Республикасы


Теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері



бет33/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125
Байланысты:
тқн

Теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері


Мұхиттар мен теңіздердің деңгейінің көтерілуі - әдетте бірнеше мың жылдықтар бойына жай жүрді. Бұндай өзгерістер климаттық факторлар әсерінен жүреді. Алайда, табиғатта мұхиттар мен теңіз деңгейінің қысқа уақыт ішінде көтерілуіне әсер ететін процестер бар.
Бұл Ай мен Күннің тартылыс күші сол сияқты, жер сілкіну мен вулкан атқылау әсерінен болатын толқынды желдер мен цунами толқындарының әсерінен болады.
Бірақ бұнымен бірге теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері де байқалады, олар жер осінің өзгеруі нәтижесінде құрлықтың массасының ығысуынан болады, нәтижесінде бір жерлерде мұхиттар мен теңіздердің деңгейі көтеріліп, яғни трансгрессия болса, екінші жерлерде оның төмендеуі, яғни регрессия байқалады.
Теңіз деңгейінің күрт көтерілуі көбіне құрлықты су алу құбылысына (стихиясына) әкеледі. Қара теңіздің соңғы 3000 жылда деңгейінің өзгеруін қарап отырсақ, оның ең төменгі деңгейі б.э.д. VІІІ ғасырмен ІV ғасыр аралығында болып, біздің эрамыздың басына қарай қазіргі деңгейінен 2 метр жоғары болған. Бұдан кейін оның деңгейі 1,2-2 метрге 3 рет төмендеп, 0,5 метрге 2 рет көтерілген. Атақты гидробиолог б.ғ.д. В.В.Полещук: Қара теңіз деңгейінің ең төменгі кезінде б.э.д. VІІІ- VІІ ғасырда Солтүстік, Балтық және Ақ теңіздері тасып Қара теңізге құйған деп көрсетеді. Нәтижесінде Қара теңіздің деңгейі қазіргі деңгейінен 80 – 100 метрге көтерілген. Бұны В.В.Полещуктың пайымдауынша, су жануарлары дәлелдейді. Қара теңіздің суларында Балтық, Солтүстік, Ақ
теңіздерде тіршілік ететін 200-ден аса түрлі организмдер табылған.
Болған катастрофалық су тасқыны туралы Солтүстік пен Оңтүстік халықтары- эстон, фин, шведтерде көптеген мәліметтер бар.
В.В.Полищук су тасқыны Жердің айналу осінің өзгеруіне байланысты болған деп жорамалдайды. Бұл кезде, жоғарыда айтып кеткендей, жер массалары ығысады - бір жерлерде трансгрессия, басқа жерде - регрессия жүреді. И.И.Гудземнің жүргізген есептеулері бойынша, Жердің айналу осі 54’4”-қе бұрылғанда Батыс Сібір ойпатын, Евразияның біраз бөлігі мен Африканың Солтүстік шығыс бөлігін су басады да, Орал таулары, Скандинавия түбегі, Батыс Европа аралға айналады. Айналу осі 27‘2 “- қе өзгергенде, Батыс Сібір ойпатының бір бөлігін су алып, Қара, Каспий, Арал теңіздері қосылып Жерорта теңізі арқылы байланысқан бір бассейнге айналады. Жердің айналу осінің ығысуын В.В.Полищук планетаның тектоникалық белсенділігінің артуынан деп түсіндіреді. П.В.Василиктің пайымдауынша, бұндай құбылыстар Күнді Жер орбитасына жақын орбита бойымен айналып жүрген астероид тәрізді космостық дене әсерінен болады деп жорамалдайды. Құрылық пен теңіздің орын алмасу құбылыстарына дәлел бола алатын Азия мен Солтүстік аралығындағы Берингия деп аталатын көпірдің пайда болуы.
Б.э.д. VІІІ- VІІ ғасырда Солтүстік Америкадан Азияға Алеут аралдарына эскимостардың қоныс аударғаны тарихта белгілі.
Сонымен, теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерулері теңіз, өзен, көл биоталарына ғана емес, адамдардың қоныстануына да тікелей әсер етеді, нәтижесінде кейбір аймақтар ұзақ уақытқа бос қалады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет