Республикасы


Ренкин циклының жылу үнемдiлiгiн көтеру əдiстерi



бет4/27
Дата14.09.2023
өлшемі1,82 Mb.
#181125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Бу ж не газ турбиналар

Ренкин циклының жылу үнемдiлiгiн көтеру əдiстерi


Ренкин циклының жылу үнемдiлiгi көбiнесе басындағы жəне аяғындағы бу көрсеткiштерiне байланысты, яғни турбинаға баратын будың қысымымен температурасы (Ро, to) жəне турбина конденсаторындағы бу қысымы Рк . Ренкин циклының жылу үнемдiлiгiне бу көрсеткiштерiнiң əсер беруiн Тs-диаграммада көруге болады, 1.5-сурет.


а)
а-будың цикл басындағы қысым өзгерiсi; б-температура өзгерiсi; в-будың цикл аяғындағы қысым өзгерiсi.

    1. Сурет - Ренкин циклының жылу үнемдiлiгiне бу көрсеткiштерiнiң əсер беруiнiң Тs-диаграммадағы көрiнiсi.

  1. Будың цикл басындағы қысымын көтеру.

Будың цикл басындағы қысымын Р1 ден Р1' дейiн көтерiп бу турбиналы қондырғылар циклының пайдалы əсер коэффициентiн (ПƏК) жоғарлатуға болады. Будың басындағы температурасымен (Т1) аяғындағы қысымы (Р2) тұрақты қалады (1.5 а суретті қара).
Будың цикл басындағы қысымы Р1 ден Р1' дейiн көтерiлген себептен Ренкин циклының ПƏК үлкейедi, бұл тек 10 МПа қысымына дейiн болады. Бiрақ будың цикл аяғындағы құрғақтығы азаяды (Х < Х2), сондықтан турбинаның қалақтары ылғалмен желiнiп оның жұмыс мөлшерi кемидi. Турбинаның шығыс жағындағы будың құрғақтық дəрежесi (Х) 0,88-0,9 араларында болуы қажет.

  1. Будың цикл басындағы температурасын көтеру.

Будың цикл басындағы температурасын Т1 ден Т1' дейiн көтерген себептен будың жылуқұламасы өседі сондықтан Ренкин циклының ПƏК жоғарлайды (1.5б суретті қара) жəне цикл аяғындағы құрғақтығы көтерiледі (Х> Х2). Турбинаның шығыс жағындағы будың ылғалдығы азайған себебiнен оның жұмыс атқаруы тиiмдiлеу болады.



  1. Будың цикл аяғындағы қысымын азайту.

Турбинаның конденсаторына баратын будың қысымын Р2 ден Р2' дейiн азайтқан себебiнен Ренкин циклының ПƏК жоғарлайды (1.5в суретті қара). Бұл конденсатордағы вакуумының мөлшерiн көтерген себебiнен.






  1. Буды қайта қыздыруын пайдалану.

Буды қайта қыздырудың жылу сұлбасы 1.3а-суретiнде көрсетiлген.
Ал буды қайта қыздыруымен Ренкин циклы 1.6-суретiнде көрсетiлген.






    1. Сурет - Бу турбиналы қондырғының буды қайта қыздыру циклы


    1. жəне 1.5-суретiндегi Ренкин циклының ПƏК бiраз көбейетiнi пайдалы жұмыс өсуiне байланысты, (пайдалы жұмыс өсуi 1.6-суреттегi штрихталған ауданға тең).


  1. Ренкиннiң конденсатқа жылу қайтару (регенеративтi) циклы.

Бу турбиналы қондырғылардың тиiмдiлiгiн көтеру үшiн турбинадан алынған буды жылытқыштарға жiберiп, қоректендiру суды жылытады. Бұл бу турбиналы регенеративтi қондырғы болады. 1.7-суретте бу турбиналы регенеративтi қондырғының сұлбасы жəне диаграммалардағы құбылыстары көрсетiлген. Электр қуатын өндiруге жартылай пайдаланған бу қалған жылу энергиясын циклға қайтарғанда өндiрiлген электр энергиясы үнемдi болады.



    1. Сурет - Регенеративтi цикл сұлбасы мен диаграммалары

Егер Ренкин циклы бiр регенеративті жылытқышты болса, оған α салыстырмалы бу шығысы жұмсалса, оның пайдалы жұмысы
l1 = α∙(h1 – hотб),
қалған бу (1 – α) турбинада толық пайдалы жұмыс атқарады
l2 = (1 – α)∙(h1 – h'2).

Жалпы циклдегi түгел пайдалы жұмыс мөлшерi


lо = l1 + l2 = α∙(h1 – hотб) + (1 – α)∙(h1 – h'2) = h1 – h'2 – α∙(hотб – h'2), (1.3)
ал 1 кг бу өндiруге жалпы түгел шығынданған жылу мөлшерi

(1.4)
q1 = h1 - h'отб ,



мұнда hотб – регенеративті будың энтальпиясы;
h'отб – регенеративтi будың конденсатының (шығының)
энтальпиясы;
h'2 – циклда толық жұмыс атқарған бу конденсатының энтальпиясы. Регенеративтi Ренкин циклының пайдалы əсер коэффициентi



, (1.5)
ηt = lo/q1 = [h1 – h'2 – α∙(hотб – h'2)]/(h1 – h'отб)



бұл формулада қоректендiру сорғының жұмысы аз болғандықтан есепке алынбаған.

  1. Бу турбиналық қондығылардың жылуландыру циклы.

Ренкин циклдарының ең көп шығындары (52-55%) турбинаның конденсаторындағы жылу шығыны. Бұл жылу шығыны салқындату су температурасына байланысты. Ең тиiмдi температура 20 оС, сонымен конденсатордағы бу көрсеткiштерi – қысымы Р2 = 4 кПа, ал қаныққан бу температурасы tн = 29 оС. Сондықтан конденсатордағы пайдасыз жылуды

азайту үшiн жылуландыру циклы пайда болды. Бұл жылу электр орталығы (ЖЭО) циклы. ЖЭО жалпы жылу сұлбасы 1.3,б-суретiнде көрсетiлген. Бұл сұлбада турбинадағы жартылай электр қуатын өндiрген бу тiке өндiрiске əлде жылуландыруға жiберiледi. Осы бу электр энергиясын да өндiрiп, қалған жылуды да пайдаға асырып циклға қайтарылады. Сондықтан жылуландыру циклының ПƏК-тi қарапайым циклдерге қарағанда жоғары болады.
1.8-суретiнде жылуландыру циклының Тs-диаграммадағы көрiнiсi көрсетiлген.



    1. Сурет - Жылуландыру циклының Тs-диаграммадағы көрiнiсi



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет