9.5 Бу турбина қорғау жүйелерінің түрлері
Бу турбина қорғау жүйелерінің келесі түрлері болады:
Турбинаны ротордың айналым жылдамдығының өсуінен қорғау
Турбинаны ротордың айналым жылдамдығының өсуінен қорғау жүйесіне кіретін: қауіпсіздік автомат; қауіпсіздік автоматтың ажыратқышы; бу жапқыш клапан жəне сервомотор. Қауіпсіздік
автоматтың екі түрі болады: а-сырықты жəне б-сақиналы. Қауіпсіздік автоматтардың құрылысы 9.4 суретте көрсетілген.
а-сырықты жəне б-сақиналы.
Сурет - Қауіпсіздік автоматтар түрлері
Қауіпсіздік автоматтардың жұмысы ортадан тепкіш күшке байланысты. Ротордың айналым жылдамдығы өскен кезде, қауіпсіздік автоматтың сырығы əлде сақинасы ортадан тепкіш күш əсерімен орнынан шығып ажыратқышты іске қосады.
Қауіпсіздік автоматтың жұмыс сұлбасы 9.5 суретте көрсетілген. Бу турбинаның айналым жылдамдығы өскен кезде сырық 1 келдектер 2 мен 3 арқылы сервомоторға əсер етеді де жапқыш клапанды 7 жабады. Бу турбинаға бу шығысы жабылады да турбина тоқтатылады.
1-сырық; 2, 3-келдектер (рычагтар); 4-пружина; 5-ажыратқыш; 6-май кірісі; 7-жапқыш клапан; 8-сервомотор поршені; 9-сервомотор пружинасы; 10-гайка; 11-турбина валы; 12-қауіпсіздік автоматтың пружинасы; 13-втулка.
Сурет - Қауіпсіздік автоматтың жұмыс сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |