Республикасы


Газ турбиналы қондырғылар



бет25/27
Дата14.09.2023
өлшемі1,82 Mb.
#181125
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Бу ж не газ турбиналар

Газ турбиналы қондырғылар



    1. Газ турбиналы жылу тəсілдеме қондырғылары

Газ турбиналы қондырғының (ГТҚ) жұмысы Карно циклымен өтеді. Отын сорғымен, ал ауа компрессормен жану камерасына жіберіледі. Жану камерасынан шыққан жоғары қысымды жəне жоғары температуралы жану өнімдері газ турбинасында жұмыс атқарып, газ турбина роторын айналдырады сонымен электр генератор электр энергия өндіреді. Газ
турбиналы қондырғылардың ең қарапайым сұлбасы 12.1-суретте көрсетілген.

К-ауа компрессоры; ГТ-газ турбинасы; Г-электр генераторы; ПУ- оталдырғыш қондырғы (қозғалтқыш); Ф-ауа тазартқыш фильтр; КС-жану камерасы.



    1. Сурет - Газ турбиналы қондырғылардың (ГТҚ) ең қарапайым сұлбасы.

Газ турбиналы қондырғылардың бір неше түрлері болады – қарапайым, регенерациямен жəне екі валды, 12.2-сурет.
Қарапайым газ турбиналы қондырғыларларда жұмыс атқарған бірақ температурасы жоғары газдар газ турбинадан соң қоршаған ортаға тасталады. Сондықтан қарапайым газ турбиналы қондырғыларлардың тиімділігі төмен болады. Газ турбиналы қондырғыларлардың тиімділігін жоғарлату үшін регенерациясы бар əлде екі валды циклдар қолданылады. Регенерациясы бар циклда турбинадан шыққан газдар ауа жылытқыштан өтіп жану құбылысқа берілетін ауаны жылытады, сонымен газ турбиналы қондырғының тиімділігі өседі. Екі валды газ турбиналы қондырғыларда бір газ турбинадан шыққан газ екінші жану камерада қайтадан қыздырылып екінші газ турбинаға жіберіледі.
Регенерациясы бар жəне екі валды газ турбиналы қондырғылардың тиімділігі қарапайым газ турбиналы қондырғыларға қарағанда жоғары
болады.

а қарапайым; б регенерациямен; в екі валды жəне екі жану камералы.

    1. Сурет - Əр түрлі ГТҚ сұлбалары

АЖ-ауа жылытқыш; ГТ-газ турбинасы; Р-регенератор; АК-ауа компрессоры; ЭГ-электр генераторы; ОҚ-оталдырғыш қондырғы.



    1. Сурет - Жабық циклды ГТҚ сұлбасы

Газ турбиналы қондырғылар жағатын отын түрі өте сапалы болуы қажет, сондықтан газ əлде сұйық отын қолданылады. Қатты отын жағу үшін газ турбиналы қондырғыларды жабық циклды етіп жасауға болады. Бұл кезде жұмыс дене отыннан тек жылу алады, жану өнімдері (газ, күл) бөлек аластанады. Жұмыс атқарған дене қайта ошақтан жылу алып өтеді, сонымен цикл қайталанып отырады.
Қазіргі кезде бугаз турбиналы қондырғылар іске қосылды. Бұл кондырғыларда жоғары газқысымды бу генератор газ турбиналы циклына газ тəрізді жұмыс дене, ал онымен бірге бу турбиналы циклына бу тəрізді жұмыс дене өндіреді, 12.4-сурет.

1 – ауа кірісі; 2 - компрессор; 3 – отын кірісі; 4 – жоғары газқысымды бу генератор (қазан); 5 – газ турбинасы; 6 - регенератор; 7 – газ жолы; 8 – бу жолы; 9 - бу турбинасы; 10 – конденсатор; 11 – қоректендіру насос; 12 - регенеративті жылытқыш; 13 – электргенератор.



    1. Сурет - Бугаз турбиналы қондырғының сұлбасы

Бугаз турбиналы қондырғының тағы бір түрі - бұл газ турбинадан шыққан түтін-газдың бу қазанның ошағына жіберіліп, жылуы бу турбинада пайдаға асуы, 12.5-сурет. Бу қазанға газ аластайтын бугаз турбиналы қондырғының (12.5-суретті қара) ерекшілігі - бу қазанда қатты отын түрін қолдануға болатыны.

1-ауа кірісі; 2-компрессор; 3-отын кірісі; 4-бу қазан; 5-газ турбинасы; 6- регенератор; 7-газ жолы; 8-бу жолы; 9-бу турбинасы; 10-конденсатор; 11- қоректендіру сорғысы; 12-регенеративті жылытқыш; 13-электр генератор; 14,15-су жылытқыштар (экономайзерлер); 16-жану камерасы.



    1. Сурет - Бу қазанға газ аластайтын бугаз турбиналы қондырғының сұлбасы



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет