Конденсатор құрылысы
Бу турбинада кеңейіп жұмысын атқарған бу конденсаторға барып шықтанады да суға айналады. Конденсатор (шықтағыш) қондырғысына конденсатордан басқа жабдықтар кіреді: эжектор; конденсат сорғысы; циркуляция (айналым) сорғысы, 7.1-сурет.
Конденсаторға салқындатқыш су циркуляция (айналым) сорғысымен жіберіледі. Конденсат насосымен, шықтанған су, регенеративтік жүйесіне жіберіледі. Конденсатордың ішіндегі ауа, эжектор арқылы аластанады. Конденсаторға ауа бумен бірге жəне сорылып кіреді.
1-конденсатор; 2-циркуляция сорғысы; 3-конденсат сорғысы; 4- эжектор.
Сурет - Конденсаттық қондырғының сұлбасы
Конденсатор жəне оның жылу беттерінің құрылысы 2-ші суретте көрсетілген. Конденсатор корпусының ішінде құбыр беттері екі секцияға бөлінеді. Су бірінші (астыңғы) секциядан өтіп бұрылады да, екінші (үстіңгі) секциядан өтеді. Құбыр беттері салқын болғаннан, конденсаторға жіберілген бу шықтанып, суға айналады.
1-конденсатор корпусы; 2, 3-су камераларының қақпақтары; 4-құбыр тақташалары; 5-конденсатордың құбырлары; 6-бу қабылдағыш патрубок; 7-конденсат жинағыш; 8-ауа аластағыш патрубок; 9-ауа салқындатқыш; 10-бу бағыттағыш қалқан (щит); 11-су кірісі; 12-су шығысы; 13-аралық (бөлгіш) қабырға; 14-бу аймағы; 15-17 – судың кіріс, бұрылыс жəне шығыс камерасы.
Сурет - Конденсатор жəне оның жылу беттерінің құрылысы
Су көлемі будың көлемінен төмен болғанынан, конденсатордың ішінде вакуум пайда болады. Бірақ вакуумды ұстап отыру үшін, буға қосылған ауаны аластап отыру қажет. Ауаны аластау үшін конденсатор патрубогіне эжектор 8 қосылады.
Конденсатордың жылу балансы
Конденсатордағы будың шықтанған кезіндегі жылуы салқындатқыш суға беріледі. Жылу балансын келесімен көрсетуге болады:
;
мұнда hк – конденсаторға жіберілген бу энтальпиясы, кДж/кг;
hк' = Cв·tк – шықтанған су энтальпиясы, кДж/кг;
W – салқындатқыш су шығысы, кг/с;
t1в , t2в – конденсатор кірісі мен шығысындағы су температурасы, оС
.
Салқындатқыш судың жылуының мөлшері, :
Конденсатордың жылу сипаттамасы кірістегі су температурасының өзгеруіне (10, 12, 15, 20, 25 оС) байланысты салынады.
Салқындатқыш су шығысы мен бу шығысының қатынасын салқындату еселігі деп атайды:
.
Салқындату еселігінің мөлшері:
бір жүрісті m = 80-120;
екі жүрісті m = 60-70;
үш жəне төрт жүрісті m = 40-50.
Достарыңызбен бөлісу: |