Республикасы


Аса маңызды оқиғалардың хронологиясы



бет35/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   125
Байланысты:
тқн

Аса маңызды оқиғалардың хронологиясы


15 млрд жыл бұрын - Үлкен жарылыс.
3 минуттан кейін - Әлемнің заттық негізі түзілді (фотондар, нейтрино мен антинейтрино сутегі, гелий және электрондар ядроларының қоспасымен).
Бірнеше жүз мың жылдан кейін – атомдар (жеңіл элементтердің) пайда болды.
14 - 12 млрд жыл бұрын - әртүрлі масштабтағы құрылымдардың (галактикалардың) түзілуі.
10 млрд жыл бұрын – алғашқы жұлдыздар пайда болып, ауыр элементтердің ядролары түзілді.
5 млрд жыл бұрын – Күн пайда болды.
4,7 млрд жыл бұрын – Жер пайда болды.
4,5 млрд жыл бұрын – Жерде тіршілік пайда болды.
3,3 млрд жыл бұрын – бір клетаклы ядросыз организмдер пайда болды. 2 млрд жыл бұрын – клеткада ядро түзілді.
1 млрд жыл бұрын – организмдер жануарлар мен өсімдіктерге бөлінді.
500 млн жыл бұрын – жануарларда қаңқа пайда болды (хордалы жануарлар). 450 млн жыл бұрын - өсімдіктер құрлыққа шықты.
320 млн жыл бұрын – жануарлар құрлыққа шықты (алғашқы амфибиялар – ихтиостегиялар – балық құйрықты және төрт жүзу жарғақты жануарлар).
290 млн жыл бұрын – динозаврлар пайда болды.
167 млн жыл бұрын – алғашқы ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар мен археоптерикстер).
150 млн жыл бұрын – алғашқы сүт қоректілер пайда болды.
65 млн жыл бұрын – динозаврлар жойылып, сүт қоректілер эволюциясына жол ашылды.
14 млн жыл бұрын - қарапайым гоминидтер – рамапитектер пайда болды. 5-6 млн жыл бұрын – антропогенездің басы.
Қазіргі заманңы ғылымға тек қана даталар ғана белгілі екендігін айта кету маңызды, ғалымға сонымен қатар, лкен жарылыстан басталып осы күнге дейін жалғасып жатқан Әлемнің эволюциясының механизмдері де белгілі. Бұл – бір ғана жүз жылдықта ғылымның қол жеткізген фантастикалық қорытынды деуге болатын жағдай.
Атақты америкалық астроном Карл Саган (1934 жылы туылған) Әлемнің эволюциясының көрнекті моделін жасады, ол бойынша, космостық жыл шамамен біздің 15 млрд жылымызға, ал 1 секунд – 500 жылға тең; сонда эволюцияның уақыты жердегі бірліктермен есептегенде төмендегідей болады екен:
лкен жарылыс 1 қаңтар 0 сағ 0 мин Галактиканың түзілуі 10 қаңтарда
Күн системасының түзілуі 9 қыркүйекте Жердің түзілуі 14 қыркүйекте
Жерде тіршіліктің пайда болуы 25 қыркүйекте Мұхиттағы планктон 18 желтоқсанда Алғашқы балықтар 19 желтоқсан
Алғашқы динозаврлар 24 желтоқсанда Алғашқы сүт қоректілер 26 желтоқсанда Алғашқы құстар 27 желтоқсанда Алғашқы приматтар 29 желтоқсанда Алғашқы гоминидтер 30 желтоқсанда
Алғашқы адамдар 31 желтоқсанда шамамен 22 сағат 30 минутта пайда болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет