Республикасы


Турбина роторының білік (ось) бойымен қозғалуынан қорғау жүйесі



бет21/27
Дата14.09.2023
өлшемі1,82 Mb.
#181125
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
Бу ж не газ турбиналар

Турбина роторының білік (ось) бойымен қозғалуынан қорғау жүйесі


Турбина подшипнигінің тірегіш қалыптары істен шыққанда ротор ось бойымен қозғалуы мүмкін. Бұл өте қауіпті жағдай, сондықтан апаттық ажыратқыш іскі қосылуы қажет. Турбина роторының білік бойымен қозғалуынан қорғау жүйесінің сұлбасы 9.6,а суретінде көрсетілген. Турбина роторы қозғалған кезде табақша мен темір шеттерінің ара қашықтығы а мен б өзгереді. Осыған байланысты электртоқ шығаратын катушкаларында электртоқ пайда болып реле (РОС) жəне реттегіш жүйе (САР) арқылы ажыратқышқа дабыл береді. Ажыратқыш турбинаның бу жапқыш клапанын жапқызып, турбинаға бу берісі тоқтатылады. Бұл жуйеде ротордың статор бойымен орналасу орыны 5 өлшегіш аспап арқылы көрсетіліп тұрады. Ротор қозғала бастағанда басқару щитқа (БЩУ) сигнал барады. Қорғау жүйенің жұмыс істеуін тексеруге болады. Пайдаланған кезде жүйе жұмысы сенімді болады. Турбина роторының білік бойымен қозғалуынан қорғау
жүйесінің апаттық ажыратқыштың индукциялы сезгіші (датчигі) болады. Индукциялық сезгіш құрылысы 9.6,б суретте көрсетілген.
Индукциялық сезгіштің элекрмагнит темірінде екі катушка орналасады 8 электр ток қосылатан жəне 9 электртоқ шығаратын. Ротор табақшасы 1 мен сезгіштің темір шетінің 7 ара қашықтығы өзгерген кезде электр ток шығаратын катушкада электр ток пайда болады да қорғау жүйеге дабыл жіберіледі.


а) б)

  1. ротордағы табақша (диск); 2-индукциялық сезгіш; 3-трансформатор; 4- электртүзеткіш; 5-өлшегіш аспап; 6-электромагнит темірі; 7-темір шеттері; 8-электр ток қосылатын катушка; 9-электр ток шығаратын қатушкалар.

    1. Сурет - Турбина роторының білік бойымен қозғалуының қорғау жүйесінің сұлбасы (а) мен индукциялық сезгішінің (б) құрылысы.


      1. Майлау жүйесіндегі қысымның төмендеуінен қорғау жүйесі

Майлау жүйесіндегі май қысымы 0,295 МПа аспайды. Майлау жүйесіндегі қысым май сорғысы істен шыққанда төмендеуі мүмкін. Сондықтан қысым төмендегенде (0,12 МПа) қосалқы (резерв) май сорғысы іске қосылады.
Егер қысым 0,09 МПа төмендесе апаттық май сорғысы іске қосылады, ал егер 0,03 - 0,04 МПа түссе, ажыратқыш іске қосылып турбина тоқтатылады да вал айналдырғыш (ВПУ) іске қосылады, қорғау жүйесінің сүлбесі 9.7-суретте.



    1. Сурет - Майлау жүйесіндегі қысымның төмендеуінен қорғау жүйесінің сүлбесі.


      1. Вакуум нашарлауынан (төмендеуінен) қорғау жүйесі

Вакуум нашарлаған (төмендеген) кезде турбинаның бу шығатын жағы қызады. Температура 70 оС аспау, ал вакуум 650 сн.мм аспау қажет. Бұдан асса турбина роторы ұзарады, статор қисайып ротор статорға қажалады. Бұл апатқа əкеледі. Сондықтан ажыратқыш іске қосылады. Вакуум нашарлауынан (төмендеуінен) қорғау жүйесінің сүлбесі 9.8- суретте көрсетілген.

      1. Бу алу қубырларынан турбинаға будың қайтып кіруінен қорғау жүйесі

Турбина тоқтатылған кезде оның ішкі қысымы төмендейді, сондықтан бу алу құбырларындағы қысым арқылы бу турбинаға қайтып кіруі мүмкін, бұл турбинаға қауіпті. Сондықтан турбина мен бу алу құбырлар арасына кері жапқыш клапан орнатылады. Бұл клапандар турбинадан буды шығарады ал кері жібермейді, жабылып қалады.



    1. Сурет - Вакуум нашарлауынан (төмендеуінен) қорғау жүйесінің сүлбесі


      1. Турбина бу шығу патрубоктағы қысымы өсуінен қорғау жүйесі

Турбина бу шығу патрубоктағы қысымы өсуі статор мен ротор арасындағы қажалыс пайда болуына əкеледі. Қысым жоғарлағанда қауіпсіздік клапаны ашылып, қысым ауаға жіберіледі. Турбина ажыратқыш арқылы тоқтатылады.
Сонымен келесі қорытынды шығаруға болады:

    • турбинада реттеу жүйесімен бірге қорғау жүйелері болуы қажет;

    • əр бір қорғау жүйелері бір бірімен байланысып жұмыс істеуі қажет;

    • қорғау жүйелері апаттан сақтанудың ең ақтық əрекеті, сондықтан сенімділігі жоғары болуы қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет