Бу турбиналы қондырғылар құрылысы өте күрделі болғандықтан, оларды күтуіне жəне пайдалануына өте көп көңіл бөлу қажет.
Бу турбиналы қондырғыларды пайдаланған кезде белгілі болған бұзылулар мен зақымдар тез жөнделуі қажет. Кейбір бүлінулер қондырғылардың басқа бөлшектерін бүлдіруі əлде апат жағдай туғызуы мумкін жəне өндірілген энергия сапасына əсер етеді. Сондықтан бу турбиналы қондырғылар жұмысын дұрыс қадағалау қажет.
Егер келесі талаптар орындалса бу турбиналы қондырғылар дұрыс, өнімді жəне тиімді жұмыс істеп пайдаланады деп санауға болады,:
қондырғылар жұмысы пайдаланған кезде жұмысшыларға қауіпті болмаса;
жоғары тиімділікпен жене төмен меншікті отын шығынымен жұмыс істесе.
Бу турбиналы қондырғылар тұтынушыларды үзіліссіз қамтамасыз етуі қажет, ал сонымен бірге энергия сапасы жоғары болғаны дұрыс.
Электрэнергия тұрақты жиілігімен (50 Гц), кернеуімен (220, 380 В) болуы қажет. Ал бу мен су көрсеткіштері (қысымы, температурасы) өзгерсе, онда өндірісте техногиялық құбылыстар өзгеріп өндіріске зиян келтіруі мумкін. Су температурасы өзгерсе тұтынушылардың жылу қондырғылары дұрыс жұмыс атқармауы мумкін.
Бу турбиналы қондырғыларды күтіп пайдаланатын қызметшілер, пайдалану ережелерін жақсы білуі қажет.
Бу турбиналы қондырғыларды күту жəне пайдалану ережелері барлық ережелердегі нұсқауларды ескеру қажет:
қондырғыларды күтіп пайдаланатын қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары.
Бу турбиналы қондырғыларды күту жəне пайдалану ережелерінде келесі жағдайлар көрсетілуі керек:
турбина тоқтап тұрған уақытына байланысты оның жұмысқа жəне жүктемеге қосу тəртібі;
реттегіш қалақшалардағы бу қысымы мен температурасы;
реттелетін бу алымындағы қысым мен температурасы;
турбинада жұмыс істеп шыққан будың қысымы (вакуум).
Бу турбиналы қондырғыларды күту жəне пайдалану ережесіне оны құрастырушы мен цех бастығы қол қойып, электрстанцияның бас инженерімен бекітілуі қажет.
Бу турбиналы қондырғыларды күту жəне пайдалану ережесін турбина машинисты, оның көмекшісі, смена бастығы мен станцияның кезекші инженеры білуі қажет. Бұл ереже тұрақты болсада, керек кезінде қайта қарастырылып, жылу схемасының өзгерістері анықталып, жаңа өзгерістер кірістірілуі мумкін.
Бу турбиналы қондырғылардың түрлері көп болғаннан барлығына келетін ереже құрастыру қиын, сондықтан əр бір станцияда өздерінің жергілікті ережесі болады.
Сондықтан, біз осы пəнді оқып өткен кезде негізгі теориялық жəне практикалық сұрақтарды қараймыз.