Республикасы


Биосфераның негізгі қасиеттері



бет25/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125
Байланысты:
тқн

Биосфераның негізгі қасиеттері.


  1. Биосфера- орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм)

  2. Биосфера-ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі.

  3. Биосфера-өзін-өзі реттелуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.

  4. Биосфера-көп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты.

  5. Биосфераның маңызды қасиеті – заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы.

4. Биосфера эволюциясы.


Палеонтологиялық мәліметтер бойынша:

  1. Протерозой дәуірінде (700млн. жыл бұрын)- бактериялар, балдырлар, қарапайым омыртқасыздар пайда болды.

  2. Палеозой дәуірінде (365 млн. жыл бұрын) – жер беті өсімдіктер , амфибиялар пайда болды;

  3. Мезозой дәуірінде (185 млн. жыл бұрын)- сүтқоректілер, құстар, қарағай өсімдіктері пайда болды;

  4. Кайназой дәуірінде (70млн. жыл бұрын) – қазіргі заманғы өсімдіктер мен жануарлардың топтары пайда болды.

Жердегі тіршіліктің эволюциясының негізгі кезеңдері


  1. Биологиялық эволюцияның механизмдері


Биологиялық эволюцияның қазіргі заманғы теориясы төмендегілерді бөліп көрсетеді:

  • эволюция басталатын элементарлық құрылымды – яғни жеке особь немесе түр емес, популяция;

  • эволюцияның механизмі, яғни популяцияның генотипінің тұрақты өзгерісі - мутагенезді;

    • факторларды – олар негізгі және қосымша болып бөлінетін эволюцияның қозғаушы күштерін;

    • триггерлерді - қозғаушы күштердің іске қосу механизмдерін, яғни осы қозғаушы күштерді қозғалысқа келтіретін себептерді.

Мутациялар – эволюцияның материалдық қайнар көздері. Келесі ұрпақтарда тұқым қуалайтын өзгерістер туғызатын мутациялар организмдердің қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін не реакция нормаларын анықтайды. Көбеюдің әдеттегі қалыпты үрдісінде мутациялар аяқ асты пайда болады. Ұрпақ сандарындағы мутациялар саны тұрақты болады. Кездейсоқ пайда болған өзгерістер организм үшін пайдалы болса, тіршілік үшін күресте организмнің тіршілігін сақтап қалуына себін тигізеді. Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып, қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың популяцияларының құрылымында түбегейлі өзгерістер туғызып, нәтижесінде жаңа түрлер пайда болады.
Табиғи және жасанды сұрыптаудан басқа тұқым қуалаушылық өзгергіштікті реттейтін ешқандай фактор жоқ. Тек қоршаған ортаның белгілі жағдайларындағы өзгерістер пайдалы болғанда, табиғи ортада сұрыпталады, немесе эволюция барысында олардың саналы түрде жасанды сұрыптауы арқылы іске асады. Эволюция және түрдің пайда болуы популяциялардың немесе кіші бір ғана қолайлы емес екені анықталған. Үлкен популяцияда тұқым қуалаушылық өзгерістердің пайда болуы зиян, ал кіші популяциядағы кездейсоқ әсерлердің ықпал етуі жиі кездеседі. Сондықтан особьтардың сандық құрамын тұрақты түрде өзгертіп отыратын орта мөлшердегі популяциялардың эволюцияға шын жаңа түрлер пайда болуына қалайды.
Жаңа түр пайда болуы үшін бұрынғы организмдердің белгілі бір тобы ерекшеленуі қажет. Организмдердің белгілі бір тобының ерекшеленуі мен изоляциясы арқылы, олардың басқа түрлермен шағылыспа, яғни генетикалық информацияларымен алмаспауы үшін қажет екені дәлелденген.
Табиғатта әртүрлі организмдер тобының изоляциясы, сол сияқты оның селекция практикасында қолданылуы да әртүрлі жолмен жүзеге асырылады, олардың мақсаты біреу ғана –түрлердің генетикалық информациялармен алмаспауын қадағалау. Бұл үшін географиялық шекара (организмдер өте алмайтын сулы орта мұхит не теңіздер, батпақтар не биік таулар, т.с.с.), экологиялық жағдайлар, көбею үрдісіндегі физиологиялық сәйкесссіздік (жұптасудың әрбір түрге тән кезеңдері), организмдердің әртүрлі топтары мен түрлерінің мінез-құлық ерекшеліктері, т.б.
Эволюцияның осы негізгі факторларына тағы популяциядағы ұрпақтар алмасу жиіліктері, мутациялық процестердің сипаты мен қарқынын, т.б қосуға болады. Айта кететін бір жай, жоғарыда аталған барлық негізгі және қосымша факторлар жеке дара емес, бір- бірімен өзара тығыз байланыста әсер етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет