Қайраттық құраманың (энергоблоктың) басқару сүлбесі
Орнықты жұмыс тəртібі (базовый режим)
Орнықты жұмыс тəртібі кезінде, бу генератордың (бу қазанның) жылу жүктемесі тұрақты болады. Құраманың ішкі өзгерістері отын жəне су шығысы арқылы реттеледі, ал сыртқы өзгерістер – қысым реттегіш 2 арқылы, «өзіне дейін» реттеледі. Бұл реттеу синхронизатор 4 арқылы реттегіш клапанын 1 ашып жабумен атқарылады (11.1,а-суретті қара).
«Озіне дейін» реттегіш, бу генераторды қысым төмендеуінен қорғайды, ал құраманың жүктеме реттеуін қамтамасыздандырмайды.
Реттеу жұмыс тəртібі
Турбогенератор электр жүйеде қуат реттеуге (тоқ жиілігін реттеуге) пайдаланса, оның жүктемесі өзгеріп тұрады, ол реттеу тəртібінде жұмыс атқарады деген сөз. Егер турбогенератордың жүктемесі тез өсе бастаса, бу
генератор өнімділігі жеткіліксіз болады. Сондықтан, реттегіш клапандардың қосымша ашылуын ұйымдастыру қажет, бұған байланысты қысым төмендеп, бу генератор қосымша бу өндіреді. Бұдан басқа тəсіл - төмен қысымды жылытқыштарға бу беруін ажырату.
а - орнықты жұмыс тəртібі, б жəне в – реттеу жұмыс тəртібі; 1 – турбинаның реттеу клапаны; 2 – қысым реттегіш; 3 –жүктеме реттегіш; 4
- турбина синхронизаторы; 5 – бу генератордың жылу жүктемесін реттегіш; 6 – клапан орналасу орынын көрсеткіші; 7 - дифференциатор; ЦВД, ЦСД и ЦНД - жоғары, орташа жəне төмен қысымды цилиндрлар.
Сурет - Қайраттық құраманың қуатын реттеу (басқару) сүлбесі
Егер турбогенератордың жүктемесі төмендесе, бу шығысы артық болып оның қысымы жоғарлап, турбина жұмысына қауіптік туғызады, бұл кезде артық буды БРОУ арқылы конденсаторға жіберуге болады. Сондықтан, реттеу жүйесінің жұмысы өте сенімді болуы қажет, егер жүктеме өзгерсе, реттегіш клапан бу шығысын тез өзгертуі қажет. 11.1- суретте қайраттық құраманың реттеу жұмыс тəртібінің екі түрі көрсетілген:
Реттегіш клапан арқылы турбина қуатын реттеуіне келетін негізгі сигнал (дабыл) – тапсырма бойынша қуат N3 (11.1,б-суретті қара). Бу генератордың жылу жүктемесін реттейтін, қоректі су шығысын Dп.в өзгертетін реттегішке, қысым Рп.п жəне дифференциаторлардан шығатын екі сигнал hкл , Dп.в келеді (мұнда hкл – реттегіш клапанының орналасуы; Dп.в – қоректендіру су шығысы, реттеу жүйесінің жұмыс сапасын көтереді).
Турбина қуатын реттеуіне келетін негізгі сигнал (дабыл) – тапсырма бойынша қуат N3 пен деректі қуат Nф айырмашылығы (11.1,в- суретті қара. Бұл сигна екі қысым айырмашылығымен (Рр - Рпр) сипатталады. Электрлік жүктеме өзгерген кезде N3 – Nф сигнал пайда болады, турбинаның қуат реттегіші іске кірісіп осы айырмашылығын кетіруге тырысады, реттегіш клапандар арқылы, куат айырмашылығы нольге теңестіріледі, N3 – Nф = 0. Бұл реттеу жүйе электр-гидравликалық реттеу жүйе деп аталады.
Электр жүйесінің қуаты мен ток жиілігін, бір неше қайраттық құрамалар арқылы реттеу сүлбесі
Электр жүйесіндегі жүктеменің өзгеруі ток жиілігіне əсер етіп өзгертеді, сондықтар бу турбиналардың жылдамдық реттегіштері реттеу клапандарының орналасуын өзгертіп турбина қуатын реттеп отырады. Турбогенераторлар арасында, қуат бөлісуі олардың статикалық сипаттамасына байланысты, 11.2-сурет. Пайдалану ереже бойынша реттеудің бірқалыпсыздығы δ:
δ = [(nmax – nmin)·100%]/no .
Норма бойынша реттеудің бірқалыпсыздығы 1,5 - 3% аралығында болуы қажет.
Сурет - Қуат (айналым жылдамдық) реттегіштің статикалық сипаттамасы
Статикалық сипаттамасына байланысты (жатық əлде тіп-тік), 11.2- сурет, айналым жылдамдығы өзгеруіне ∆n байланысты қуаттары өзгеше өзгереді (∆Nг1 < ∆Nг2). Қазіргі кезде, электр жүйесінің қуаты мен ток
жиілігін реттеген кезде, турбогенераторлардың тиімділігін ескереді. Біріншіден жүктемеге қосылатын тиімділігі ең жоғары, ал содан соң тиімділігі орташа турбогенераторлар іске қосылады. Блокты жылу электр стансаның реттеу жүйенің сүлбесі 11.3-суретте көрсетілген. Турбогенераторлардың тиімділігі «мəліметтер кірісі» арқылы беріледі. Жүйе реттегішінің (2) кірісіне өлшегіш құрылғыдан (1) ток жиілігінің өзгеруі жөніндегі мəліметтер беріледі, ал реттегіштің шығысынан мəліметтер бу генератор мен турбинаның жекеленген жүктеме бөлгіш құрылғыларына (4 пен 3) жіберіледі. Бу турбинаның жекеленген жүктеме бөлгіш құрылғысына қосымша қуат мөлшері Nтг жөнінде мəлімет беріледі (5), ал бу генератордың жекеленген жүктеме бөлгіш құрылғысына қосымша бу қысымы мөлшері Рп.п жөнінде мəлімет беріледі. Құрылғы 3 синхронизатор 7 жəне реттегіш клапан 8 арқылы турбинаға берілетін бу мөлшерін реттейді, ал құрылғы 4 парогенератордың жылу жүктемесінің реттегіші 6 арқылы қорек су реттегішіне (РПК) 9 əсер етеді.
Керекті қуат Nтг жəне қысым Рп.п мөлшеріне жеткен соң жекеленген жүктеме бөлгіш құрылғыларының (4 пен 3) жұмысы тоқтайды.Жүйе реттегішінің кірісіне тапсырма ретінде əрбір энергоблоктардың жүктемеге байланысты отын шығысының өсуін жəне жүктемені шектеу сигналдардар беріледі. Энергоблоктардың бірге жұмыс атқарған кезіндегі тиімді жұмыс тəртіп əрбір энергоблоктардың жүктемеге байланысты отын шығысының өсуі тең болған кезде орнатылады.
Бірге жұмыс атқаратын энергоблоктардың арасында жүктемені тиімді бөлу мен қатар электр стансаның қуаты жəне ток жиілігі реттеледі.
Сурет - Блокты жылу электр стансаның реттеу жүйесі
Блокты жылу электр стансаларының реттеу жүйесін зауттарда сериямен шығарылатын реттегіш техника құрылғылар арқылы құрастыруға болады. Қазіргі кезде микропроцессорлы реттегіш құрылғылар іске қосылды. Бір реттегіш құрылғы жүз тіпті жүзден артық көрсеткіштерді реттеуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |