1.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. 2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.-292 бет. 3.С.Ж. Колумбаева, Р.М. Бильдебаева. Общая экология: Учебное пособие.
Под. ред. А.Б. Бигалиева.-Алматы: Қазақ университеті; 2005.-126 с.
Экология и устойчивое развитие /журнал/ Астана, 2004, № 1-12.
Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. И доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 566 с.
А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Экология.-М.: 2001.-304 с.
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.
Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
Қосымша әдебиеттер:
Бондаренко Л.Г., Крячина О.В. Книга для чтения по экологии.
Петропавловск, 2003.
Б.М. Маркин, Л.Г. Наумова. Популярный экологический словарь. Под. ред.
А.М. Гилярова.-м.: Устойчивый мир, 1999. 304 с.
Коробкин В.И., Передельский А.В. Экология. Конспект лекций (зачет и экзамен) Ростов-на-Дону, 2004.
Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь. Экология Алматы, 2000 г.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Экология және табиғат қорғау Алматы, 2002 ж.
№6 Дәріс Кіріспе. Тірі зат концепциясы. Заманауи биосфера. Дәріс жоспары:
Биосфера және ноосфера туралы ілімі
Жер қорларының ластануы және құнарсыздануы
Шөлдену проблемалары
Топырақты қорғау іс-шаралары
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]
Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл- ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді. Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |