Турбиналардың қалақша торламаларының аэродинамикалық сипаттамалары
Бу турбиналарының айнымалы жұмыс тəртібін талдау үшін, пайдалы əсер коэффициентін, бу шығысын табу үшін турбина қалақшаларының аэродинамикалық сипаттамаларын білу керек. Қалақшалардың аэродинамикалық сипаттамалары деп түсінетініміз бұл жұмыс тəртібі мен геометриялық параметрлерімен байланысты коэффициенттері:
жылдамдық коэффициенттері φ мен ψ ;
энергия шығынының коэффициенттері ζс мен ζр ;
шығыс коэффициенттері μ1 мен μ2 ;
ағынның шығу бұрыштары α1 мен β2 .
Бу турбиналарының қалақшаларының жұмысын есептеу кезінде оларды біртекті ортада жұмыс атқарады деп санап, орташа көрсеткіштерімен сипаттайды. Біріншіден қалақтарының аралығының мөлшеріне t (адымына) қарап, ал екіншіден қалақшаларының биіктігіне ℓ байланысты көрсеткіштерінің орташа шамасын табады. Бу турбиналардың қалақшаларының саптамалы (соплолық) жəне жұмыс торламаларларының жылдамдық коэффициенттері келесі формулалар арқылы табуға болады:
φ = С1 /С1t ; ψ = w2 / w2t ,
мұнда С1 мен w2 ағын шығуының орташа нақты жылдамдықтары, ал С1t мен w2t изоэнтропиялық ағын шығуының орташа теориялық жылдамдықтары.
Бу турбиналарының қалақша торларының энергия шығынының коэффициенттері:
ζс = ∆hc /hoc ; ζр = ∆hp /hop ,
мұнда ∆hc , ∆hр - энергия шығынының мөлшері;
hoc , hoр – бар (барлық) энергия мөлшері.
Ағын шығуын біртекті деп санағанда энергия шығынының коэффициенттерін жылдамдық коэффициентері арқылы келесі формулаларымен табуға болады:
.
Шығыс коэффициенті деп түсінетініміз массалық шығыстың G
нақты шамасынның теориялық шығысындағы Gt бөлісі (қатынасы):
μ1 = G1 / G1t , μ2 = G2 / G2t .
Ағынның шығу бұрыштары α1 мен β2 жылдамдықтарының үшбұрышын салуына қажет, сондықтан олардың орташа шамасын қозғалыс мөлшерінің теңдеуімен алады.
Бу турбиналарының қалақшалар торларының ағын тəртібінің өзгеруі келесі көрсеткіштерімен байланысты:
Мах санымен M1t = C1t / a1 жəне M2t = w2t / a2 , кейбірде бу ағынының жылдамдығы C1 , w2 дыбыс жылдамдығына жетеді, бұл кезде ағын тəртібінің өзгеруін ескеру қажет;
ағынның кіру бұрыштары αо мен β1 , əсіресе биіктігі үлкен (желпуішке ұқсас - веерлы) қалақшаларға ескеру қажет;
Рейнольдс саны Re1 = жəне Re2 = ,
мұнда b – қалақшалар торының хордасы, ν – кинематикалық тұтқырлық қоэффициенті;
бу ылғалдығы, бұл жерде қалақшалар торының кірісіндегі бу ылғалдығының дəрежесін уо жəне у1 ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |