Республикасы


Бу турбиналы қондырғының жылулық циклы



бет3/27
Дата14.09.2023
өлшемі1,82 Mb.
#181125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Бу ж не газ турбиналар

Бу турбиналы қондырғының жылулық циклы


Бу турбиналы қондырғылар Ренкин циклы арқылы жұмыс атқарады. Бу турбиналы қондырғылардың пайдалы жұмыс атқаруына əсер ететiн бу қысымы мен температурасы. Егер будың қысымы мен температурасын жоғарлатса, Ренкин циклының пайдалы əсер коэффициентi де өседi.
Бу турбиналы қондырғылардың пайдалы əсер коэффициентiн көтеруге тағы бiрнеше тəсiлдерi бар. Бұл турбинадан шыққан будың қысымын азайту, циклдегi орташа қысымды буды қайтадан қыздыру жəне электр қуатымен бiрге жылу өндiру. 1.3-суретте тек электр энергиясын жəне электр қуатымен бiрге жылу өндiретін жылу электр стансаларының (ЖЭС) тəсілдемелік схемалары көрсетiлген – бұл шықтағыш электр стансасы (ШЭС) жəне жылу электр орталығы (ЖЭО).

1 - бу генераторы; 2 - бу турбинасы; 3 - электр генераторы; 4 - конденсатор;


5 - конденсат сорғысы; 6 - қоректендiру сорғысы; 7 – аз қысымды жылытқыш;
8 - жоғары қысымды жылытқыш; 9-деаэратор; 10-желiсу жылытқышы; 11-өндiрiс бу iрiктеу арнасы; 12-су дайындау қондырғы; 13-қыздырылған бу құбыры; 14-отын; 15-ауа; 16-түтiн, газ; 17- шлак; 18-қайта қыздыруға жiберiлген бу; 19-қайта қыздырылған бу.

    1. Сурет - ЖЭС тəсілдемелік сұлбалары, ШЭС (а) жəне ЖЭО (б)



а – рυ-диаграммасында; б – Тs-диаграммасында.

    1. сурет - Ренкин циклы.

Бу турбиналы қондырғылар циклының құрамына (Ренкин циклы, 1.4-суретті қара) келесi құбылыстар кiредi:

  1. қысым тұрақты құбылыс (Р1 = const) 3-4-5 бу генераторда бу өндiру (ылғалды бу) немесе 3-4-5-1 (қыздырылған бу) үздiксiз жылуберiс q1 = h1 – h3 арқылы пайда болған;

  2. адиабатты кеңiтiлу құбылыс (1-2) бұл бу турбинада пайдалы жұмыс өндiру lпт = h1 – h2 құбылысы;

  3. қысым тұрақты (Р2 = const) құбылыс. Бұл конденсаторда жұмысын атқарған буды салқындатып шықтандырып суға айналдыру (2 - 2'), мұнда q2 = h2 – h2' < 0.

  4. адиабатты құбылыс 2'–3 бұл суды конденсатты жəне қоректендiру насостарымен бу генераторына бұрынғы қысымымен Р1 жiберу.

Бу турбиналы қондырғылардың теориялық меншiктi пайдалы жұмысы бу турбинаның 1 кг буға жəне қоректендiру насостың 1 кг суға пайдаланған жұмыстарының айырмашылығынан шығады



о пт пн 1 2 3 2'
l пту = l – l = (h – h ) – (h – h ) . (1.1)

Бу турбиналы қондырғылардың термиялық пайдалы əсер коэффициентi






o 1 1 2 3 2' 1 3 1 2 1 3
(1.2)
ηt = l пту /q = [(h – h ) – (h – h )]/(h – h ) ≈ (h – h )/(h – h ) ,

мұнда қоректендiру сорғының жұмысы өте аз болғандықтан оны есепке алмауға болады, немесе h3 = h2' .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет