Республикасы


Бу турбинасын маймен қамтамасыз ету жүйесі



бет22/27
Дата14.09.2023
өлшемі1,82 Mb.
#181125
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Бу ж не газ турбиналар

Бу турбинасын маймен қамтамасыз ету жүйесі



    1. Бу турбинасын маймен қамтамасыз ету жүйесінің сұлбасы

Бу турбинасын маймен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы өте сенімді болуы қажет. Егер турбина подшипниктеріне май бармай қалса апаттық жағдай туады. Маймен қамтамасыз ету жүйесінен май майлау жүйесіне, автоматтандырылған реттеу жүйесіне жіберіледі, сонымен бірге май генератордың тығыздағыш жүйесінде жəне қоректендіру су сооғысының гидромуфтасында қолданады. Майлау жүйесінде май қысымы 0,295 МПа (3 кгс/см2) аспайды, генератордың тығыздағыш жүйесінде 0,392 МПа (4 кгс/см2) болады. Турбинаның автоматтандырылған реттеу жүйесіне май 0,49 – 0,98 МПа (0,5-1,0 кгс/ см2) қысымымен жіберіледі.
Қазіргі кезде өрттен қауіпсізденіп турбинаның автоматтандырылған реттеу жүйесінде отқа төзімді сұйық (ОМТИ) қолданады. Май тұтану температурасы 370-380 оС, ал ОМТИ-дің 720 оС. Сонымен майлау жүйесі мен реттеу жүйесі бөлек болады. Реттеу жүйесінде ОМТИ негізінде ЛМЗ қолданады, ал ХТГЗ өз турбиналарында су (конденсат) қолданады (К-300- 240, К-500-240), ТМЗ да Т-250-240 турбинасында су (конденсат) қолданады.
Егер турбина реттеу жүйесінде май қолданылса, реттеу жəне майлау жүйелерінің маймен қамтамасыз ету сұлбасы бірге орындалады, 10.1- сурет.

1-көлемді (тісті əлде винтты) май сорғысы; 2-редуктор; 3-май жинағыш бак; 4-реттеу жүйесі; 5-қысым редукторы; 6 мен 7- қысым


жоғарлаудан сақтандырғыш клапандар; 8-май салқындатқыш; 9- турбинаны қосып тоқтатуға арналған май сорғысы; 10-кері клапан; 11- апаттық жағдайда жұмыс істейтін май сорғысы; 12-электрқозғалтқыш (электрдвигатель) тұрақты токпен жұмыс істейді; 13-майлау жүйесіне (подшипниктерге) жəне генератордың тығыздағыш жүйесіне май берілуі.

    1. Сурет - Сорғысы көлемді турбинаны маймен қамтамасыз ету жүйесі

Көлемді май сорғысы (1) редуктор (2) арқылы турбина валымен қосылады. Насос майды май сақтайтын бактен (3) алады, қысымын жоғарлатып реттеу жүйесіне (4) жібереді. Май қысымы редуктор (5) арқылы реттеледі. Май подшипниктерге реттеу жүйесінен соң жіберіледі.
6 жəне 7 сақтандырғыш клапандар майлау жүйесіндегі қысымды реттейді.
Подшипниктерге баратын май, май салқындатқыштан (8) өтеді, май температурасы 45-50 оС араларында болуы қажет.
Май салқындатқышта зақым пайда болған кезде, майға су қосылмау үшін, май қысымы су қысымынан жоғары болады. Жұмыс атқарған май, май жинағыш бакқа төгіледі. Турбинаны іске қосып тоқтатқан кезде жұмыс атқаратын май сорғысы (9) жəне апаттық жағдайларда іске қосылатын май сорғысы (11) болады.
Көлемді май сорғысының (1) жақсы ерекшелігі ол кірісінде ауа болсада жұмыс атқара алады, ал кемшілігі редуктор (2) тез істен шығуы мумкі.
Ортадан тепкіш насосты турбинаны маймен қамтамасыз ету жүйесінде, 10.2-сурет, бас сорғы (1) турбина валына тіке қосылады.
Ортадан тепкіш сорғының қысымы турбина валының айналым жылдамдығымен байланысты. Бұл маймен қамтамасыз ету жүйесін іске қосу алдында бас сорғы кірісінде ауа болмағаны дұрыс, ауаны кетіру үшін сорғы кірісінде май қысымы болуы қажет, сондықтан инжектор (2) орнатылады.

1-бас май сорғысы (ортадан тепкіш түрді); 2-инжектор 1-ші саты; 3-май жинағыш бак; 4-реттеу жүйесі; 5-инжектор 2-ші саты; 6, 7 мен 10-кері клапандар; 8-май салқындатқыш; 9-турбинаны қосып тоқтатуға арналған май сорғысы; 10-кері клапан; 11-апаттық жағдайда жұмыс істейтін май сорғысы; 12-электрқозғалтқыш тұрақты токпен жұмыс істейді; 13-майлау жүйесіне (подшипниктерге) май берілуі.



    1. Сурет – Сорғысы ортадан тепкіш турбинаны маймен қамтамасыз ету жүйесі



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет