Республикасы


Жер қорларының ластануы және құнарсыздану



бет38/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125
Байланысты:
тқн

Жер қорларының ластануы және құнарсыздану.


Топырақ жамылғысы Жер биосферасының маңызды құрамы болып табылады. Биосферада өтетін барлық үрдістер топырақпен тығыз байланысты. Топырақтың маңыздылығысы органикалық заттарды, түрлі химиялық элементтерді және энергияны жинау. Сонымен бірге топырақ жамылғысы өте қажетті. Ол ластайтын заттарды биологиялық сіңіру, бұзу, бейтарап күйіне айналдыру функцияларын атқарады. Егер биосферада осы буында күрт
өзгерістер болатын болса, ол жалпы биосферадағы қалпына келмейтін үрдістер пайда болуына алып келеді.
Топырақты ластайтын заттардың бірі пестицидтер. Бүгінгі күнде әлемде 1 гектар жерге 300 кг. химиялық заттар енгізіледі. Өте көп мөлшерде пестицидтерді (гербицид, инсектицид, акарицид, фунгицид, дефолианттар) қолдану топырақтардың негізгі қасиеттеріне теріс әсер етеді. Сондықтан оларды химиялық, биологиялық жолдармен залалсыздандыру маңызды шаралар болып табылады.
Қазіргі үлкен проблемалардың бірі жауын-шашындармен топырақтар қышқылдығының артуы.
Қышқылды жауындар жалғыз судың ғана емес топырақтардың үстінгі қабаттарының қышқылдылығында асырады. Азот, көміртегі, күкірт тотықтары атмосфераға көтеріліп үлкен қашықтарға жылжуы мүмкін. Олар ауадағы сумен қосылып ерітінділерге айналады. Соның нәтижесінде «қышқыл жаңбыр» пайда болады. Жерге түскенде, ол өсімдіктер, топырақ, сумен әрекеттестікке түседі. Топырақтың құнарлылығы төмендейді. Топырақты ластайтын заттардың қомақты бөлігі түсті-қара металлургия, жылуэнергетика, мұнайгаз өндірістерге байланысты.
Топырақ қарашіріндісінің азғантай төмендеуі оның толық экологиялық функциясын атқаруға кедергі болады. Оның қасиеттері өзгеріп бұзылады (деградация). Әсіресе агроэкожүйелердегі топырақтар бұзылуға бейімді. Бұндай жағдайды агроэкожүйедегі фитоценоздың қарапайымдылығымен түсіндіру мүмкін. Ол ыңғайлы, өзін-өзі басқару, тұрақты құрылымы және өнімділікті экологиялық міндеттерін атқара алмайды.
Адамның топыраққа әсер ететін негізгі түрлері эрозия (су және жел), ластану, қайта сорлану және батпақтану, шөлдену, құрылысқа жер бөлу болып табылады. . Топырақ эрозиясы (лат erosio- жемірілу)- топырақтың құнарлы үстінгі қабаттарының сумен шайылуы (су эрозиясы) немесе желдің әсерінен көшуі (жел
эрозиясы).
Жер бетінде ең көп таралған бұл су (31%) және жел (34%) эрозиясы. АҚШ-да ауыл шаруашылығындағы жерлердің 40% эрозияға ұшыраған. Әлемнің құрғақ жерлерінде эрозияға ұшыраған топырақ 60%-ды құрайды, соның 20% күшті дәрежеде ұшырағандарға жатады.
Эрозияға ұшыраған топырақтарда өсімдіктердің биологиялық өнімділігі азаяды, дақылдардың өнімі және сапасы нашарлайды, топырақтың құнарлылығы төмендейді.
Жел эрозиясы немесе дефляция. Жел эрозиясының қарқындылығы желдің жылдамдығының, топырақтың тұрақтылығына, өсімдік жамылғысына, бедерге және тағы басқаларға байланысты.
Өсімдіктерді жою, малдарды ойламастан жаю, агротехникалық шараларды дұрыс қолданбау эрозиялық үрдістердің белсенділігін асырады.
Дефляция жергілікті эрозияға және шаң борандарға бөлінеді. Солтүстік Қазақстанда шаңды борандар өте күшті (20-30 м/сек асады) және ұзақ уақыт созылады. Шаңды борандар бірнеше сағаттың ішінде 1 гектар жыртылған жерден 500 т топырақтарды ұшырып алып кетуі мүмкін. Әрине бұндай құбылыс
атмосфера ауасының, сулардың жалпы қоршаған ортаның ластануына адам денсаулығына зиян келтіреді.
Топырақтың ластануы. Топырақтың үстінгі қабаттары ластануға бейімді. Топырақта көп мөлшерде болған түрлі химиялық қоспалар (токсиканттар) топырақта тіршілік ететін ағзаларға теріс әсер етеді.
Топырақтарды негізгі ластайтын заттарға – пестицидтер, минералдық тыңайтқыштар, өндіріс бөліп шығаратын заттар, мұнай және мұнай өнімдері жатады.
Жылына әлемде 1 млн. тоннадан көп пестицидтер өндіріледі. Жалғыз Ресейдің өзінде жылына 100000 тонна пестицидтер шығарылады. Краснодар өлкесінде және Ростов облысында әр 1 гектар жерге 20 кг пестицид қолданылады.
Қазіргі күнде көп ғалымдар пестицидтердің адамға болған әсерін радиоактивтік әсерімен теңдестіреді.
Пестицидтердің дақылдар өнімділігін асыруымен бірге зиянкестер түрінің көбеюі, өнімдердің сапасы, олардың сақталу қасиеттерін төмендетеді, топырақтардың табиғи құнарлығы нашарлауына т.б. теріс өзгерістерге алып келеді.
Артық мөлшерде енгізілген минералдық тыңайтқыштар топырақты ластайды. Б.Колемонер (1970) мәліметтері бойынша АҚШ-да қолданылатын азоттық тыңайтқыштардан өсімдіктер жалғыз 80% ың сіңіреді, ал жалпы орташа 50% ын ғана. Бұндай жағдай азот, фосфор және басқа элементтердің биохимиялық айналымын бұзады. Нәтижесінде экологиялық жағдай әсіресе су ортада нашарлайды, эвтрофия құбылысы дамиды.
Нитраттардың көп мөлшерде болуы топырақтағы оттегі мөлшерінің азаюына алып келуі анықталған. Өз кезегінде бұл атмосфераға тағы да екі
«парнинті» (азот шала тотығы және метан) газдар бөлінуіне алып келеді. Нитраттар адамның денсаулығына қауіпті болып саналады. Егер адам ағзасында нитрат мөлшері 50 мг/л-ден көп болатын болса ол дененің улануына алып келеді.
Топырақ ауыр металдарды жинау қабілетіне ие. Сынап шығаратын комбинаттардың маңайындағы топырақтарда сынап мөлшері шектелген мөлшерден жүз есе артық болады.
Жолдардың жағасындағы топырақтарда қорғасын мөлшері 30 есе көп болуы мүмкін (ластанбаған жерлерде -20 мкг/г- норма).
Топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы мұнай өткізетін құбырлар апатқа ұшырағанда, мұнай өндіретін технологиялардың нашарлығына, апат және технологиялық үрдістер нәтижесінде пайда болған шығындарға байланысты. Ресейдегі Тюмен және Томск облыстарында топырақтағы мұнай, көмірсулары мөлшері фондық көрсеткіштерден 150-250 есе көп.
Ластанған топырақтардағы түрлі ауру қоздырғыштар адам денсаулығына өте қауіпті болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет