Республикасы



бет124/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Байланысты:
тқн

кезең Пәрменді химиотерапияны өткізумен сипатталады. Оның мақсаты өсіп-өнген микробактерияны жаншу, бактерия санын азайту стационарда өткізіледі.

  • кезең Қарқыны бәсеңдеу химиотерапияны жалғастыру. Оның мақсаты жасуша ішіндегі қалған микробактерияға әсер ету. Негізінен амбулаториялық тұрғыда өткізіледі. Бірінші кезеңдегі сияқты екінші кезеңде де химиялық дәрі- дәрмектерді қабылдауға міндетті бақылау кажет, онсыз туберкулезбен ауырған адамды түпкілікті емдеу мүмкін емес.Хирургиялық емделуге аурулар қан аққан, бүкіл жасалған емдік терапияның тиімсіздігі кезінде апарылады.

    Негізгі туберкулезге қарсы препараттар тубозит, фтивазит, натрий парааминосалицилаты (ПАСК), изониазит, этамбутол және басқалары.
    Сақтандыру. Әлеуметтік, санитарлық және арнайы сақтандыру шараларын қамтиды. Әлеуметтік сақтандыру халықтың денсаулығын жақсартуға, ана мен баланы қорғауға, елді мекендерді көріктендіруге, халықтың жалпы мәдениетін көтеруге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталуы тиіс.
    Санитарлық сақтандыру. Туберкулездің пайда болуында аурудың таралу деңгейінің үлкен маңызы бар.
    Тәулік бойында ашық түрдегі туберкулезбен ауырған адам қоршаған ортаға бірнеше миллионға дейін туберкулез микробактериясын бөлуі мүмкін.
    Сондықтан туберкулездің ашық түрімен ауыратындар (бактерия бөлетіндер) микробактерияның бөлуін болдырмайтын ауру түріне көшуді қамтамасыз ететін мерзімге емханаға жатқызылады. Туберкулез ошағында дезинфекция – еденді, кабырға мен жиһазды 0,5 % хлораминмен немесе 0,25 % хлорлы әк ерітіндісімен тазарту жүргізіледі. Аурудың жеке заттары арнайы тазартылады. Жайма төсек жуардың алдында 1% хлорамин ерітіндісімен шайылады, бұдан кейін жуылған соң кайнатылады. Аурудың қақырығын 2,5 % хлорамин ерітіндісімен алдын-ала зарасыздандырмай тұрып канализацияға төгуге тыйым салынады. Түкіргіштерді берудің алдында 5 % хлорамин ерітіндісімен толтырады, қақырык толғаннан кейін 5% хлорамин ерітіндісімен 6 сағатқа қандай да бір ыдысқа құяды.
    Ыдыс-аяқты 15 минут бойы 2 % сода ерітіндісімен қайнатады 4 сағатқа 5 % хлорамин ерітіндісіне тігінен салады. Метал ыдысты (пышақ, шанышқыны) тек 15 минут бойы қайнатып, зарасыздандырады.
    Арнайы туберкулезге қарсы сақтандыру БЦЖ вакцинасымен жүргізіледі. БЦЖ вакцинасын алғаш рет туберкулезден сақтандыру үшін француз ғалымдары Кальмет пен Герен 1921 жылы қолданды.
    Туғанына 3-4 күн болған сәби міндетті БЦЖ вакцинациялануына, жағымсыз Манту сынағы алынған жағдайда 6-7 жастағы балалар қайта вакциналауға жатады.Біздің Республикада әр бір екі жүзінші адам (75 мың адам) туберкулезбен ауырады.


    2.Бруцеллез. Қоздырғыштары. Берілу жолдары. Емделу шаралары.


    Бруцеллез – бруцелл тобы қоздырғыштары туғызатын жұқпалы ауру. Адам ауру жануарлардың сүтін және сүт өнімдерін ішу кезінде немесе малды жайғаған кезде тері жамылғысының зақымдануы аркылы қоздырғыштың өту кезінде ауруға шалдығады.
    Бруцеллез ұсақ және ірі қара мал қой-ешкі, сиыр, доңыз (солтүстік бұғы) үшін тән жұқпалы аурулар санатына жатады.
    Тері немесе кілегейлі қабық арқылы бруцеллдер өтіп, алғашқыда аймақтық сөл түйіндеріне, бұдан кейін қанға түседі. Қаннан қоздырғыш бүйрекке, көкбауырға, сүйек майына өтеді, оларда қайталама жұқпалы ошағы пайда болады. Олар ұзақ уақыт бойында бактерия көзі болып табылады. Нәтижесінде тірек – қозғалыс, жүйке жыныс жүйелерінде асқыну дамиды.
    Инкубациялық мерзім 1-3 апта арасында. Ауру жайлап деңдейді, кейде қатты басталады. Іш сүзегі немесе туберкулездің клиникалық белгілерінің пайда болуына ұқсас сипатта жиірек пайда болады.
    Аурудың асқынған түрі сатылай дамиды. Жалпы жағдай ұзақ уақыт бойында, дененің ысынуына қарамастан бұзылмайды. Аурулар еңбек қабілетін сактайды. Ара-тұра шаршағандық, тітіркенушілік, бастың сырқырауы, тамырлар мен бұлшық еттегі қысқаша сырқырамалар байқалады. Тәулігіне бірнеше рет қара тер қатты бөлініп, қалтыраушылық туғызады. Тері ылғалды. Сөл түйіндері ауруы мардымсыз. Бүйрек пен көкбауыр үлкейеді. Қайталама созылмалы ошарлану түрі жіті септикалық сатыдан кейін дамуы мүмкін.
    Ауруларда әртүрлі мүшелер мен жүйелерде азапты сырқырама пайда болады. Көбінесе ірі тамырлардың әсіресе радикулит, полиневрит түріндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады. Жыныс жүйесі орхиттермен, орхоэпидидимиттермен зақымдалады.
    Аурудың созылмалылығы ұзақ уақыт болады.
    Толқын тәріздес өтеді, бұл жағдайда белгілі бір мүшелермен жүйелердің зақымдалуы басқа органдарға ауысады. Осы сырқат түрлері, әсіресе орталық жүйке жүйесі зақымданған кезде мүгедектікке ұшыратады.
    Бруцеллезді анықтау тиісті салдар мен клиникалык мәліметтерге негізделеді (дененің ысуы, тердің көбірек кетуі) негізделеді. Бруцеллез үшін лейкопения, лимфоцитоз, моноцитоз тән.
    Диагностиканың ерекше әдісінен агглютинация реакциясы Райт, Хеддельсон және Бюрненің аллергиялық сынамасы қолданылады.
    Емдеу аурудың клиникалық түріне сәйкес жүргізіледі. Ауру асқынған жағдайда тетрациклин, левомецитин қолданылады. Аурудың асқынған түрі қайтарылғаннан кейін егу жұмыстары өткізіледі.
    Созылмалы метастатикалык түрлерінде негізгі әдіс егу жұмыстары болып табылады, одан кейін физиотерапевтикалық ем-дом қолданылады, анельгетиктер, бутадион, ұйықтатқыш дәрі-дәрмек тағайындалады.
    Бруцеллезден сақтандыру жануарларды бруцеллезге шалдығуын төмендетуге бағытталған тиісті санитарлык - малдәрігерлік шараларды жүргізу болып табылады. Азық-түлік сапасына бақылау жасалады, бруцеллезбен ауырған жануарлардың сүт тағамдарын пайдалануға тыйым салынады. Қой- ешкіден бруцеллездің кең тараған ауданына бруцеллезге қарсы вакциналар егіледі. Мал шаруашылығының түпкілікті қызметкерлері, сондай-ақ ет комбинатының қызметкерлері міндетті түрде егіледі. Егілу тер астына жіберілу әдісімен бірнеше рет жүргізіледі. Қайта егілу 8-12 айдан кейін жартылай мөлшерде енгізіледі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет