Көктамырдан және капиллярдан аққан қанды залалсыздандырылған таңғышпен қатты таңып тастау.
- Артериялық және венозды қан кету кезінде Ф.Эйсмарх ұсынған жгутты (брауды) қолданады.
Венозды қан кету кезінде брауды қыста 5 сағат, жазда 6 сағат қолданамыз.
Артериялық қан кету кезінде бұрауды қыста 1 сағат, жазда 2 сағат ұстаймыз.
Капилярлық қан кету кезінде сутегі асқан тотығы ерітіндісін(перекись водорода) мақтаға 5-6 тамшысын тамызып, мұрынның қан кеткен аймағын күйдіру арқылы қанды тоқтатамыз.
- Паренхимотозды қан кету кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек: бүйрек зақымдалса дәрігерлер келгенше рутин, аскорбин қышқылын береміз немесе викасолдан жамбасқа екпе жасаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |