Республикасы


Тырысқақ . Қорғану,емделу шаралары. Азия тырысқағы



бет122/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Байланысты:
тқн

4.Тырысқақ . Қорғану,емделу шаралары. Азия тырысқағы.


Инфекция тасымалдаушы тек қана адам болып саналады (тырысқақпен ауырған немесе вибрион тасымалдаушы). Ауырған адам құсықпен, нәжіспен көптеген вибриондарды таратқан күндері аса қауіпті. Тырысқақ эпидемиясының тамақ, су, тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұғатын жолдары болады. Тырысқақты аракідік басқа елдерге таратуға Үндістанның тырысқақ эпидемиясы жиі көрініп қалып жүрген аймақтары кінәлі деп санайды.


Этиология, патогенез. Қоздырушы тырысқақ вибрионы қысқа, иілген таяқша, бедерлі, шапшаң қозғалады, қоршаған ортада 1-1,5 ай тіршілік сақтай алады. Суға қайнатқанда, дезинфекциялық қолданыстар (хлорамин, лизол, хлорлы әк) әсер еткенде тез өледі. Ауру, тырысқақ вибриондары асқазан-ішек жолдарына түскенде пайда болады. Вибриондардың көбеюі немесе кейбіреулерінің өлуі аш ішектің ішінде басталады. Міне бұл кезде бөлініп шығатын эндотоксин қанға сіңіп, интоксация құбылысы пайда болады.
Іш өту мен әлсін-әлсін құсу ағзадағы су мөлшерін азайтып, тұз (электролит) жоғалуына, ал ол қанның құйылып гипотермияға, жүрек қан тамырлары қызметінің бұзылуына әкеліп соғады.
Клиникалық көрінісі. Инкубациялық мерзім бірнеше сағаттан 2-5 күнге дейін созылады. Кәдімгі тырысқақтың клиникалық суреттемесін 3 мерзімге бөледі. Тырысқақ ауруы өзінің басқа бір ауыр түріне ауыспай-ақ алғашқы белгілері көрініс бергеннен кейін басыла қалуы мүмкін.
Тырысқақ диареясы іш өтуден белгілі болады. Науқас адам әлсіреп, жүрегі айныйды. Нәжісі көп өңсіз болады. Егер ауру осы мерзімде қайтса, 2-3 күннен кейін оның барлық белгілері ғайып болады. Егер тырысқақ үдемелі түрде өтсе, бұл мерзім бар болғаны бірнеше сағатқа ғана созылады.
Іш тырысқағы (тырысқақтық гастроэнтерит) - тырысқақ энтеритетінің жалғасы болып табылады. Нәжіс келуі жиілеп, түсі ақшылтым (күріш сорпасы),
сұйық болады. Жиі-жиі құсу ағзадағы судың жоғалуына әкеліп соғады. Сіңірлері тартыла бастайды. Бұл мерзім 12 сағатқа созылады.
Альгидтік тырысқақ - дене қызуы төмендейді. Терісі суық, жабысқақ тер шығады. Еріндері, мұрынның ұшы, қабағы, қолдары көгереді. Қолының терілері жиырылады (кір жуушының қолына ұқсайды). Бет әлпеті қырланып, көзі үңірейеді, жағы солады. Даусы әрең естіледі, АҚ төмендейді, дем алысы жиілеп, сіңірлері тартады. Өту мерзімі 3-4 күн. Аурулардың 90℅ өліммен аяқталады.
Тырысқақ тифойды - альгидтік мерзімнен кейін басталады. Науқастың дене қызу 30С-қа дейін көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы келеді, есінен танып қалады, бүкіл денесінде қабыршаққа ұқсас қотыр пайда болады. Біресе аласұра сандырақтап, біресе ұйқыға кетеді. Науқас 1-2 жұмадан кейін өледі. Асқынуы: өкпе қабынуы, пневмония т.б.
Жедел құрғақ тырысқақ - бірнеше сағаттың ішінде-ақ адам өлімімен аяқталады. Іш өту, құсу болмайды. Сіңірлері тартылуымен басталады, коллапс (толықсу, жүрек жұмысының күрт төмендеуі), улану, анурия (бүйректен зәрдің бөлініп шықпауы, несіптің тоқталуы). Жедел құрғақ тырысқақ 10 жасқа дейінгі балалар мен 60жастан асқан ересек адамдар арасында жиі кездеседі.
Айыру жолы: Нәжісті, құсықты бактериологиялық зерттеу арқылы.
Емдеу:ерітінді құю, антибиотикалық терапия, фаготерапия, симтоматикалық емдеу (тетрациклин, левомецитин).
Алдын-алу:

  1. Науқасты басқа адамдардан оқшаулау;

  2. Күдік туғызған аудандар мен ауру белгілері табылған жерлерге карантин қою;

  3. Алдын-ала вакцина егу, тырысқақ бактериофагын қолдану.

Түйнеме
Түйнеме – аса қатерлі жұқпалы ауру, негізінен тері арқылы өтеді, өкпелік және ішектік түрі сирек кездеседі
Эпидемиология. Жұқпалының көзі ірі қара мал, қой-ешкі, түйе, доңыз болып табылады. Ауру мал жайғағанда, қасаптағанда және ет бұзғанда, сондай-ақ мал шаруашылық өнімдерін ұстағанда (тері, былғары өнімдері, жүн) жұғуы мүмкін. Жұғу алиментарлық (жем-шөп арқылы) және аспирациялык (сұйық сору) жолымен өтуі мүмкін, кейде жұқпалы ауру қан сорғыш жәндіктер - сона, көк шыбын аркылы өтуі де ықтимал.
Этиология. Түйнеменің қоздырғышы-спораларды құрайтын бацилла. Түйнеменің споралары вегететативтік (өсіп өну) түрі ауасыз, қыздырған кезде, әртүрлі дезифекциялаушы құралдары ықпалымен тез өледі.
Түйнеменің тері түрі кезіндегі инкубациялық мерзімі 2-3 күнге тән, кейде 5-7 тәулікке дейін жалғасуы мүмкін. Өкпелік және ішектік түрінде 1-2 тәуліктен аспайды. Аурулардың 95 %-нда түйнеме тері түрінде өтеді.
Аурудың тері түрі сатылай басталады. Әуеліде сырқаттың жалпы жағдайы бұзылмайды, терінің температурасы қалыпты. Теріде қышыма қызыл дақ пайда болады, ол тері деңгейіне көтеріліп, бөртіктенеді, кейіннен бөртік орнында лайлы қанды ірің толған күлдіреуік дамиды, біраз уақыттан соң күлдіреуік іріңді безеуге, артынша түйнемеге айналады. Процесс өте жылдам өтеді, дақ пайда болған сәттен
бастап іріңді безеу шыққанға дейін бірнеше сағат өтеді, ауыратын орындар қышиды және ысиды.
Жалпы уланудың белгілері бірінші тәуліктің аяғында немесе екінші күні пайда болады (дененің қызуы, дененің температурасы 39-40 градусқа, жалпы әлсіздік, қозғалуға қабілетсіз, жүрек лүпілдейді). Қызу 5-7 күннің бойында ұсталады және күрт түседі. Әдетте ісік болмайды, алайда сөл түйіндері үлкейіп ауырады. Түйнемелік карбонкул аймағының өзінде аурудың байқалмауы ортақ сипат.Ет өнімдерін жеу арқылы жұққан түйнеменің ішектік түрінде жалпы улану байқалады, дене температурасы көтеріледі, құрсақ қуысының алдыңғы бөлігі ауырады, іш өтіп, құсық келеді. Құсық пен қара терде қан қоспасы болуы мүмкін. Іш қампаяды, пальпация кезінде сырқыраушылық байқалады, құрсақ тітіркенісінің белгілері білінеді.
Түйнеменің өкпелік түрі кенеттен басталады, ауыр өтеді, тіпті емдеудің қазіргі әдістері де адамды құтқара алмайды.Дененің температурасы 39-40 градусқа дейін және одан жоғары көтеріледі, дене қатты қалтырайды, аурудың жағдайы тез нашарлайды, улану белгілері қатты біліне бастайды. Жүрек соғысының жиілігі минутына 100-120 аралығында, күре тамыр қысымы күрт төмендейді. Демігу күшейіп, жөтелген кезде қанды көбікті қақырық шығады.
Емдеу. Емдеу үшін антибиотиктер, сондай-ақ арнайы түйнемеден қорғайтын иммунноглобулин қолданылады, көбінесе 2-4 тәулік/бірлігі мөлшерінде. Ішектік және өкпелік түрі кезінде 16-20 тәулік/бірлігі мөлшерінде пенициллин тағайындайды. Сондай-ақ тетрациклин, левомицетин, гентамицин пайдаланылады.
Түйнеменің өкпелік түріне шалдыққандарға қызмет көрсету кезінде респираторлар пайдаланылады. Ауруларды толық клиникалық айыққаннан кейін шығарады. Ауру жануарлармен жақындасқан адамдарға екі апта бойында дәрігерлік бақылау белгіленеді.
Қауіпті респираторлық аурулар (ҚРА).
Тыныс жолдарының қатты қабынуы – таралған аурулар негізінен тыныс жолдарының закымдалуымен сипатталады. Әртүрлі дәнекерден жұғады (вирус, бактерия).
Жұқпалы ауруды таратушы респираторлық ауру белгісі анық көрінген сырқат адам болып табылады.
ҚРА әртүрлі дәнекердің, бактерияның, стрептококкпен, стафилококктың үлкен мөлшерінен туындауы мүмкін.
Белгілері мен мерзімі. ҚРА жалпы уланудың салыстырмалы әлсіз көрінген белгілерімен клиникалық тұрғыдан сипатталады.
Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы ринит, ринофарингит, ларингит, бронхит, ара тура пневмония түрінде көрінеді.
Пневмония болмаған кезде аурудың созымдылығы 2-3 күннен 5-8 күнге дейін созылады.
Диагноз. Әртүрлі этиологиялық дәнекерден туындаған аурудың клиникалық диагностикасы өте күрделі. Тіпті тұмаудың өзі жұқпалылық мерзім арасында қатты респираторлық ауруларды еске түсіреді, өйткені денеге әлсіз тараған кезде жоғары тыныс жолдары домбыққан кезде өтеді.
ҚРА диагностиканың негізгі әдісі клиникалык болып табылады. Қауіпті респираторлық ауру диагнозын қояды және оның талдамасын береді (ринит, ринофарингтит, асқынған ларинготрахеобронхит).
Емдеу. Антибиотиктерді қауіпті респираторлык, вирус жұқпалысы үшін қолданбайды, өйткені олар вирустарға әсер етпейді. Антибиотикті бактериалды қауіпті респираторлық аурулар кезінде (мысалы стрептококкты фарингит кезінде) немесе микробтың асқынуы кезінде (отит, пневмония) тағайындауға болады. Аурулар үйде емделеді.
Ауруды қарапайым оқшауландыруды (тұмау кезіндегідей) үйымдастырып, жеке ыдыс-аяқ беру қажет. Дене қызуы көтерілген кезде төсек режимі, симптомды емдеу жүргізу ұсынылады. Тыныштандыратын, асқынуды басатын дәрмектер тағайындайды (аспирин, парацетамол).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет